Оныншы апта
№10 дәрістің тақырыбы: Тілдің өзіндік сипаттары
Қарастырылытын мәселелер:
1.Тілдің табиғаты мен мәні.
2. Тіл мен сөйлеу.
Терминдер мен анықтамалар:
Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы.20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дамыған.
Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы.
Салыстырмалы – тарихи зерттеу әдісі - – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді салыстыра зерттейтін әдіс.Негізгі мақсаты – туыс тілдердің арақатынасын анықтап зерттеу арқылы олардың даму жолдарын сипаттау.Оның қалыптасуы Еуропа ғалымдарының көне үнді әдеби тілінің үлгісі санскритпен танысуынан басталып, 18 ғ. 2 – жартысы мен 19 ғ. Басына сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |