Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін



бет50/67
Дата20.01.2020
өлшемі1,61 Mb.
#56236
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама

«КОММУНИКАЦИЯ» білім беру саласы


«Коммуникация» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сөйлеуді дамыту;



- көркем әдебиет;

- сауат ашу негіздері;

- орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;



- драма ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты: ересектермен және балалармен еркін қарым - қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, орыс тілін және басқа тілдерді үйрету, көркем әдебиетке қызығушылыққа баулу.

Міндеттері:



- айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

- қазақ халқының және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін құметтеуге тәрбиелеу;

- әрекеттердің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуге жаттықтыру;
І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ

Сөйлеуді дамыту


Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Тыңдауды, айтуды, оқуды, ана тіліне тән барлық дыбыстарды айта білуді жетілдіру.

Дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін қалыптастыру.

Берілген дыбысқа сөз таңдауға, сөздерді дыбысталуы бойынша салыстыра білуге үйрету.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сөздік қор

Балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен,сан есімдермен, үстеулермен, жұрнақтар және жалғаулармен байыту.

Алуан түрлі заттарды сипаттауға, қарым-қатынас жасауға қажетті сөздерді қолдану және түсіну,оларды сөйлеуде белсенді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Жалпылауыш сөздерді және зат есімдерді дұрыс қолдану біліктерін дамыту.

Қоршаған орта жайлы білімдерін, ұғымдарды қалыптастыру барысында сөздік қорды байыту және дамыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Түбірлес сөздерді жасау және қолдану біліктерін, етістіктерді жалғаулармен қолдану, тілдік этикетті, жай және күрделі сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Интонациясына байланысты сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлеуде қолдана білуді жетілдіру.

Байланыстырып сөйлеу

Тыңдау және тілді түсіну дағдыларын қалыптастыру, диалог түрінде сөйлеуге үйрету. Негізгі ойды дұрыс жеткізуге, монологтық ойларын байланыстырып құра білуге, әнгімені бірізді және нақты айтуға, шағын сипаттау және хабарлау әңгімелерді құрастыруға жаттықтыру.

Мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін дамытуға ықпал ететін тілдік ортаны құру біліктерін дамыту.

Шығармашылықпен сөйлеу қызметі

Шығармашылық әңгімелеп беруді жетілдіру: ересектердің көмегімен әңгіменің жалғасын және соңын ойдан шығару; сипаттау және хабарлау әңгімелерін шығару, байланысқан бірізді сюжетті құрастыру, сөйлегенде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.

Күтілетін нәтижелер:


- ана тіліндегі барлық дыбыстарды айтады;

- дыбыстарды анық айтуды, интонация мәнерлігін игерген;

- сөздерге дыбыстық талдау жасайды;

- алуан түрлі заттарды жалпылайды және сипаттайды;

- қоршаған орта туралы білімдерді игерген;

- негізгі ойды дұрыс жеткізе алады;

- әңгімелерді бірізді айтып бере алады;

- әңгіменің жалғасы мен соңын құрастыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет