3.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 3.1.Пәннің қысқаша мазмұны:
«Қазіргі заман деңгейінде биологиягы оқыту әдістемесі» оқу пәні «Биология» саласы бойынша магистрлерді кәсіптік даярлауда негізгі бөлімі болып табылады. Магистранттарда кәсіптік компетенциялардың қалыптасуы үшін бағдарламаға пәнді арнайы маман бойынша дайындау үшін қажет кәсіптік бағыттағы мазмұннан тұрады.
3.2. Пәнді оқытудың мақсаты:
Биологияны оқытудағы теориялық негіздерін ашу, биология бойынша түсіндірілетін процестердің заңдылықтарын бекіту және биологиялық материалдар негізінде магистранттарды тәрбиелеу. Биология бойынша оқу-әдістемелік процестің ерекшеліктері туралы қазіргі заман деңгейінде нақты түсінік қалыптастыру.
3.3. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:
әдістемелік ойлауды қалыптастыру.
биологиялық білімнің, заңдылықтардың, принциптердің, оларды жүзеге асырудағы әдістер мен оқыту түрлерінің мақсатын анықтау;
қазіргі заманғы педагогикалық парадигмаға сәйкес келетін оқу-әдістемелік процестің ұйымдастыру мен басқарушылық дағдыларын дамыту;
3.4 Пәнді оқып-білудің нәтижесінде магистрант міндетті:
білуге: оқыту және тәрбиелеу процестерінің мәнін; бұрынғы және қазіргі оқу мен тәрбие процестерінің жүйесін; биология және оқыту әдістемесі бойынша жаңа ғылыми жетістіктерді; сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудегі жалпы сұрақтарды;
істей алу: өзінің педагоникалық іс-әрекетін жоспарлай, ұйййымдастыра және анализдей алуы тиіс;
меңгеру: оқытудың әртүрлі әдістемелерін;
Курстың пререквизиттері:
3.5.1.Педагогика
3.5.2.Психология.
Курстың постреквизиттері: жоқ