Бағдарламасы Құрастырған: Айгумусовав Асемгуль Бейсенбаевна


көз көргіштіктің инерциясы, оның стробоскоп пен кинода қолдануы



бет6/6
Дата27.01.2023
өлшемі47,48 Kb.
#166565
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8-сыныпта физиканы тереңдетіп оқыту
8 сынып КТЖ
көз көргіштіктің инерциясы, оның стробоскоп пен кинода қолдануы;
ақ жарықтың спектрге жіктелуі;
кемпірқосақ;
спектрдің көрінбейтін бөліктері.
2) көрсетілімдер:
жарықтың шағылу заңы;
жазық айнадағы кескін;
жарықтың сыну заңы;
линзаның көмегімен кескін алу;
3) лабораториялық жұмыс:
3-1) № 11 лабораториялық жұмыс:
шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;
3-2) № 12 лабораториялық жұмыс:
линзаның көмегiмен кескiн алу;
4) практикалық жұмыстар:
жарық құбылыстары.
Уақыт қоры (7 сағат)
.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

8-сынып оқушылары білуі тиіс:



  1. ғылыми білім санаты (фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялық қорытындылар);

  2. ғылыми таным әдістері (бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, зерттеулердің қорытындысы және оларды тексеру);

  3. ұғымдар(заттың дискреттік құрылысы; жылулық қозғалыс; молекулалар қозғалысының жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны өзгертудің тәсілі ретінде; жылу өткізгіштік; конвекция; сәуле шығару; жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы; калориметр; отынның меншікті жану жылуы; заттың агрегаттық күйлері; қатты денелер; кристалл және аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті балқу жылуы; сұйық; булану; конденсация; қайнау; қайнау температурасы; меншікті булану жылуы және конденсацияның меншікті жылуы; газ; газдың көлемі және қысымы; газ және бу ұлғайғандағы жасалынатын жұмыс; іштен жану двигателі; жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті; денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядтарының екі тегі, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, кернеулік, потенциал, электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы; электр тоғы: тоқтың бағыты, тоқ күші, электр тізбегі, электр кернеуі, электр кедергісі, меншікті кедергі, өткізгіш, диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, тоқ көздері, тоқтың жұмысы мен қуаты; газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод);

  4. шамалар (ішкі энергия, температура, жылу мөлшері, отынның меншiктi жану жылуы, меншікті жылу сыйымдылық, меншікті балқу жылуы, меншікті булану жылуы, ауаның ылғалдылығы, электр заряды, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электр тогының жұмысы және қуаты, линзаның фокустық арақашықтығы).

  5. заңдар (молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, жылулық және механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу, Кулон, Ом, Джоуль-Ленц, электролиз).

8-сынып оқушылар меңгеруі тиіс:

  1. пайдалана алуы: табиғат құбылыстарын ғылыми зерттеу әдістері, бақылау жүргізу, эксперименттерді жоспарлап және орындау, өлшеу нәтижелерді өңдеу, формулалар, кестелер, графиктер арқылы ұсыну, физикалық шамалар арасында тәуелдiлiк орнату, алған нәтижені түсіндіру, қорытынды жасау, өлшеу нәтижесіндегі қателіктерді бағалау;

  2. қолданыстарын білуі: жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылығы, электр құбылысы бойынша теориялық білімдерін әр түрлi жұмыс салаларында өмірлік тәжірибеде шешу үшін;

  3. физикалық құбылыстарды сипаттау және түсіндіреу:физикалық құбылыс, диффузия, заттың агрегаттық күйлері, жылу берілудiң түрлерi, жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену, булану, конденсациялану, қайнау, балқу, кристалдану, денелердің электрленуі, электр зарядының әрекеттесуі, магниттердің әсерлесуі, тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, токтың жылулық әсері, электромагниттік индукция, шағылу, жарықтың сынуы және шағылуы, дисперсиясы.

  4. физикалық шамаларды өлшеу үшін физикалық құралдар мен өлшеу аспаптарын қолдану: қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ток күші, кернеу, электр кедіргісі, электр тогының жұмысы мен қуаты, электр тоғы;

  5. өлшеу нәтижелерін кесте, сызба, графиктер көмегімен және эмпирикалық тәуелділіктер негізінде көрсету: суыған дененің температурасының уақытқа тәуелділігі, заттың агрегаттық күйi өзгерiсіндегі заттың температурасының уақытқа тәуелдігі, тізбектегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі, түсу бұрышының шағылу бұрышына , шағылу бұрышының түсу бұрышына тәуелділігі;

  6. келтіре білуі: физикалық шамалардың өлшем бірліктерін және өлшеу нәтижелерін ХБ жүйесіне.

Қолданылған ресурстар:



  1. Физика: Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013.

  2. «Физика және астрономия» 8-сынып оқулығы.-Алматы, «Мектеп»-2016. Б.М.Дүйсенбаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова.

  3. «Физика в школе»: Библиотека учителя физики. Сборник норм. документов/Сост. Н.А.Ермолаева, В.А.Орлов.-Москва:Просвещение, 1987.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет