Бағдарламасы Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру-дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы



бет7/8
Дата16.04.2023
өлшемі36,11 Kb.
#174627
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мага ашық сабақ

Сабақтық шұғылданудың әр түрлілігі. Дене жаттығуларымен шұғылданудың сабақтық түрлерінің барлығын олардын бағыттына қарай жалпы дене дайындығы, спорт түрлерінен жаттығу сабақтары және кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабақтары деп бөлуге болады. Жалпы дене дайындығы сабағы балалар бақшасында, мектепте, жоғары және орта оқу орындарында жалпы дене дайындығы (Ж.Д.Д.) топтарында, ересек тұрғындар үшін, яғни барлық жастағылар санымен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін оқу материалының әр түрлілігі, оны меңгеру кешенділігі, біркелкі денеге берілетін жүктеме және басқа да бірқатар ерекшеліктеріне тән.
Спорттық жаттығу сабақтары тандап алған спорт түрлерімен шұғылданатындар жұмыста пайдаланылады: жеңіл атлетика, акробатика, гинастика, суға секіру және т.б. сабақтары. Әрбір жекелеген жағдайда олар жеке спорт түрлерінің ілімі мен әдістемесі жинағында мазмұндалған ерекше өткізу әдістемесін талап етеді. Мұндай сабақтар жаттықтырушылар мен спортшылардың бірлестіктегі шығармашылығын, жүктемені мөлшерлеу шамасына ерекше назар аударуын, жарақаттанудан сақтану жолдарын табуды міндеттейді.
Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы сабағы жеткіншектермен, жасөспірімдермен, үлкендермен өткізіледі. Бұл сабақтар үшін қозғалыс әрекеттеріне мазмұны ұқсас кәсіби еңбекке үйренуге тән.
Оқу жұмысының сипатына қарай сабақтар жаңа оқу материалын меңгеру сабағы, оны жетілдіру және бекіту сабақтары, аралас типтес сабақтар болып бөлінеді.
Жаңа материалды игеру сабағы үшін салыстырмалы кіші моторлы тығыздық тән, сол себепті түсіндіруге, көрсетуге, қозғалыстағы бірінші өрескел қателерді жөндеуге көп уақыт жоғалтады. Мұндай сабақтардың табысты болуы сабақ өтетін орынды дайындаудың ерекше мұқияттылығына байланысты.
Оқу материалын жетілдіру және бекіту сабағында, мысалы, жоғары дәрежелі спортшылармен жаттығу сабағында моторлы тығыздығы ең жоғарғы мөлшерге дейін өседі.
Бақылау сабақтары әдетте спорттық жарыстар түрінде өтеді. Бұл сабақтарда қатаң тәртіп, жарыс ережесіне сәйкестік, нәтижелерін дәл белгілеу қамтамасыз етілуі тиіс.
Дене тәрбиесі үшін бүтіндей алғанда аралас типтес сабақтар басымырақ тән (яғни бір сабақта жана материалды зерттеу, бұрын меңгергендерді жетілдіру және тексеру).
Сонымен бірге ерекше әдістемелік тәсілдер сабақты әр түрлі орында және әр түрлі уақыт жағдайында өткізуді талап етеді: спортзалда, спорт алаңында (стадионда), табиғи орындар жағдайында, қыста, жазда және маусым аралығында.
Сабақты спортзалда өткізуді ұйымдастыру, өте қолайлы болады. Салыстырмалы кіші жұмыс алаңы, көру аясының шектеулілігі, температураның тұрақтылығы сабақ міндетін шешуде оқушылардың назарын жақсы бейнеде шоғырландыруға мүмкіндік жасайды. Алайда ғимарат ішінде сабақ өткізудің елеулі кемшіліктері бар. Атап айтқанда, гигиеналық сипаттағы, яғни мұнда ғимарат ішіндегі жарықтың талапқа сәйкес еместігі, шаң, буланудан ауаның ластануы шұғылданушылардың жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді пайдаланып сабақты сыртта таза ауада өткізу дұрыс. Әрине, шұғылданушыларды ашық алаңда басқару қиынырақ. Бір жағынан сабақты өткізуге күн, желдің бағыты мен күші, бөгде заттар, оқушылардың назарын аудартатын көрермендер кедергі жасайды.
Дегенмен, бұл әдістемелік қиындықтар таза ауа жағдайындағы оқушылардың жұмыс қабілеттілігінің артуымен түгелдей есесі қайтады. Ашық аспан астында, таза ауада өткізілген сабақ, әсіресе, егер ол жыл бойы әр түрлі ауа райында өткізілсе шынығуға, денсаулығын нығайтуға жәрдемдеседі. Спорт ғимаратындағыға қарағанда таза ауада, ашық аспан астында өткізілген сабақта шұғылданушылар әдістер мен тәсілдерді жақсы меңгереді және барынша жоғары нәтижеге жетеді.
Табиғи орындар жағдайында сабақ өткізу үлкен дәрежеде жаттығуды түрлендіруге және ең бастысы оқушыларды өмірдегі қызмет ету жағдайына ете жақын жағдайға көшіреді. Табиғат аясында – сабақ өткізуге көптен шұғылданушыларды өмірге дайындаудың басты құралы ретінде маңыз берілген.
Сабақ өткізу үшін жергілікті жердің табиғи жағдайын пайдалану әдісі осы заманғы дене тәрбиесі жүйесінде кең қолданылып келеді. Мектепте, орта, жоғары оқу орындарында, әскерде табиғат аясындағы сабақтар міндетті түрде өткізіледі. Бұлай сабақ өткізу, әсіресе, спортта кең таралған.
Жергілікті жердегі қолайсыз ауа райы жағдайына сәйкес күні бұрын сабақ өткізілетін орынды дайындау және сабақ өтілетін орынды сынап көру, оқушыларға мұндай сабақтың пайдалылығын ұғындыру, олардың киімі жайлы және т.б. қамын ойлау өз жемісін береді. Дегенмен, көпшілік дене жаттығуларының әдістерін меңгеріп, сауатты орындау үшін арнайы жабдықталған сабақ өткізу орны талап етіледі. Сондықтан табиғи орындарда сабақ өткізуді спорт ғимараттарындағы және спорт алаңдарындағы сабақтармен ауыстырып өткізген дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет