пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған
италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
топографиялық анатомия
— адам мен жануарлар организмдерінің белгілі
аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары
мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
салыстырмалы анатомия
— әртүрлі типтер мен кластарға жататын
жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын
салыстырып зерттейді;
түр анатомиясы
— жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене
құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
түқым анатомиясы
— мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы
салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
жас анатомиясы
— жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері
құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
қалыпты анатомия
— ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз
қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
сырқаттық (патологиялық) анатомия
— ауырған организм дене мүшелерінің
құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
микроскопиялық анатомия
— жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен
ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
остеология
— сүйектер жүйесі туралы ілім;
синдесмология
— сүйектер байланыстары туралы ілім;
миология
- бұлшықеттер туралы ілім;
дермотология
тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;
Достарыңызбен бөлісу: