Пәнді меңгеру мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беру және әлеуметтік ортаға интеграциялау процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу дағдылары бар, инклюзивті білім берудің жаңартылған мазмұнының өзекті талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерге, инклюзивтік білім берудің нұсқамалары мен құндылықтарына ие білікті педагогтарды даярлау.
Курстың міндеттері:
1. Рефлексияға, өзін-өзі тануға және өзін-өзі дамытуға қабілетті, инклюзивті білім беру мекемесі жағдайында жұмысқа дайын, «Рухани жаңғыру» жалпы мемлекеттік бағдарламасына сәйкес құндылықтары бар, еңбек нарығында сұранысқа ие құзыретті тұлғаны дамыту.
2. Инклюзивтік білім берудің негізгі әдіснамалық тәсілдері, теориялық және практикалық негіздері, инклюзивтік мекеменің кедергісіз коллаборативті білім беру ортасын қалыптастыру ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; инклюзивтік білім беруді енгізу мен дамытудың тұлғаға бағытталған жағдайларын жасау;
3. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ерекшеліктері (бұдан әрі - ЕББҚ), инклюзивті оқыту жағдайында оларды психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері туралы кешенді білімді қалыптастыру.
4. Инклюзивті білім беру сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
Оқу нәтижелері:
1. Инклюзивті білім берудің әдіснамалық тәсілдерін, теориялық және практикалық негіздері мен қазіргі заманғы технологияларын, инклюзивті білім берудің нормативтік базасын; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың жас және тұлғалық дамуының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін білу мен түсінуді көрсету.
2. Үздік әлемдік және ұлттық тәжірибе негізінде инклюзивті білім берудің заңнамалық, нормативтік-құқықтық базасын ескере отырып, кәсіби қызметті құру.
3. Педагогикалық және өзге де қызметте инклюзивті білім берудің инновациялық психологиялық-педагогикалық, цифрлық технологияларын қолдану.
4. Инклюзивті білім беру мекемесінің адаптивті коллаборативті ортасын және оның дидактикалық мазмұнын өз бетінше жобалау.
5. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламасын әзірлеу.
6. Психологиялық-педагогикалық диагностика, деректерді жинау және түсіндіру негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жағдайы мен дамуының өзгеру серпінін болжау.
7. Білім беру ортасы субъектілерінің, мамандар тобының бірлескен қызметін және тұлғааралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
8. Білім беру мекемесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық процесін басқару;
9. Заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып, инклюзивті білім беру саласында зерттеу және жобалық қызметті жүзеге асыру.
3. Пререквиттер:
Достарыңызбен бөлісу: |