4 – ші өздік жұмыстың тест сұрақтары (топ тізімінде 1, 3, 5, 7 нөмірлерде тұрған студенттер өсімдіктердің вегетативті мүшелері бойынша берілген 55 сұрақтың алғашқы 27 сұрағына, яғни 211 - 238 нөмірлі сұрақтарға, қалған 2, 4, 6, 8 нөмірлердегі студенттер 239 – 266 нөмірлі сұрақтарға жауап беруге тиісті. Әрбір сұрақтың нөмірі мен жауабы ғана көрсетіледі.)
@@@ Өсімдіктердің көбеюі және дамуы
$$$ 211
Жалаңаш тұқымдыларда тұқымбүрдің ішінде не түзіледі?
A. Споралар
B. Ұрық қалтасы
C. Тозаң
D. Микроспоралар
E. Тұқым қабықшасы
$$$ 212
Ұрық неден пайда болады?
A. Зиготадан
B. Эндоспермнен
C. Спорадан
D. Гаметадан
E. Жұмыртқа (аналық) жасушадан
$$$ 213
Гаметофит –
A. Гүлді шаңжапырақ
B. Споралы қауашақты плаун
C. Жоғарғы сатылы өсімдіктің жыныстық ұрпақтары
D. Өсімдіктің екі гаметасы қосылғанда пайда болатын ұрықтанған жасуша
E. Ылғалды ормандардың шаңжапырақтары
$$$ 214
Жемістің түзілуі:
A. Аталықтан
B. Аналықтан
C. Аналық түйіннен (жатыннан)
D. Аналық мойынынан
E. Кіріккен гүлтабаннан
$$$ 215
Аналық қызметі:
A. Бунақделелілерді еліктіреді
B. Тұқым, жеміс түзеді
C. Гүлді қорғау
D. Гүлді тігінен ұстап тұру
E. Тозаң түзу
$$$ 216
Бидайдың дәнегінің эндоспермасында хромосомалардың жиынтығы қандай болып келеді?
A. Гаплоидты
B. Диплоидты
C. Триплоидты
D. Тетраплоидты
E. Пентоплоидты
$$$ 217
Жабық тұқымдыларда аналығы не?
A. Тұқымбастамалар
B. Аналық
C. Ұрық қалтасы
D. Жұмыртқа жасушалары
E. Аталық
$$$ 218
Вегетативті жасуша мен генеративті жасуша гүлдің қай бөлігіне кіреді?
A. Ұрық қапшығына
B. Жұмыртқа жасушасына
C. Тозаңға
D. Микроспораға
E. Спермийге
$$$ 219
Жұмыртқа жасуша мен орталық жасуша гүлдің қай бөлігіне кіреді?
A. Ұрық қалтасына
B. Гаметаға
C. Тозаң түйіршіктеріне
D. Микроспораға
E. Тозаң
$$$ 220
Ұрықтанғаннан кейін тұқым тұқымбастамадан не түзіледі?
A. Тұқым
B. Зигота
C. Жеміс
D. Ұрық
E. Эндосперм
$$$ 221
Өсімдіктердің тұқымында қор заттың жиналуы:
A. Адам қоректену үшін
B. Ұрық қоректену үшін
C. Бүкіл өсімдік қорегі үшін
D. Жануар қорегі үшін
E. Микроағза қоректену үшін қолданылады
$$$ 222
Гүлдің қай мүшесі қорғаныш қызметін атқарады?
A. Аталық
B. Түйін
C. Тостағанша жапырақшалар
D. Аналық
E. Жіпше
$$$ 223
Гүл формуласы Ca(5) Co 1+2+(2) А(9)+1G1 қай өсімдікке тән?
A. Картопқа
B. Шалқанға
C. Алқорыға
D. Жоңышқаға
E. Түймедаққа
$$$ 224
↑P(2)+2 А3G1 – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
A. Астық
B. Лалагүлділер
C. Алқа
D. Күрделігүлділер
E. Бұршақ тұқымдасына
$$$ 225
*Са(5) Co(5) A5-∞ G(5) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
A. Раушангүлділер
B. Лалагүлділер
C. Күрделігүлділер
D. Көкнәрлер
E. Бұршақ тұқымдасына
$$$ 226
↑Са(5) Co1+2+(2) A(9)+1 G1 – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
A. Раушангүлділер
B. Жуалар
C. Күрделігүлділер
D. Көкнәрлер
E. Бұршақ тұқымдасына
$$$ 227
Са(0) Co(5) A(5) G(2) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
A. Раушангүлділер
B. Жуалар
C. Күрделігүлділер
D. Көкнәрлер
E. Ерінгүлділер
$$$ 228
*Р6 A3+3 G(3) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
A. Раушангүлділер
B. Жуалар
C. Алабұталылар
D. Көкнәрлер
E. Ерінгүлділер
$$$ 229
*Р2-5 A2-5 G(2-5) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
A. Раушангүлділер
B. Лалагүлділер
C. Алабұталылар
D. Көкнәрлер
E. Ерінгүлділер
$$$ 230
↑Са(2+3) Co(2)+(3) A2+2 G(2) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
A. Раушангүлділер
B. Лалагүлділер
C. Күрделігүлділер
D. Көкнәрлер
E. Ерінгүлділер
$$$ 231
Зигоморфты гүл қандай өсімдік түріне тән?
A. Алма
B. Крестгүлділер
C. Шие
D. Бұршақ
E. Қызғалдақ
$$$ 232
Актиноморфты гүл қандай өсімдік түірне тән?
A. Бұршақ
B. Қараған
C. Қызғалдақ
D. Жалбыз
E. Мия
$$$ 233
Гүл дегеніміз:
A. Жерасты өркен
B. Қысқарған түрі өзгерген өркен
C. Түрі өзгерген жапырақ
D. Сабақтың бөлігі
E. Түрі өзгерген басқа мүше
$$$ 234
Гүлдердің өте майда және айқын түсті болмауы, шірнеліктерінің (нектарник) нашар дамуы, тозаңдарының өте көп, кішкене болуы тозаңданудың қай түріне жатады?
A. Бунақдене арқылы тозаңдану
B. Жел арқылы тозаңдану
C. Құстар арқылы тозаңдану
D. Су арқылы тозаңдану
E. Өздігінен тозаңдану
$$$ 235
Бір гүлдегі аталық тозаңның аналық аузына келіп түсуін қалай атайды?
A. Өздігінен тозаңдану
B. Айқас тозаңдану
C. Табиғи тозаңдану
D. Қолдан тозаңдану
E. Бунақденелер арқылы тозаңдану
$$$ 236
Төменде берілген өсімдіктердің қай түрінде сүйекті-шырынды жеміс кездеседі?
A. Итмұрында
B. Шабдалыда
C. Картопта
D. Бидайда
E. Күнбағысты
$$$ 237
Жел арқылы тұқым мен жемістің таралу жолы қалай аталады?
A. Анемохория
B. Зоохория
C. Гидрохория
D. Энтомохория
E. Антропохория
$$$ 238
Жануарлар арқылы тұқым мен жемістің таралу жолы қалай аталады?
A. Анемохория
B. Зоохория
C. Гидрохория
D. Энтомохория
E. Антропохория
$$$ 239
Бунақденелілер арқылы тұқым мен жемістің таралу жолы қалай аталады?
A. Анемохория
B. Зоохория
C. Гидрохория
D. Энтомохория
E. Антропохория
$$$ 240
Су арқылы тұқым мен жемістің таралу жолы қалай аталады?
A. Анемохория
B. Зоохория
C. Гидрохория
D. Энтомохория
E. Антропохория
$$$ 241
Екіүйлі өсімдік:
A. Екі түрлі жемісі бар өсімдік
B. Бір гүлде тек біржынысты гүлі бар өсімдік
C. Бір гүлде тек аталығы немесе тек күлте жапырағы бар өсімдік
D. Бір өсімдікке екі түрлі гүлшоғыры бар өсімдік
E. Аталық және аналық гүлдері әр түрлі өсімдікте орналасқан өсімдік
$$$ 242
Қандай жемісте жеміс қабы жарғақты болып, ал тұқымдары еркін жатады?
A. Дәнек
B. Тұқымша
C. Жаңғақ
D. Қауашақ
E. Сүйекжемістер
$$$ 243
Қандай жемісте жеміс қабы сүректі, ал тұқымдары еркін жатады?
A. Дәнек
B. Тұқымша
C. Жаңғақ
D. Қауашақ
E. Сүйекжемістер
$$$ 244
Мына өсімдіктердің қайсысының тұқымы ақуызға бай?
A. Күнбағыс
B. Бидай
C. Бұршақ
D. Үрме бұршақ
E. Тары
$$$ 245
Тұқым неден пайда болады?
A. Аналықтан, аталықтан
B. Аналықтан
C. Жұмыртқа жасушасынан
D. Ұрық қапшығынан
E. Аталықтан (тычинка)
$$$ 246
Бұршаққап деген не?
A. Қабырғасындағы арнаулы тесіктен немесе сызаттан өте көп тұқымдары төгілетін құрғақ жеміс
B. Жеміс қабы тұқымымен бірікпеген құрғақ жеміс
C. Жеміс қабы мен тұқымы бір-бірімен бітісіп кеткен құрғақ жеміс
D. Ішінде тұқымдары орналасқан, қос жақтауы бар жеміс
E. Тұқымдары жақтаудың ішкі жағындағы жұқа пердеге орналасқан қос жақтаулы жеміс
$$$ 247
Бір немесе бірнеше жеміс жапырақшасынан тұратын, бір ұялы, жеміс серігі сүректенген жемісті көрсет:
A. Қанатты жеміс
B. Тұқымша
C. Дән
D. Жаңғақ
E. Қорапша
$$$ 248
Екі жеміс жапырақшасынан тұратын, бір тұқымды тұқым жеміс серігімен кірікпейтін, бос орналасқан жеміс түрі:
A. Қанатты жеміс
B. Тұқымша
C. Дән
D. Жаңғақ
E. Қорапша
$$$ 249
Бір тұқымды, екі жапырақшасынан пайда болған құрғақ жеміс. Жеміс серігі тұқым қабығымен бірігіп өсіп, жұқа қауызға айналған жеміс:
A. Қанатты жеміс
B. Тұқымша
C. Дән
D. Жаңғақ
E. Қорапша
$$$ 250
Жеміс серігінде қанатты жарғақ өскіншесі бар тұқымша:
A. Қанатты жеміс
B. Тұқымша
C. Дән
D. Жаңғақ
E. Қорапша
$$$ 251
Бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұратын түзілген көп тұқымды, жеміс серігі шырынды, жұқа экзокарпий қабаты шырынды мезокарпиймен біріккен жеміс түрі:
A. Алма
B. Жидек
C. Сүйекті жеміс
D. Померанец жемісі
E. Асқабақты жеміс
$$$ 252
Пайда болуына жатынмен бірге тостағанша, күлте жапырақшаларының және гүл аталықтарының негіздері қатынасатын, эндокарпийі етженді, әрі қалың мезокарпий қабатымен бірігін өскен, экдокарпийі бес ұялы қатты тері қабатты құрайтын, әрбір ұяда екіден тұқым орналасатын жеміс түрі:
A. Алма
B. Жидек
C. Сүйекті жеміс
D. Померанец жемісі
E. Асқабақты жеміс
$$$ 253
Осі жақсы жетілген, онда орналасқан гүл сағақтарының ұзындығы бірдей болып келетін гүл шоғырын ата:
A. Масақ
B. Қалқанша
C. Шатыр
D. Шашақ
E. Себет
$$$ 254
Гүлшоғырының негізгі сабағында гүл сағақтарының ұзындығы әртүрлі, төменірек орналасқан гүлдерінің сағақтары ұзарып, гүлшоғырлардың беткі деңгейімен бірдей болып теңелетін, сырттай қарағанда жай шатырша гүлшоғырына ұқсас, гүлдері бір деңгейде орналасатын гүлшоғырды ата:
A. Масақ
B. Қалқанша
C. Шатыр
D. Шашақ
E. Себет
$$$ 255
Гүлшоғырының негізгі осі қысқарған, дәл ұшынан ұзын, әрі біркелкі сағақты гүлдері бір жерден шығатын, бір деңгейде аяқталатын гүл шоғырын ата:
A. Масақ
B. Қалқанша
C. Шатыр
D. Шашақ
E. Себет
$$$ 256
Гүлшоғырларының осі қысқарған, үстіңгі беті жазық, ойыс және дөңес болатын, ұсақ қондырмалы гүлдері тығыз орналасқан, жиегін жасыл түсті орама жапырақтары қоршап тұратын, олар қорғаныш қызметін атқаратын гүл шоғырын ата:
A. Масақ
B. Қалқанша
C. Шатыр
D. Шашақ
E. Себет
$$$ 257
Гүлшоғырының негізгі осі бұтақтанатын, екінші жүйедегі бұтақшаларда сағақты гүлдер орналасатын гүлшоғырды ата:
A. Күрделі қалқанша
B. Күрделі шашақ
C. Күрделі масақ
D. Күрделі себет
E. Күрделі шатыр
$$$ 258
Гүлшоғырның негізгі осі моноподиальды бұтақтанып, жанама тармақтарды беретін, жанама тармақтарда гүл сағақтарының ұзындығы әртүрлі гүлдер орналасқан, гүлшоғыры осінің үстіңгі бөлігінде орналасқан гүлдердің сағақтары қысқа, төменгі гүлдердің сағақтары ұзын болатын гүлшоғырды ата:
A. Күрделі қалқанша
B. Күрделі шашақ
C. Күрделі масақ
D. Күрделі себет
E. Күрделі шатыр
$$$ 259
Гүлшоғырының қысқарған негізгі осінен ұзындығы бірдей, екінші реттегі осьтер пайда болатын, оларды сағақтары біркелкі гүлдер орналасатын, гүлсағақтарының түп жағында жекеленген орама жапырақшалар кездесетін гүл шоғырды ата:
A. Күрделі қалқанша
B. Күрделі шашақ
C. Күрделі масақ
D. Күрделі себет
E. Күрделі шатыр
$$$ 260
Негізгі осі моноподиальды бұтақтанып, жанама тармақтарды беретін, жанама тармақтарда сағақсыз бірнеше гүлдер орналасатын гүл шоғырды ата:
A. Күрделі қалқанша
B. Күрделі шашақ
C. Күрделі масақ
D. Күрделі себет
E. Күрделі шатыр
$$$ 261
Гүлшоғырының қай түрінде жуан және ұзын, ортақ осіне даражынысты гүлдері сағақсыз орналасады?
A. Жолжекеннің жай масағында
B. Жүгері собығында
C. Теректің сырға гүлінде
D. Мойылдың шашақ гүлшоғырында
E. Күнбағыстың себет гүлшоғырында
$$$ 262
Жемісі қауашық қайсысында?
A. Сасық меңдуана, жауқазын, темекі
B. Кекіре, асбұршақ, меңдуана
C. Кәдімгі шомыр, қоңыраугүл, үрмебұршақ
D. Шалғам, орамжапырақ, сәбіз
E. Шалқан, итмұрын, алқа
$$$ 263
Репродуктивті мүшелерді ата
A. Бүршік
B. Жеміс, тұқым, жапырақ
C. Гүл, жеміс, тұқым
D.Тамыр, сабақ
E. Өркен, гүл
$$$ 264
Екіүйлі өсімдік:
A. Екі түрлі жемісі бар өсімдік
B. Бір гүлде тек бір жынысты гүлі бар өсімдік
C. Бір гүлде тек аталығы немесе тек күлте жапырағы бар өсімдік
D. Бір өсімдікке екі түрлі гүлшоғыры бар өсімдік
E. Аталық және аналық гүлдері әр түрлі өсімдікте орналасқан өсімдік
$$$ 265
Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктердің спораларынан не түзіледі?
A. Өскін
B. Спора
C. Зигота
D. Гамета
E. Балдырлар
$$$ 266
Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктердің зиготаларынан не түзіледі?
A. Гаментангиялары бар жыныстық ұрпақ
B. Спорангиялары бар жыныссыз ұрпақ
C. Спора
D. Гамета
E. Өскін
Достарыңызбен бөлісу: |