Бағдарламасы Оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 4-сыныбына арналған Павлодар, 2008



Дата31.12.2019
өлшемі74,5 Kb.
#54296
түріБағдарламасы
Павлодар облысының білім беру департаменті

Педагог мамандар біліктілігін арттыру институты


Қазақ тілі

бағдарламасы
Оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін

мектептердің 4-сыныбына арналған


Павлодар, 2008

Құрастырушы:

Маней Риза, Павлодар облысының Ақтоғай ауданының білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері

Түсінік хат


Бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Жалпы орта білім беру ғылыми-зерттеу институты даярлаған «Орыс, ұйғыр, өзбек тілді мектептердегі қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартының» негізінде жасалған бағдарламаны басшылыққа ала құрастырылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» заңы әдіснамалық басшылыққа алынды. Аталған стандартқа сәйкес бағдарламаның білім мазмұнының бағыттары мынадай мақсаттарды көздейді.

- оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш мектеп оқушыларының лексикалық минимум бойынша екшеліп алынған сөздерді пайдаланып, қазақ тілінде екеуара сұхбат жүргізе алуы;

-қоршаған орта тақырыптары аясында қазақ тілінде сөйлеуді біртіндеп меңгеруі;

-туып-өскен өлкесінің табиғатының, халқының, тарихы, мәдениеті, өркениеті, дүниетанымы, салт-дәстүрінің ерекшеліктерін білуі;

- жергілікті өнер тарландарын, дара тұлғаларыд танып білуі;

Осы мақсатты жүзеге асыру жолында алға қойылатын міндет-оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.

Бастауыш сатыда дәстүрлі тәсіл «грамматика» арқылы тіл үйрету тәсілі қолданылмайды. Тіл үйрету сөйленім арқылы ғана жүргізіледі.Оқушыларға дайын сөйленім үлгілерінің жүйесі беріледі де, оның грамматикалық табиғаты(атаулар мен ережелер) қалыс қалып отырады. Қазақ тілінің грамматикасынан (фонетикасынан) мәлімет 4-сыныпта танымдық деңгейде ғана кірістіріледі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту түрлерін, әдістерін, технологияларын таңдап алуда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгім ен құра беруіне мүмкіндік береді.


Оқушы нені білуі тиіс:

. тақырыптар аясындағы сөздердің үндесім айтылымын меңгеріп, олардың мағынасын

білу.


/Тақырып бойынша өтетін сөздердің нақты санын және меңгеретін сөздерді алдын ала анықтау мұғалімнің міндеті./

. қазақ тілінде айтылған, жазылған сөздерді тыңдай білу, ұғыну, түсіну сөйлесе білу (диалог), дұрыс оқу, сөзді, сөйлемді дұрыс жазу дағдысын игеру.

* тақпақ, өлең, жұмбақ жаттау арқылы оқушының тілін ширату.



БІЛІМ МАЗМҰНЫ
/Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан/
Лексикалық материал.
-мемлекет аттары;

-жүз, ру, ұлыс, тайпа атаулары;

-туыс-жақын атаулары;

-ел билеуші көсемдерінің атаулары /титул/;

-елді мекен, аймақ, облыс қала атаулары;

-адам аттары;

-дене мүшесінің атаулары;

-тамақ атаулары;

-жеміс-жидек атаулары;

-сәулет өнерінің бұйымдарына қатысты атаулар;

-табиғат атаулары;

-өсімдік атаулары;

-аң-құс, балық атаулары;

-мамандық атаулары;

-ғылыми атақ-дәреже, марапат, орден, белгі аттары

-тілдік, әдебиет, тарих, география, музыка, жануартану ғылымдарының терминдері;

-топонимикалық атаулардың шығу тарихы;

-ән, күй, музыкалық аспап атаулары;

-қолөнеріне қатысты атаулар;

-қосымша тілдк материал: тақпақ, өлең, жұмбақ, мақал-

мәтел, сөзжұмбақ, бата.

-сапа, сынды білдіретін сөздер;

-сан есісдер;

-есімдіктер;

-өлшем атаулары;

-түс атаулары;

-әрекет сөздер;

-сұрау сөздер;

-көмекші сөздер;

-күнделікті сабақта қолданылатын сөздер;



І модуль Туған жер –алтын бесік -23 сағат
1-2-сабақ Туған жер –алтын бесік

3-6-сабақ Ертіс өзені

1-2-сабақ Шығыс Қазақстан облысы

4-сабақ'>3-4-сабақ Семей қаласы

5-сабақ Қозы Көрпеш –Баян сұлу

1-сабақ Павлодар облысы

2-сабақ Павлодар қаласы

3-сабақ Саяхат сабағы

4-сабақ Жер жаннаты –Баянауыл

5-сабақ Жасыбай көлі

1-3-сабақ Менің туған жерім –Ақтоғай

4-сабақ Жандарбек мешіті

5-сабақ Жандарбек мешітінің имамы
ІІ модуль Отан үшін күрес –ерге тиген үлес -5 сағат
1-3-сабақ Серікбай Мүткенов

4-5-сабақ Махмет Қайырбаев
ІІІ модуль Ел іші -өнер кеніші -4 сағат
1-сабақ Майра Шамсүтдинова

2-сабақ Жаяу Мұса

3-4-сабақ Естай Беркімбаев
ІҮ модуль Сөз зергерлері -18 сағат
1-сабақ Абайдың ата-баба шежіресі

2-5-сабақ Абай Құнанбайұлы

6-сабақ Шәкәрім Құдайбердіұлы

1-3-5-сабақ Мұхтар Әуезов

4-сабақ «Абай жолы» -ұлы шығарма

6-сабақ Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы

1-сабақ Жүсіпбек Аймауытұлы

2-сабақ «Шернияз» ...пьесасы

3-сабақ Сұлтанмахмұт Торайғыров

1-3-сабақ Қимадиден Нығманұлы

Ү модуль Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді -2 сағат
1-сабақ Қаныш Сәтбаев

2-сабақ Әлкей Марғұлан
ҮІ модуль Ұстазсыз -шәкірт тұл -4 сағат
1-сабақ Қабдыкәрім Ыдырысов

2-сабақ Ата жұртқа оралу

3-сабақ Рақметұлы Мәненқабдыл

4-сабақ Тасболат Шаяхметов

ҮІІ модуль Әр елдің салты басқа -2 сағат
1-сабақ Қазақ дастарқаны

2-сабақ Қазақ халқының қолөнері
Қайталау, тіл дамыту -5

Нәтиже, бақылау сабақтары -7


Фонетика мен грамматикалық тұрғыда 4-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы мен стандартқа қосымша білім мазмұны бұл бағдарламада қаралмады.

Әр мәтіндегі сөздер саны шамамен 15-60 сөз.

Жыл бойында игеруге тиісті жаңа сөз саны шамамен

200-210 сөз.

Әрбір сабақта берілетін жаңа сөз саны шамамен 1-8 сөз.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ тілі оқу пәнінен жалпы орта білім беру стандарты 1-4-сыныптар. 2004ж.

2. Оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін

мектептердің 1-4-сыныбына арналған бағдарламалар. Алматы, «РОНД» 2003

3. А.Қайырбекова. Қазақ тілі оқулықтары 1-4-сыныптар. Алматы, «Атамұра», 2003, 2004, 2005.



4. З.Махадил. Оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 1-4-сыныбына арналған бағдарламалар. Павлодар, ПМБАИ, 2007.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет