Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет2/24
Дата11.06.2022
өлшемі0,88 Mb.
#146364
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі Қыдыршаев А.С.

Постреквизиттері: «Стилистика», «Жалпы тіл білімі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Тарихи грамматика»


3. Студенттерге қойылатын талаптар:
Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент қойған сұраққа нақты, дұрыс жауап берсе, жұмыстарын мұқия, толық жағдайда жауап берсе, ғана алады. Студент сабаққа міндетті түрде қатысуы керек. Жіберген сабақты міндетті түрде қайта өтеді.Берілген тапсырманы өз уақытында тапсыру керек. Сабақ кестесін бұзған кезде, себепсіз жағдай болса, қабылданбайды. Семестр бойы жеке жұмыстарды орындауы керек. Студент оны орындаған кезде ғана есептелінеді. Студент қате жазған болса, студентке қайтарылып, дұрыстап қайта тапсыруы керек. Бұл тапсырмалар бөлек-бөлек бағаланады, қорытынды баға әсер етеді.


4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар: дәріс, семинар-тренингтер, практикалық сабақтар, студенттердің жобаларды орындау арқылы және арнаулы семинар сабақтарды ұйымдастыру барысында меңгертіледі. Сонымен бірге, студенттердің СӨЖ/СОӨЖ, бақылау жұмыстары, дипломдық жұмыс жазуы арқылы әдістемелік білімін жетілдіру көзделеді.
5. Курстың мазмұны
1-апта
1 дәрістің тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы.
Дәрістің мазмұны:

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің эмпирикалық және теориялық түрлері.

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жүйелік болмысын тану жолдары.

Терминдер мен анықтамалар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласына жатады.Дегенмен ол – өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өз бетінше зерттейтін обьектісі, мазмұны, ұғымдар жүйесі мен зерттеу әдістері, дәлелдеу тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар болып табылады.Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан териялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылай айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2)мазмұны (нені оқыту керек?); 4)құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5)оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Әдістеменің міндеттері мыналар: 1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасу мен бір ізділігін анықтау, оқу материалдарын класқа бөлу; 2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді (мұғалім мен оқушының күшін, уақытын үнемдеу) және тиімді әдістері мен тәсілдерін(оқылатын материалдардың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының 4 психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау; 3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі – оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерцдің жолдары, шарттары туралы ғылым.

2 дәрістің тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет