1.2 Пәнді оқытудың міндеттері -негізгі стехиометриялық химиялық заңдарды меңгеру кезінде іскерліктерді қалыптастыру , осы заңдарды химиялық теңдеулер бойынша химиялық есептерді шешу кезінде қолдана білу ; химияның жалпы заңдылықтарын игеру, сонымен қатар атом молекулалық ілімді, периодтық жүйенің құрылысын және заңын, химиялық реакциялардың термодинамикасын, энтальпия, энтропия, Гиббс энергиясы, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын және химиялық кинетикасын, химиялық тепе-теңдікті, ерітінділер теориясымен таныстыру; кешенді қосылыстар табиғатын;тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіруін білу және зерделеу, өздерінің білімдерін арттыру үшін химиялық әдебиеттерді қолдана білу және тәжірибелік дағдыларды иемдену.
2. 5В011200- «Химия» мамандығының білім беру бағдарламасының құрылымындағы пәннің орны
«Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» таңдау пәні базалық кезеңге жатады және « Математика, физика және химия негіздері» модулі болып 5В011200- «Химия» мамандығың білім бағдарламасына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |