Алтыншы апта
№6 дәрістің тақырыбы: XX ғасырдағы лингвистикалық мектептер.
Қарастырылытын мәселелер:
1.XX ғасыр тіл білімі
Терминдер мен анықтамалар:
Салыстырмалы – тарихи тіл білімі – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.Негізгі мақсаты – туыс тілдердің арақатынасын анықтап зерттеу арқылы олардың даму жолдарын сипаттау.Оның қалыптасуы Еуропа ғалымдарының көне үнді әдеби тілінің үлгісі санскритпен танысуынан басталып, 18 ғ. 2 – жартысы мен 19 ғ. Басына сәйкес келеді.
Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған. Типологиялық тіл білімі жалпы тіл білімінде анықталған құрылымдық және функционалдық концепцияларға сүйене отырып, жеке тілдерді зерттеуге негізделеді.
Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы, 19 ғ. 2 – жартысы мен 20 ғ. Басында пайда болған.
XX ғасыр тіл білімі. Оның жас грамматикалық бағытқа қарсы айтыста туып, дамығаны. Жас грамматизм бағытына қарсы күресте қалыптасқан тіл біліміндегі сөздер мен заттар, эстетикалық, неолингвизм, социялогиялық мектептер. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ұстамдары, проблемалық негізгі обьектілері. Көрнекті қайраткерлері. Ғылыми табыстары мен әлсіздіктері.
XX ғасыр тіл біліміне Ф.де Соссюр концепцияларының тигізген әсері мен ықпалы. Ол көтерген және өзінше шешкен мәселелердің қазіргі заман тіл білімінің де маңызды проблемалары болып келе жатқаны.
№6 практикалық сабақтың тақырыбы:: XX ғасырдағы лингвистикалық мектептер.
Тапсырмалар:
Эстетизм мектебі.
Неолингвизм мектебі.
Сөздер мен заттар лингвистикалық мектебі.
Социалогиялық мектеп.
Достарыңызбен бөлісу: |