Бағдарламасы ТҮсіндірме жазба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін


Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру



бет55/67
Дата20.01.2020
өлшемі1,61 Mb.
#56236
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру


Жиынтық. Жиынтық және оның құрамы арасындағы қатынастарды орната білуді дамыту; бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкестігі, үлкен және кіші бөліктерді анықтау.

Сан және санау. 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды танып және атай білуге үйрету.

10 көлеміндегі санды тура және кері санауға жаттықтыру.



Тең туралы ұғымдарын қалыптастыру, топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтай білуге үйрету, топтарды санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс жалпылау. Санды түсінуді (сан заттың көлеміне, арақашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына оңнан солға, солдан оңға байланысты емес екендігін) бекіту.

Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінікті қалыптастыру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бүтінді түсінуге баулу (бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші).

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шеше білуді бекіту.

Көлем. Шартты өлшемнің көмегімен заттың көлемін салыстыруды қалыптастыру. Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін таба білуге үйрету.

Геометриялық пішіндер. Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, оларға талдау жасай білуді қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру.

Кеңістікті бағдарлау. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білуге үйрету.

Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуін қалыптастыру.

Қағаз бетінде бағдарлай білуді бекіту.

Уақытты бағдарлау. Түрлі жағдайларды, аптаның қай күні, тәуліктің қай мезгілі екенін реттілік туралы білімдерімен бекіту.

Салмақты бағдарлау. Дүкендерде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттардың салмағын өлшеуге қызығушылықтарын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:

- жиынтық сапасы бойынша түрлі элементтерден тұратынын, бір заттан, сонымен қатар тұтас топтан құралатыны туралы біледі, оның құрамдас бөліктерін бөледі;

- 10 көлеміндегі сандарды біледі, оларды тура және кері санай алады;

- қарапайым мысалдар мен есептерді шешеді;

-заттардың мәні және көлемі бойынша арақатынастарын көрсететін математикалық терминдерді қолданады;

- заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөледі, бүтін мен бөліктерді салыстырады;

- түрлі көлемді заттарды салыстыра біледі, оларды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастырады;

- геометриялық пішіндерді және денелерді біледі және ажыратады, олардың пішіндерін табады, талдайды;

- бір заттың екінші затқа қатысты орнын, заттар мен адамдар арасындағы өзінің орнын сөзбен анықтайды және белгілейді, қағаз бетінде бағдарлай алады;

- түрлі жағдайлардың бірізділігін біледі, тәулік бөліктерін, апта күндерін, жылды, айларды атайды;

- заттарды өсу және кему ретімен орналастыра отырып, салмағы бойынша анықтайды, заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет