Бағдарламасы Өскемен 2021 Айдарбаева Р



бет1/31
Дата14.12.2021
өлшемі61,31 Kb.
#126584
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан бағдарламасы





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

Р. Айдарбаева


Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мемлекеттік емтиханға арналған жұмыс бағдарламасы

ӨСКЕМЕН


2021

Айдарбаева Р.

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы: Мемлекеттік емтиханға арналған жұмыс бағдарламасы. – Өскемен: ШҚМТУ, 2021 - 18 бет.



«Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» кафедрасының отырысында бекітілген «___»________20___ ж.

©ШҚТУ, 2021



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ

1 модуль. Қазақстандағы тәуелсіздіктің алғы шарттары: ұлттық қозғалыстар мен мемлекет құру идеяларының кезеңдері
1.1 «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің қоғамдық-тарихи тұлғаны қалыптастырудағы маңызын анықтаңыз.

Қазіргі кездегі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні туралы түсінік. Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру мәселелері. Қазақстанның бүгінгі таңдағы ұлттық тарихының өзекті мәселелері. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің басты мақсаты мен міндеттері: бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
1.2 Қазақстан тарихы дүниежүзілік адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі екендігін дәлелдеңіз. Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің қайнар көздері, дамуы және ұрпақжалғастығы. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар (үйсіндер, қаңлылар, ғұндар). Ерте орта ғасырлардағы (VI – X ғғ.): Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Карлук қағанаттары, оғыздар мен қимақтар мемлекеттері. Дамыған орта ғасырлық мемлекеттер(XI – XIII ғғ. басы): Қарахан мемлекеті, Қыпшақ хандығы. Монғолдардың жаулап алуы (ХIII ғ. басы), оның салдары. Қазақстан монғол ұлыстарының құрамында. Алтын орданың құрылуы және құлауы. XIV – XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер: Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан.
1.3 Қазақстанда отарлауға қарсы XVIII - XIX ғасырдың басындағы ұлттық көтерілістердің (қозғалыстардың) мақсаттары, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығын анықтаңыз.

Ұлт-азаттық қозғалыстың анықтамасы, оның негізгі белгілері. Ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштер мен күрес тәсілдеріне байланысты кезеңдерге бөлінуі. Қазақстан аумағындағы негізгі ұлт-азатық көтерілістер және олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері. Сырым Датұлы (1783—1797 жылдары), Исатай Тайманұлы (1836—1838 жылдары), Кенесары Қасымұлы (1837—1847 жылдары), Есет Көтібарұлы (1847—1858 жылдары) және Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856—1857 жылдары) бастаған көтерілістер. ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс. Кеңестік билік жағдайында ұлт-азаттық күрес мәселелері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет