«Көркем еңбек» оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
«Көркем еңбек» пәнінің маңыздылығы. Шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы жайлы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні елестету мен бақылау қабілетің, кеңістікте тану және көзбен көріп қабылдау қабілетін қамтамасыз ететін, әр түрлі шығармашылық әрекет барысында, көркемдік-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге себептеседі.
«Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты - жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістік - образдық ойлаудын, көркемдік - технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |