Бағдарламасы «Өсімдіктер систематикасының үлкен практикумы»


Плаундар бөлімі.Плаундар тұқымдасы (1 сағат)



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#34936
түріБағдарламасы
1   2   3

Плаундар бөлімі.Плаундар тұқымдасы (1 сағат).


Плаундар бөлімінің негізгі ерекшеліктерімен танысу. Мысалы ретінде түйреуіш тәрізді плаунды қарастыру қажет.

Тапсырма:

1.Гербарийде берілген плауындардың бірнеше түрін пайдалана отырып, морфологиялық құрлыстарымен танысыңыз.

2. Плауын тәрізділердің споралы масақтарының құрлысын (спорофилл, спорангий, спора) лупа арқылы қарап , сүретін салыңыз. Тең және әртүрлі споралық қасиеттеріне көңіл бөлу қажет.

3. Түйреуіш тәрізді плауын мен селагинелла даму циклін схема түрінде көрсетіңіз.

4. Гербарийде берілген плауындар түрлерін анықтаңыз


Тақырып бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Плауынтәрізділердің анатомиялық және морфологиялық құрлыстары.

  2. Түйреуіш тәрізді плауын мен селагинелланың даму циклін салыстырыңыз.

  3. Споралы масақтарының құрлысы.

  4. Плауынның сабағының құрлысы.

  5. Плауындардың аталық және аналық өскіншесінің құрлысы. Селагинелланың аталық өскіншесінің құрлысы.

  6. Селагинелланың даму циклі.

  7. Плауындардың мүктерден негізгі айырмашылықтарын атаңыз.

  8. Плауындардың классификациясы.

9. Қазбалардан табылған(сигиллярия,астероксилон т. б.) плауын тәрізділердің негізгі қасиеттері. Жер шарында кең таралған түрлерге: Түйреуіш тәрізді плаун-плаун булавовидный (Lycopodium ciavatum), жылдық плаун- плаун годичный ( Lecopodium annotinum), баранец плауыны- плаун баранец (L.complanatum), селаго тәрізді селагинелла - силегинелла селаговидная( Selaginella selaginoides), қабысқан плауын-плаун сплюснутый ( L. Complanatum) т. б. түрлерін білу қажет.

11 Зертханалық сабақтар (2 сағат)



Тақырыбы:Папоротниктер (Pteridophyta) бөлімі

Тапсырма:

1. Еркек папоротниктің жалпы құрлысы (жапырағы, тамырсабағы, тамыры, сорустары).

2.Тұрақты немесе уақытша препараттан еркек папортниктің сорустары мен спорангияларының құрлысын микроскоп арқылы қарап, сүретін салыңыз.

3. Сальвинияның жалпы құрлысы. Мегаспорангий және микроспорангийлерінің ұзындығынан кесіндісін микроскоп арқылы қарап, суретін салыңыз.

4. Сальвиния мен еркек папоротниктің даму циклін схема түрінде көрсетіңіз.

5.Гербарийде берілген папоротниктердің бірнеше түрлерін анықтаңыз.

Тақырып бойынша қайталау сұрақтары:



  1. Папоротниктің спорофитінің құрлысы және экологиясы.

  2. Гаметофитінің құрлысы.

  3. Жүзгіш сальвинияның негізгі ерекшеліктері және көбейу жолдары.

  4. Сорустарының құрлысы.

  5. Сабағының анатомиялық құрлысы.

  6. Тең және әртүрлі споралы папоротниктердің даму циклі.

  7. Орляқ,костенец, адиантум, щитовник сияқты туыстарға қысқаша сипаттама

  8. Сальвинияның микро-мегасорустарының құрлысы.

  9. Папоротниктің гаметофитінің құрлысы.

Оранжерияларда жиі кездесетін өсімдіктердің қатарына радди адиантумы- адиантум радди (Adiantum raddianum), шаштәрізді асплениум- асплениум волосовидный ( Asplenium trichomanes), аналық кочедыжник- кочедыжник женский (Athyrium filix-femina ) түрлерімен қатар, табиғатта жабайы кездесетін жүзгіш сальвиния- сальвиния плавающая ( Salvinia natans), кәдімгі орляк- орляк обыкновенный ( Pteridium aquilinum), еркек папоротник –щитовник мужской( Dryopteris filix-mas) т. б. түрлерін білу қажет.

12,13,14,15 Зертханалық сабақтар (8 сағат)



Тақырыбы:

Тұқымды өсімдіктер.Жалаңаш тұқымдылар бөлімі. (2 сағат)

(Gymnospermae немесе Pinophyta).

Тапсырма:



  1. Кәдімгі қарағайдың спиртте фиксацияланған аталық бүрінің ұзындығынан кесіндісін жасап, микроскоп арқылы микроспорофилде орналасқан микроспорангийді қарап суретін салыңыз.

  2. Аталық тозаңның тұрақты немесе уақытша жасалған препарат арқылы құрлысымен танысыңыз. Микроскоптың үлкен обьектісі арқылы тозаңның екі ауа толған қапшығы, интин және экзин қабаттарына көңіл бөліңіз.

  3. Тұрақты препартты қолдана отырып кәдімгі қарағайдың тұқым бүршігінің құрлысымен танысыңыз. Тұқым бүршігінің интегумент, нуцеллус, микропиле, эндосперм, және архегонияларының суретін салып белгілеу қажет.

  4. Кәдімгі қарағайдың спиртте фиксацияланған аналық бүрінің ұзындығынан кесіндісін жасап, микроскоп арқылы микроспорофилдерде орналасқан тұқым бүршігін иненің ұшымен жекелеп алып қарау қажет.

  5. Гербарийде берілген эфедраның құрлысымен танысыңыз(аталық және аналық өркендері, микроспорангиялары).

  6. Жергілікті флорада кездесетін шырша, қарағай, арша, қылша, самырсын т. б. гербарийде берілген өсімдіктердің төменде көрсетілген белгілеріне көңіл аударыңыздар: а) жапырақтарының орналасуы; б) бүрлерінің құрлысы, жабынды және тұқымды қабыршақтарының формалары; в) бүрлердің орналасуы, мөлшері.

7. Гербарийде берілген өсімдіктерді анықтаңыз Кәдімгі қарағайдың даму циклін схема түрінде көрсетіңіз.
Қайталау сұрақтары:

  1. Жалаңаш тұқымдыларға тән қасиеттер.

  2. Кәдімгі қарағайдың аталық және аналық бүрінің құрлысы.

  3. Жалаңаш тұқымдылардың классификациясы

  4. Жалаңаш тұқымдылардың тұқым бүршігінің құрлысы.

  5. Жалаңаш тұқымдылардың тозаңдануы және ұрықтануы қалай жүреді.

  6. Неге қылқан жапырақтыларды жалаңаш тұқымдыларға жатқызамыз.

  7. Қылқан жапырақтылардың морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері.

  8. Жалаңаш тұқымдылардың негізі тұқымдастары және олардың географиялық таралуы және халық шаруашылығында маңызы.

  9. Гнетталықтар класының негізгі қасиеттері.

10.Эфедраның сыртқы морфологиялық құрлысы, көбейуі.

11.Саговниктер тұқымдастарының ерекшеліктері ( замия, цикас, бовения)

12. Араукария тұқымдасының ерекшеліктері (агатис, араукария)

13. Тисстер тұқымдасының ерекшеліктері ( тисс, торрия)

14.Қарағайлар тұқымдасының ерекшеліктері ( Тсуга, қарағай, самырсын, шырша, кедр, балқарағай ).

15. Кипаристер тұқымдастары (кипарис, туя арша)

16.Таксоидтар тұқымдасының ерекшеліктері (секвоия, метосеквоия. . 17.Араукария (Araucaria), агатис (Agathis), подокарпус ( Podocarpus), торрея (Torreya), тсуга (Tsuga), секвойя (Sequoia ), криптомерия ( Cryptomeria), шырша –ель ( Picea), балқарағай- лиственница (Larix), кедр (Cedrus) самырсын- пихта (Avies) т. б. түрлерінің латынша, қазақша атауларын білу керек.

16,17,18 Зертханалық сабақтар (8сағат)



Тақырыбы: Жабық тұқымды өсімдіктер

Қос жарнақтылар (Dicotyledoneae ) класы (3 сағат).

Ранункулидтер ( Ranunculidae ) класс тармағы.

Сарғалдақтар ( Лютиковые- Ranunculaceae) тұқымдасы.

Гүлінің формуласы: *СА5 СО5 А~ G~

Тапсырма:

1. Сарғалдақтар тұқымдасының гүлсерігі қарапайым( калужница, ломонос, василистник); гүлсерігі қосарланған(сарғалдақ туыстары) және гүлі зигоморфты( живокость) өсімдіктердің құрлыстарына қысқаша сипаттама беріңіз

2.Сарғалдақтар тұқымдасының бір түрінің гүлінің диаграммасын көрсетіңіз.

3.Гербарийде берілген өсімдіктерді анықтаңыз. Олардың қазақша, орысша және латынша атауларын көрсетіңіз.
Тақырып бойынша қайталау сұрақтары.;

1.Сарғалдақтар тұқымдасының экологиясы және биологиясы.

2.Сарғалдақтар тұқымдасын неге қос жарнақтылар арасындағы қарапайым формадағы өсімдіктер деп қарайды.

3.Екі тұқымдас тармағының арасындағы айырмашылықтарға қандай белгілер жатады.

4.Улы түрлерін атаңыз.

5.Жеміс және гүлшоғырларының түрлері

6.Қазақстан флорасында кездесетін түрлері.

Бұл тұқымдасқа: азия күнгелдісі (купальница азиятская- Trollius asiaticus ), егістік соданасы (чернушка полевая- Nigella sativa ),биік тегеурінгүл ( живокость высокая- Delphinium elatum), көктемгі жанаргүл( горицвет весенний – Adonis vernalis), күйдіргіш сарғалдақ (лютик жгучий -Ranunculus flammula), улы сарғалдақ ( лютик ядовитый -R. scleratus), тілік құндызшөп ( сон трава ,немесе прострел многонадрезеанный-Pulsatilla multirida), кәдімгі таушымылдығы ( пион немесе марьин корень (Paеonia anomala) т. б. түрлерін білу қажет.


Көкнәр гүлділер (Papaverales ) қатары

Көкнәр (маковые-Papaveraceae) тұқымдасы.

Гүлінің құрлысы: * СА 2 СО2+2 A~ G(2)

Тапсырма:

1. Берілген өсімдіктердің - гүл, гүлшоғыры , жемісі және тұқымының құрлысының сүретін салып белгілеңіз.

2. Гербариде берілген өсімдіктерді анықтағыштарды қолдана отырып анықтаңыз.


Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Көкнәр тұқымдасының биологиялық ерекшелігі.

2.Казақстан флорасында кездесетін тұқымдастарға тән түрлер(латынша ,қазқша және орысша атаулары3.Көкнәр тұқымдасының медицинадағы маңызы.

4.Үлкен сүйелшөпке сипаттама.

5.Апиын көкнәрінің құрлысы.

6. Көкнәр тұқымдасының жиі кездесетін түрлеріне: апиын көкнәрі ( мак снотворный -Papaver somniferum), үлкен сүйелшөп ( чистотель майский- Chelidonium maius), сеппелі көкнәр ( мак самосейка- Papaver rhoeas), кәдімгі мүйіз көкнәр (дымянка аптечная- Fumaria officinalis) т.б. түрлері мысалы бола алады.


Тақырыбы:

Гамамелидтер (Hamamelididae) класс тармағы.

Шамшатгүлділер қатары.

Қайыңдар (Березовые –Betulaceae) тұқымдасы.

Аталық гүлінің формуласы:*Р 2 А 2 G 0

Аналық гүлінің формуласы:*Р 0 А0 G (2 )төменгі жатын.

Тапсырма:

1. Қайыңның аталық сырғасы дихазий гүлшоғырын схема түрде көрсетіңіз.

2.Аналық дихазий гүлшоғырының құрлысымен танысып, ондағы орналасқан гүлдердің саны және жабынды қабықшасын қарап, гүлінің диаграммасын құру қажет.

3. Гүлденген , жеміс түзген, жапырақтары орналасқан бүршіктері бар әртүрлі бұтақтарының морфологиялық сипаттамасы.

4.Гербарийде берілген өсімдіктерді анықтау.


Тақырып бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Қайыңдар тұқымдасының биологиясы және экологиясы.

  2. 2. Жемістеріне тән қасиеттер. Жемістерінің таралуы.

  3. Қайыңның гүлдерінің құрлысы

5.Аталық және аналық сырғаларының құрлысы.

6. Қайыңдар тұқымдастарына жататын түрлер: үлкен қайың ( береза пушистая- Betula pubescens, орман жаңғағы (лещина обыкновенная, орешник,орех лесной- Corylus avellana ), граб(граб- Carpinus betulus), қара қандағаш ( ольха черная - Alnus qlutinosa) т. б.



Кариофиллидтер класс тармағы Caryophyllidae

Қалампыргүлділер қатары Caryophyllales

Қалампыр тұқымдасы ( Гвоздичные-Caryophyllaceae)

Гүлінің формуласы: * СА5 СО5 А5+5 G(2-5) .

Жемісі қорапша, олар тістер немесе бүтін қақпақшалар арқылы ашылады, сол сияқты жемісі сирек жағдайда жаңғақ, жидек тәрізді. Тапсырма:

1. Қалампыр, аққаңбақ, жұлдызшөп тағы басқа өсімдік гүлдерінің құрлысымен танысып, диаграммасын көрсету керек.


  1. Гербарийде берілген өсімдік түрлерін анықтау қажет.

Қайталау сұрақтары:



  1. Қалампыр тұқымдастарының жалпы биологиялық қасиеттері

  2. Тұқымдас тармақтары және олардың ерекшеліктері.

  3. Қалампыр тұқымдастарының гүлінің құрлысы.

  4. Шаруашылықтағы маңызы.

Қазақстан флорасында кездесетін өкілдерінің экологиясы және кездесуі. Қалампыр тұқымдастарының жиі кездесетін жабайы түрлеріне:дымқыл жұлдыз шөп( звездчатка мокрица- Stellaria media), тегіс грыжник (грыжик гладкий-Herniaria glabra), шалғындық қалампыр (гвоздика луговая Diathus pratensis ), кәдімгі сабыншөп (мыльнянка обыкновенная- Saponaria officinales ) еңкіш сылдыршөп( смолевка поникающая- Silena nutans) тағы басқалары жатады.


Алабұталар (маревые- Chenopodiaceae) тұқымдасы.

Гүлдерінің формуласы:* Р(5) тостағанша тәрізді А5 G(2-5)

Жемісі жаңғақ, кейде қорабша немесе жидек түрінде болады.

Тапсырма:


  1. Кәдімгі алабұта жапырағында түзілген түктер және « түйіншелер» түрінде масақ күрделі гүлшоғырының құрлысымен танысып, схема түрінде көрсетіңіз.

  2. Гербарийде берілген өсімдік түрлерін анықтау қажет.

1 Қайталау сұрақтары.



  1. Алабұталар тұқымдасының жалпы қасиеттері

  2. Шөл және шөлейтті аймақтарда өсетін туыстастары мен түрлері.

  3. Шаруашылықта қолданатын түрлер.

  4. Гүлінің құрлысы , гүлшоғырларының түрлері.

5. Біздің флорада жиі кездесетін түрлеріне құм ебелегі (рогач песчанный -Ceratocarpus arenarius), кәдімгі қызылша (свекла обыкновенная –Beta vulgaris), итсигек бүйіргін( ежовник безлистый- Anabasis aphylla), лессинга қараматау (камфоросма лессинга- Camphorosma Lessingii), жатаған изен ( кохия стелющаяся – Kochia prostrata), кәдімгі алабұта (марь белая- Chenophodium album ) т. б.

Диллениидтер (Dilleniidae) класс тармағы

Құлқайыргүлділер (Malvales) қатары

Құлқайырлар ( Мальвовые-Malvaceae) тұқымдасы

Гүлінің формуласы: * Са3(3), (6-10)+5 СО5 А (~)G(~)

Тапсырма:

1.Құлқайыр тұқымдасының гербарийде немесе спиртте фиксацияланған өкілінің гүлі құрлысы және диаграммасын көрсетіңіз.

2.Анықтағыштарды қолдана отырып гербарийде берілген өсімдік түрлерін анықтау қажет.

Қайталау сұрақтары:

1.Құлқайыр тұқымдасының биологиялық және экологиялық ерекшеліктері.

2.Мақта туыстастарының түрлері.

3. Құлқайыр тұқымдасының ауыл шаруашылығында маңызы.

4. Мақта гүлінің құрлысы.

5. Құлқайырлардың жиі кездесетін түрлер қатарына: кәдімгі мақта ( хлопчатник немесе упланд белеющий- Gossypium hirsutum), жюмель мақтасы ( хлопчатник жюмеля- Gossypium iumelianum), кенеп (кенаф- Hibiscus cannabinus), бамия (бамия- Hibiscus esculentus), орман құлқайыры (мальва лесная -Malba silvestris), дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный- Althaea officinalis ) т.б. жатады.




Сүттіген гүлділер (молочаецветные-Euphorbiales ) қатары.

Сүттігендер ( молочайные- Euphorbiaceae) тұқымдасы .

Тапсырма.

1.Циацииге жинақталған гүлдердің диаграммасы көрсетіңіздер.

2.Гербарийде берілген өсімдіктер түрлерін анықтаңыздар.


Қайталау сұрақтары.

  1. Сүттегендер тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері

  2. Гүлінің құрлысы, гүлшоғырларының түрлері

3.Жемістерінің түрлері.

4.Шаруашылықта қолданатын түрлерін көрсетіңіз.

5. Кейбір түрлері : ұсақ жеміс сүттегені (мелкоплодный молочай-Euphorbia microcarpa), зеравшан сүттегені ( молочай зеравшанский- Euphorbia sclerocyathium), кәдімгі кенедән немесе кастор ағашы( клещевина обыкновенная- Ricinus communis), қиғаш хрозофора( хрозофора косая-Chrozophora sabulosa) .


Асқабақ гүлділер (Cucurbitales ) қатары

Асқабақтар ( тыквенные- Cucrbitaceae) тұқымдасы

Аталық гүлінің формуласы *СА(5) СО(5) А (2)+ (2) G O

Аналық гүлінің формуласы * Са (5) СО(5) А0 G(3)

Тапсырма:



  1. Тұрақты немесе уақытша препарттардан аталық және аналық гүлдердің құрлысымен танысып , сүретін салу керек.

  2. Қияр гүлінің тігінен кесінд і құрлысын схема түрінде көрсетіңіз.

  3. Гербарийде берілген өсімдік түрлерін анықтау қажет.

Қайталау сұрақтары:



  1. Асқабақтар тұқымдасына тән қасиеттер.

  2. Асқабақтар тұқымдастарының өкілдері , таралуы.

  3. Гүлінің құрлысы,тозаңдануы және жемісі.

  4. Жабық тұқымдастар системасындағы алатын орны.

  5. Ауыл шаруашылығындағы маңызды түрлері: сеппелі қияр (огурец посевной – Cucmis sativus), кәдімгі асқабақ ( тыква обыкновенная-C. pepo ), кәдімгі қарбыз( арбуз обыкновеннный- Citrullus vulgaris), қауын ( дыня- Melo sativus) т. б.



Каперсагүлділер (каперсоцветные- Capparales) қатары.

Крестігүлділер (крестоцветные –Brassicaceae)тұқымдасы.

Гүлінің формуласы:* СА2+2 СО2+2 А2+4 G(2).

Тапсырма:

Белгілі бір түрдің гүл және гүлшоғырының құрлысын лупа арқылы қарау қажет. Гүлдің диаграммасын көрсетіңіз.


  1. Екі жақтауы арқылы ашылатын; бүтіндей ашылмайтын, көлденең перделер арқылы бір тұқымды бунақтарға бөлінген бұршаққын жемісті түрлер.

  2. Аралары жіңішке немесе жалпақ перделер арқылы бөлінген және екі жақтаулары арқылы ашылатын, жаңғақша тәрізді ашылмайтын, бунақтанған бұршаққап жемісі тән түрлер.

  3. Гербарийде берілген өсімдік түрлерін анықтаңыз.

Қайталау сұрақтары:



  1. Капустаның түрлері және олардың құрлыстары.

  2. Крестігүлділер тұқымдастарының жалпы қасиеттері

  3. Гүлдерінің құрлыстары.

  4. Жемістері қандай белгілеріне байланысты ажыратылады.

  5. Жиі кездесетін түрлер: кәдімгі жұмыршақ ( пастушья сумка- Capsella bursa pastoris), егістік яруткасы( ярутка полевая- Thlaspi arvense), көк шатырша ( икотник серый –Berteroa incana), кәдімгі сурепка ( сурепка обыкновенная- Barbarea vulgaris) т. б.Тамақ өнеркәсібінде қолданатын түрлері.



Тал гүлділер ( Salicales ) қатары

Талдар (Salicaceae) тұқымдасы

Гүлдерінің формуласы: аталық гүлі* Р о А2Gо , аналық гүлі *Ро АоG(2)
Тапсырма:

1.Тал және теректің гүлінің құрлысымен танысып диаграммалары көрсетіңіз.

2.Гербарийде берілген өсімдік түрлерін анықтаңыз.

Қайталау сұрақтары:

1.Тал тұқымдасының негізгі биологиялық ерекшеліктері.

2.Терек гүлінің құрлысы.

3.Талдар тұқымдасының шаруашылықтағы маңызы.

4. Олардың кең тараған түрлері: көк Терек ( осина-Populus tremula), қара терек ( тополь черный, осокарь P. niger), ақтал,әулие ағаш, сауыт тал (ива белая,ветла-Salix alba ), көкшіл тал (ива сизая-S. glauca), сабау тал (ива прутовидная-S. viminalis) т. б.



Раушан гүлділер(розоцветные- Posales ) қатары

Раушандар ( розоцветные- Posaceae) тұқымдасы.

Гүлінің формуласы:* Са(5)СО5 A~ G~

Тұқымдас тармақтарына байланысты аналықтарының саны бірден шексіздікке дейін өзгеріп отырады.

Тапсырма:

1.Әртүрлі тұқымдас тармақтарына жататын (тобылғы,қазтабан, шетен, өрік) өсімдік түрлерінің гүлдерінің құрлыстарын салыстырып гүлдердің диаграммасын көрсетіңіз.

2.Гербарийде берілген раушангүлділер тұқымдасына жататын түрлерді анықтау қажет.
Қайталау сұрақтары:

1.Раушангүлділер тұқымдасының негізгі биологиялық ерекшеліктері.

2.Өріктер тұқымдас тармақтарының ерекшеліктері және өкілдері.

3.Қызыл кітапқа кірген кейбір өкілдеріне қысқаша сипаттама.

4.Раушандар мен алмалар тұқымдас тармақтарының негізгі ерекшеліктері және өкілдері.

5.Жемістерінің түрлері.

6.Сүректі , бұталы түрлері.

7. Жиі кездесетін түрлері: қатарына талжапырақты тобылғы ( спирея иволистная-Spiraea salicifolia), кәдімгі таңқурай ( малина обыкновенная- Rubus idaeus),алтыкүлтелі лабазник (лабазник шестилепестный- Filipendula hexapetala), итмұрын ( роза собачья-Rosa canina), үй алмасы (яблоня домашняя- Malus domestica) дәрі шелнесі (кровохлебка аптечная- Sanguisorba officinalis) т.б.



Бұршақ гүлділер (Leguminosae Fabales) қатары

Бұршақ( Fabaceae,Papilionaceae) тұқымдасы.

Гүлінің формуласы СА(5)СО(5) А5+5G1

Тапсырма.

1.Бұршақ тұқымдасы түрлерінің(беде, қараған,чина) гүлі мен жемісінің құрлысын анықтаңыздар.

2.Берілген өсімдіктер гүлдерінің диаграммасын көрсетіңіз.

3.Гербарийде берілген өсімдіктер түрлерін анықтаңыз.

Қайталау сұрақтары:

1.Бұршақ тұқымдастарының халық шаруашылығындағы маңызы.

2.Бұршақ тұқымдасының биологиясы және экологиясы.

3.Осы тұқымдасқа тән ағаштар мен бұталар түрлері.

4. Қазақстан флорасында жиі кездесетін түрлер: ақ бед (клевер белый- trifolium repens ), дәрі түйежоңышқа (донник лекарственный –Melilotus officinalis), тікенді лотус ( лядвенец рогатый-Lotus corniculatus), бұта қараған( карагана кустарник-Caragana frutex) , ақ шеңгел (шенгил серебристый- Halimodendron halodenndron) , суық астрагал ( астрагал холодный –Astragalus frigidus), тышқан сиыржоңышқа (вика мышиный-Vicia cracca L). т. б.



Аралиягүлділер(Araliales) қатары.

Шатыршалар (Umbelliferae немесе Apiaceae) тұқымдасы..

Гүлінің формуласы: * Са(5-0) СО5 А5 G(2)

Тапсырма.



  1. Лабораториялық сабақ кезінде берілетін атлас, таблица, анықтағыш т. б. оқу құралдарын қолдана отырып, бірнеше өсімдіктерге толық морфологиялық сипаттама беріңіз.

  2. Сасық сасыр,аскөк гүлдерінің диаграммасын көрсетіңіз.

  3. Гербарийде берілген өсімдік түрлерін анықтаңыз.

Қайталау сұрақтары.



  1. Шатыршагүлділер тұқымдастарының биологиялық ерекшеліктері.

  2. Сасырлар туыстарына құрлысы және экологиясы.

  3. Гүл, гүлшоғыры және жемісінің құрлысы.

4.Улы өсімдіктер түрлері.

5. Жиі кездесетін түрлерге: ірітостағаншалы көкбас ( синегоовник крупночашечный –Eryngium macrocalyx), қысқасабақты аюбалдырған (дягель короткостебельный-Archangelica brevicaulis),сары володушка ( володушка золотистая –Bupleurum aureum), кәдімгі тмин ( тмин обыкновенный-Carum carvi), кәдімгі петрушка (петрушка обыкновенная-Petroselinum crispum),ербиген тырнашөп ( жабрица торчащая-Seseli strictum) сасық сасыр ( ферула вонючая-Ferula assa-foetida) т. б.


Астеридиялықтар ( Asteridae ) класс тармағы

Көкшегүлділер (Polemoniales) қатары

Айлауықтар( Boraginaceae) тұқымдасы

Гүлінің формуласы:*СА(5)Со(5)А5 G(2)

Тапсырма.



  1. Бірнеше өсімдік түрлерінің гүлдерінің құрлысымен танысу қажет.

  2. Гүлдің диаграммасын көрсетіңіз.

  3. Гербарийде берілген өсімдіктерді анықтау қажет.

Қайталау сұрақтары.



  1. Айлауық тұқымдастарының жалпы биологиялық ерекшеліктері.

2.Тұқымдасқа жататын түрлер , оларға қысқаша сипаттама.

3. Гүл және жемісінің құрлысы.

4.Тастанды жерлерде өсетін түрлерін атаңыз.

5. Айлауық тұқымдасы өкілдеріне: дәрілік қаратамыр чернокорень лекарственный-Cynoglossum officinale), дала ботакөзі ( незабудка полевая-Myosotis arvensis), қарақоңыр ноннеасы ( ноннеа темно—бурая- Nonnea pulla), кәдімгі көкбасгүл (синяк обыкновенный-Echium vulgare), дәрілік анхуза( анхуза лекарственная-Anchusa officinalis) т. б.



Сабынкөктер(Scrophulariales) қатары

Алқалылар(Solanaceae) тұқымдасы

Гүлінің формуласы:*Са(5)Со(5) А5 G(`2)

Тапсырма:

1.Гербарийде берілген бірнеше өсімдік түрлерінің вегетативтік органдарына қысқаша сипаттама беріңіз

2.Картоп және темекі гүлдерінің диаграммасын көрсетіңіз.

3.Гербарийде берілген өсімдік түрлерін анықтаңыз.
Қайталау сұрақтары:

1.Алқалылар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері.

2.Гүлінің құрлысы.

3.Дәрілік өсімдіктер түрлері.

4. Темекі туысы,түрлері.

5.Қазақстан флорасында жиі кездесетін жабайы өсімдіктер түрлерге: қара меңдуана (белена черная -Hyoscyamus niger), сасық меңдуана (дурман обыкновенный-Datura stramonium) т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет