ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
Пән атауы: Оптика
Кредиттер саны: 3
Шифр- мамандық атауы: 5В011000 – «Физика»
Факультет, кафедра: жаратылыстану-математика, физика
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласыныңШӘКӘРІМатындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
Силлабус
|
Силлабус
042.17-5-2.18-33.42 /02 -2016
|
Пәннің оқу бағдарламасы (силлабус)
|
№ 1 басылым
09.06. 2016 ж.
|
Семей 2016
Алғысөз
1 КЕЛІСІЛДІ
Құрастырушы
Аға оқытушы
Қасымханова К.А. _____________ « 02.09.» 2016 г.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра отырысында
Хаттама « 09» 06. 2016 жыл, № 11.
Кафедра меңгерушісі: Маусымбаев С.С.______________
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында _____________
Хаттама «08.» 06. 2016 жыл, №5.
Төраға: Абдишева З.В ______________
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама «09» 06. 2016 жыл, №6.
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор:
Искакова Г.К. ______________
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 4
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ
БӨЛУ 6
КУРС САЯСАТЫ 9
БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ 10
ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ- РЕСУРСТАР 11
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Оқытушы және пән туралы мәліметтер
Оқытушының аты – жөні, тегі: Қасымханова Күләш Ағыбаевна
Лауазымы: аға оқытушы
Факультет, кафедра: жаратылыстану-математика факультеті, "физика" кафедрасы
Байланыс ақпараты - тел. 773358, e-mail: kulash.48@mail.ru
№3 оқу ғимараты, 304 кабинет.
1.2. Пәннің қысқаша мазмұны:
«Оптика» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы білім алушыларды дайындау барысында маңызды орын алады және 5В01100-«Физика» мамандығында оқитын студенттер үшін базалық пәндер блогының таңдаулы компоненті болып табылады.
Жарық жөніндегі ілімнің дамуына қысқаша тарихи шолу. Жарықтың электромагнитгік табиғаты. Фотометрияның негізгі ұғымдары. Геометриялық оптиканың негізгі қағидалары мен заңдары. Негізгі анықтамалар. Электромагнитгік толқындардың заттармен әсерлесуі. Ортаның электрлік және оптикалық қасиеттері. Жарық интерференциясы. Жарық дифракциясы. Жарық поляризациясы. Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы. Сәуле шығару түрлсрі. Жарықтың әсері. Жарық жылдамдығы, оны өлшеу әдістері.
«Оптика» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген құжаттардың негізінде әзірленді:
5В011000 - «Физика» мамандығының МЖБС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызындағы № 1080 қаулысы.
5В01100 - «Физика» мамандығы үшін «Оптика» пәнінің оқу бағдарламасы (алғаш рет енгізілген, 09.06.2016, №6).
1.3. Пәнді оқып-білудің мақсаты:
- білім алушыларға жарықтың табиғаты жайлы және оның затпен
әсерлесуі мен таралуында байқалатын негізгі құбылыстар мен
заңдылықтарды түсіндіру.
интерференция, дифракция, поляризация және геометриялық оптиканың негізгі заңдылықтарына сүйеніп жұмыс істейтін құралдардың жұмыс істеу принципін үйрету.
жарықтың жұтылуы, сәуле шығаруы, шашырауы мен шағылуына негізделген ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру. Лазерлердің жұмыс істеу принципі мен оның құрылымы және ғылым мен техникада қолдану жолдарын үйрету.
1.4. Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:
- оптиканың негізгі әдістері арқылы методологиялық жалпылау тәсілдерін, физикалық ұғымдар мен принциптерін қолдануын, олардың қазіргі ғылым және техникамен байланыстығын көрсету керек;
- білім алушылар оптиканың негізгі ұғымдары мен негізгі заңдарын білуі тиіс, оптикада шешілетін мәселелерді қоя біліп шешу әдістерін үйренуі керек, әрбір жеке физикалық жүйелер параметрлерінің гаусстық және халықаралық бірлік жүйесі бойынша алынған сан мәндерін таба білуі керек.
1.5. Оқып-білудің нәтижелері:Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:
Білу:
-негізгі физикалық заңдылықтарлы, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, олардың математикалық сипатталуын;
орындай алу:
физикалық приборлармен жұмыс істеуді, физиканың нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;
құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, белгілі бір нақты процестерде
параметрлердің өзгерісіне талдау жасай білуі,
- статистикалық әдісті қолдана білуі;
- құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен
жұмыс істей білуі;
дағдысының болуы:
- физикалық эксперименттердің техникасын меңгеруі, термодинамилық параметрлерді, тұрақтыларды процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,
- компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі.
1.6. Курстың пререквизиттері:
1.6.1 электр және магнетизм
1.7. Курстың постреквизиттері:
1.7.1 атом және атом ядросы физикасы
1.8. Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:
1 Кесте
Курс
|
Семестр
|
Кредиттер
|
Дәріс,
сағ.
|
СПС,
сағ.
|
ЗЖ,
сағ.
|
БӨЖ,
сағ.
|
Бар-лығы
сағ.
|
Қорытынды бақылау түрі
|
2
|
4
|
3
|
15
|
15
|
15
|
90
|
135
|
емтихан
|
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
№
|
Тақырыптардың атауы және олардың мазмұны
|
Сағат саны
|
Әдебиеттер
|
дәріс
|
машықтану
|
зертханалық
|
БӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
МОДУЛЬ 1. Жарық шамаларын олшеу.Сәулелік оптика негіздері
|
1
|
Дәріс№1. Кіріспе.Оптика пәні.
Фотометрия.
Машықтану сабағы №1. Жарық шамаларын есептеу
ЗС. № 1 «Зертханалық жұмыстарды жасау әдістемесі, өлшеу нәтижелерін өңдеу. Зертханалық жұмыс нәтижелерін жазу»
|
1
|
1
|
1
|
6
|
6.1.2.
43-62 беттер
6.1.4.
І тарау.3-25 беттер
6.1.7
213-215 беттер
|
22 2
|
Дәріс № 2.Геометриялық оптика
Өздік жұмыс №2.
Машықтану сабағы №2. Оптикалық жүйелер
ЗС. № 2 «Шамның жарық күшін Луммер – Бродхун фотометрімен анықтау»
|
1
|
1
|
1
|
6
|
6.1.4.ІV тарау. 65-96 беттер.
6.1.7.
|
МОДУЛЬ 2. Жарықтың толқындық қасиеттері. Поляризация құбылысы
|
3
|
Дәріс № 3.Жарық интерференциясы
Машықтану сабағы №3. Жарық интерференциясы
ЗС. №3 «Жұқа линзалардың қисықтық радиусын және сыну көрсеткішін анықтау»
|
1
|
1
|
|
6
|
6.1.2.76-78 бб.
6.1.4.ІІ тарау.
27-37 беттер.
6.1.7.
215-219 бб.
|
3
4
|
Дәріс № 4.Жарық интерференциясы
Машықтану сабағы №4. Бірдей қалыңдық жолақтары. Бірдей көлбеулік жолақтары
|
1
|
1
|
|
6
|
6.1.4.-
ІІ тарау. 38-45 беттер.
|
5
|
Дәріс № 5.Жарық дифракциясы.
Машықтану сабағы №5. Жарық дифракциясы
ЗС. №4 «Жұқа линзалардың фокус аралығын анықтау»
|
1
|
2
|
2
|
6
|
6.1.4.-
ІІІ тарау. 46-54 беттер.
6.1.7.
|
6
|
Дәріс № 6. Оптикалық голография әдісі
Машықтану сабағы №6. Жарық дифракциясы
ЗС. №6 «Ньютон сақиналары әдісімен жарық толқыны ұзындығын анықтау»
|
1
|
1
|
1
|
6
|
6.1.2.235-241б.
6.1.4.ІІІ тарау. 54-64 беттер.
6.2.8. 6.3.1.
117-118 беттер
|
7
|
Дәріс № 7.Жарықтың изотропты және анизотропты орталарда таралуы.
Машықтану сабағы №7. Жарық поляризациясы.Зертханалық сабақ №7 «Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындығын анықтау »
|
1
|
1
|
2
|
6
|
6.1.4.-
V тарау. 101-115 беттер.
7.1.7. 6.3.1.
|
8
|
Дәріс № 8.Кристаллооптика негіздері. Жасанды анизотропия
Машықтану сабағы №8. Жарықтың изотропты және анизотропты орталарда таралуы
ЗС. № 8«Малюс заңын тексеру»
|
1
|
1
|
2
|
6
|
6.1.4.-
V тарау. 115-124 беттер.
6.1.7.
|
9
|
Дәріс № 9 Жарықтың дисперсиясы, жұтылуы және шашырауы.
Машықтану сабағы №9. Жарықтың дисперсиясы
ЗС. № 9«Сахариметрдің көмегімен қант ертіндісі концентрациясын анықтау»
|
1
|
1
|
2
|
4
|
6.1.4.-
VІІтарау. 147-168 беттер.
6.1.7.
6.3.1.
|
МОДУЛЬ3. Жарық толқынының заттармен әсерлесуі. Сәуле шығару түрлсрі
|
10
|
Дәріс № 10 Сәуле шығару түрлері Өздік жұмыс № 3.
Машықтану сабағы №10. Жарықтың жұтылуы және шашырауы
|
1
|
1
|
|
6
|
6.1.4.169-178б.
6.1.7. 296 -298 беттер
|
11
|
Дәріс № 11 Люминесценция. ОК
Машықтану сабағы №11. Жылулық сәуле шығару заңдары
|
1
|
1
|
|
6
|
6.2.8.157-159б.
6.1.4.191-196б.
6.1.7.298-301б.
|
МОДУЛЬ 4. Жарықтың кванттық қасиеттері
|
12
|
Дәріс № 12.Жарықтың әсерлері
Машықтану сабағы №12.Фотоэффект заңдары.
ЗС. №10 «Оптикалық пирометрдің көмегімен Стефан-Больцман тұрақтысын анықтау»
|
1
|
1
|
2
|
6
|
6.1.4.ІХт. 180-186 б. 6.3.1.
|
13
|
Дәріс № 13. Комптон құбылысы. Жарық қысымы
Машықтану сабағы №13. Жарық қысымы.
|
1
|
1
|
|
6
|
6.1.4.ІХ т. 187-191 б.
6.2.8.144-146 б
|
1114
|
Дәріс № 14.Жарықтың қозғалыстағы орталарда таралуы
Машықтану сабағы №14.Комптон эффекті
ЗС. №11. «Жарық жылдамдығын анықтау»
|
1
|
2
|
2
|
6
|
6.1.2.441-466б.
6.1.4.VІ тарау. 125-137 б-тер. 6.3.1.
|
115
|
Дәріс № 15. Бейсызықты оптика негіздері
|
1
|
|
|
6
|
6.1.2.820-828б.
6.1.4.
VІ т. 130-132б. 6.3.1.
|
|
Барлығы
|
15
|
15
|
15
|
90
|
|
2.1. 1-2 аралық бақылау тапсырмалары
№1 аралық білімді бақылау тапсырмалары мен сұрақтары:
Жарықтың техникалық және энергетикалық шамалары. Жарық шамаларының бірліктері
Жарық шамаларын өлшеу әдістері
Тербелістер мен толқындардың когеренттілігі
Жарық интерференциясын бақылау әдістері
Монохроматты емес жарықтың интерференциясы
Оптикалық жарық жолы.
Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялану шарттары.
Бірдей қалыңдық жолақтары мен бірдей көлбеулік жолақтарының айрмашылығы. Ньютон сақиналары
Гюйгенс-Френель принципі
Френельдің зоналар әдісі.
Френельдің зонасының ауданы, радиусы.
Френель әдісін қарапайым дифракциялық құбылыстарға пайдалану.
Бір саңлаудағы дифракция.
Саңлау енінің дифракциялық бейнеге әсері. Екі саңлаудағы дифракция.
Дифракциялық торлардың сипаттамалары.
Жарықтың линзада сынуы,жұқа линзадағы кескін алу.
Жұқа линзалар, оның формуласы, оптикалық күші;
Ньютон формуласы; Аббе инварианттары.
Лагранж-Гельмгольц теоремасы.
Жарықтың сфералық бетте шағылуы мен сынуы;
Оптикалық құралдардың сипаттамалары, олардың ажратқыштық қаблеті;
№2 аралық білімді бақылау тапсырмалары мен сұрақтары:
Табиғи және поляризацияланған жарық . Поляризаторлар мен анализаторлар.
Малюс заңы
Электромагнитгік толқынның анизотроптық ортада таралуы. Толқындық бет және нормальдық бет.
Бір осьті кристаллдардың оптикалық қасиеттері.
Поляризацияланған жарықтың интерференциясы.
Эллипстік және дөңгелектік поляризация.
Табиғи жарықтың ішкі құрылымы
Жарық дисперсиясы. Жарық дисперсиясын бақылау әдістері.
Жарықтың фазалық және топтық жылдамдықтары.
Дисперсия теңдеуі. Қалыпты дисперсия. Аномальды дисперсия.
Жарықтың жұтылуы.
Жарықтың шашырауы.
Жарықтық оптикалық біртекті емес ортадан өтуі.
Жарықтың молекулалық шашырауы. Жарықтың молекулалық шашырау спектрлері.
Жарықтың комбинациялық шашырауы
Жылулық сәуле шығару зандары. Кирхгоф заңы.
Абсолют қара дененің сәулулену заңдарынын түсіндіру
Сәуле шығарудың Стефан-Больцман заңы
Виннің ығысу заңы.
Рэлей-Джинс формуласы.
Планк гипотезасын түсіндіру.
Фотоэлектрлік эффект заңдарын эксперимент нәтижелері не сүйеніп түсіндіру.
Сыртқы фотоэффект. Эйнштейн формуласы.
Жарықтың кванттық қасиеттері.
Комптон құбылысының мәні және Комптон заңы
Жарық қысымын эксперименттік жолмен бақылау – Лебедев тәжрибесі.
Жарық жылдамдығын өлшеудің астрономиялық әдістері.
Жарық жылдамдығын өлшеудің лабораториялық әдістері.
Қозғалыстағы денелермен жасалынған оптикалық тәжірбиелер.
Физо мен Майкельсон тәжірибелері, оптикадағы Доплер құбылысы.
3 КУРС САЯСАТЫ
Сабаққа қатысу қатан турде, міндетті болып табылады. Егер кандайда бір себеппен студент сабаққа қатыса алмаған жағдайда, барлық меңгерілмеген материалға жауапты.
Бакылау тапсырмалары орындалуға міндетті және уақытылы тапсырылуы тиіс. Кешіктіріліп орындалган жұмыс автоматты турде төмен бағаланады. Аралық аттестациясының корытындысы студенттің сабакка катысуы, белгіленген мерзімде өздік жұмыстарын орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптары, сонымен катар аралық бакылау нәтижесі ескере отырып қойылады.
Аралық аттестация корытындысы студенттің сабаққа қатысу, өзіндік жумысты уакытылы орындауына, сабак кеіндегі ауызша жэне жазбаша түрдегі жауабына және аталған аралык бакылаудың нәтижесіне байланысты шығарылады.
Егер студент белгіленген мерзімде сәйкес келетін мекеменің растайтын құжатымен денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептермен сабақ босатып, аралық бакылауды тапсыра алмаған жағдайда, студент аралық бакылауды индивидуалды түрде тапсыруға кұқылы.
Кез-келген көшіру немесе плагиат (дайын тапсырмаларды кошіру,қолдану және басқа студенттің тапсырманы орындауы) жазасы аудиториядан шығару немесе бағасын «қанағаттанарлыксыз»деп тану түрінде болады.Сабақ жүру барысында ұялы телефондар өшіріледі.
4 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Студенттің пәнді меңгергенін оқытушы бағалайды. Студенттің жұмысын бағалаудың төрт мүмкін деңгейі қарастырылады:
репродуктивті көмектесу арқылы (тану, қайталау);
репродуктивті көмексіз (еске сақтау және типтік есептерді шығаруға қолдану);
эвристикалық (типтік емес, қиын есептерді шығару);
творчестволық (оқу-зерттеунемесеғылыми-зерттеужұмыстары) барысында проблемалық есептерді шығару.
Кредиттерден тәуелсіз әр пәнге бір академиялық кезең үшін 600 балл бөлінеді. (1-7 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін, 8-15 апта -270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін.). Апта және білімді бақылау түрлері бойынша балл бөлу 3- кестеде көрсетіген.
3- кесте
Апта
№
|
Зертханалық, прктикалық, семинар сабақтарынан, БӨЖ тқырыптары
|
Білімді бақылау түрі
|
Барлық балл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1-7
|
1-7 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу
|
Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді
|
30
|
Тәжірибелік сабақтар, зертханалық, БӨЖ
|
4
|
1-4 Машықтану сабақтары
|
Есеп, жаттығулар орындау.
|
30
|
4
|
1,2 Зертханалық жұмыстар
|
Жұмыс бойынша есеп беру
|
20
|
6
|
5,6 Машықтану сабақтары
|
Есеп, жаттығулар орындау.
|
30
|
6
|
3-5 Зертханалық жұмыстар
|
Жұмыс бойынша есеп беру
|
20
|
6
|
БӨЖ №1
|
Жазбаша жұмыс. Конспект құрастыру
|
90
|
7
|
1 Аралық бақылау
|
80
|
1 және 7 апта бойынша оқу нәтижелерінің қорытынды баллы
|
300
|
8-15
|
8-15 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу
|
Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді
|
30
|
11
|
7-9 Машықтану сабақтары
|
Есеп, жаттығулар орындау. Жазбаша жұмыс
|
30
|
|
6-8 Зертханалық жұмыстар
|
Жұмыс бойынша есеп беру
|
20
|
14
|
10-14 Машықтану сабақтары
|
Есеп, жаттығулар орындау. Жазбаша жұмыс
|
30
|
14
|
9-11 Зертханалық жұмыстар
|
Жұмыс бойынша есеп беру
|
20
|
14
|
БӨЖ №2
|
Конспект құрастыру
|
90
|
15
|
2 Аралық бақылау
|
80
|
8 және 15 апта бойынша оқу нәтижелерінің қорытынды баллы
|
300
|
Емтиханның қорытынды баллы
|
|
400
|
Академиялық кезең үшін қорытынды балл
|
|
1000
|
6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі
6.1. Негізгі әдебиеттер:
6.1.1 Физика курсының лекциялары: жоғары орын. студенттеріне арналған оқу құралы Ж. Абдула, Т.Аязбаев; ҚР жоғары оқу орын. қауымдастығы.- Алматы, 2012
6.1.2 Жалпы физика курсы. Т.Бижигитов,2013
6.1.3 Физикадан есептер жинағы,2013.А.Үргшіншібеков,Ж.Айдарова.
6.1.4 Физикадан есептер шығару Ә.М.Бектенов, Б.М.Бектенов.2013.
6.1.5. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.
6.1.6 Сборник задач по курсу общей физики / Под ред. М.С.Цедрика М:Просвещение, 1989
6.1.7 Жумагулов А.Ж., Естекбаев М.Қ., Тұрысбекова Б.Ш., Паримбеков З.А. Физика лабораториялық практикум. Семей,1995 ж
6.1.8 Трофимова Т.И. Курс физики учебное пособие для вузов. М.: академия, 2004
7.1.9 Жұманов К.Б. Оптика негіздері. Алматы: «Қазақ университеті», 1,2 –бөлім
2013.
6.2. Қосымша әдебиеттер:
6.2.1 Абдуллаев Ж. Жалпы физика курсы, Ана тілі, 1991 ж.
6.2.2 Физика. Қысқаша анықтамалық, 2012.Каргин Д.Б.,Кенжалиев А.
6.2.3 Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы 2 том Электр және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика. Алматы 2003..
6.2.4 Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы Алматы, Мектеп, 1974 ж.
6.2.5 Савельев И.В. Жалпы физика курсы. Том II, III. М., Наука, 1982 ж. «Мектеп», Алматы -1977.
6.2.6 Полатпеков П. Оптика. Алматы: Мектеп ,1981
6.2.7 Годжаев Н.М. Оптика. М., Высшая школа, 1977.
6.2.8 Ландсберг Г.С. Оптика М., Наука,1976.
6.3. Интернет – ресурстар
6.3.1. Толық курсы жалпы физика курсы http://www.ph4s.ru.
6.3.2. http://www.toehelp.ru Сайт құрамында қажетті әдебиеттерді (Кітаптар) және т. б.
6.3.3. Еркін энциклопедиясы Уикипедия, қазақша ашық энциклопедия http://ru.wikipedia.
6.3.4. Электронды кітапхана жүйесі "Университеттік кітапхана - электрон коталог" www.semgu.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |