ұлттық және әлемдік мәдениет шығармаларын, олардың идеялары мен құндылықтарын зерделейді және талдайды;
шығармашылық жұмысты жасау үшін материалдар мен құралдарды дербес және сенімді қолданады, материал қасиеті мен жұмыс нәтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіндіреді;
өз идеясын түсіндіреді және тұжырымдайды, сонымен қатар бұйымды жақсарту үшін конструктивті шешім қабылдауды ұсынады;
жазық және көлемді шығармашылық жұмыстарды жасау үшін, әр түрлі іс-әрекет түрлерінен жинақтаған білімді және дағдыны қолданады;
өздігінен, әр түрлі ресурстарды пайдаланып, оның ішінде АКТ-ны қолдана отырып, танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушыдлық және адамгершілік сипаттағы міндеттерге байланысты шешімдерді өздігінен қабылдау;
қажетті құралдар және материалдарды айқындап және тауып, өзінің әрекетің ұйымдастырады;
өзінің және басқалардың жұмыс нәтижелерін салыстырады және бағалайды;
әр түрлі материалдар мен құралдарды қолданудағы техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығын түсінеді және сезінеді.