17. Ароматты аминдер Ароматты аминдердің алыну әдістері. Анилин, толуидиндер. Ароматты аминдердің химиялық қасиеттері. Қышқылдармен әрекеттесу, алкилдену және ацилдену реакциялары. Біріншілік аминдердің азотты қышқылмен минералдық қышқылдардың (тұз, күкірт) қатысуында әрекеттесуі. Анилиннің нитрленуі және сульфирленуі. Анилиннің тотығуы. Амин тобының негізділігіне бензол сақинасының әсері. Қара анилин. Анилинпластар. Бояғыштардың химиясы үшін анилиннің маңызы.
18. Диазо - және азоқосылыстар Диазоттану реакциясы, диазоний тұздарының құрылысы және олардың қасиеттері. Азот бөле жүретін ыдырау реакциялары (диазореакциялар). Азобояғыштар алудың негізіне жататын азоүндесу реакциясы. Органикалық қосылыстардың құрылысы мен бояуының арасындағы байланыс, хромофорлық теория, хромофорлық және ауксохромдық топтар туралы түсінік. Сульфотоптың бояғыштардағы ролі.