«Көркем еңбек» пәнінің міндеттері:
әр түрлі кіріктіру іс-әрекеттері арқылы, пәндік білімдерді, дығдыларды және қабілеттерді дамыту;
ұлттық және әлемдік көркем мәдениеті мен, өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
оқушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамытуға, терминдер мен түсініктерді меңгеріп өнердің түрлері мен жанырлары жайлы білімді қолдану;
бақылау, эксперемент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
әр түрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылық жұмысты жасау дағдыларын меңгеру;
өзін-өзі бағалауды жоғарлату және жағымды көзқарасты қалыптастыру;
коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, сонымен қатар көркем еңбектің рөлін түсіну;
өз жұмысын жасау үшін, әр түрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әр түрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігімен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау үдерісінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін және қабылдауын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |