Затты жапсыру.
Түрлі пішіндерді қию дағдыларын бекіту: симметриялық емес сұлбаларға салынған немесе қиялдағы сұлбалармен қию дағдыларын қалыптастыру.
Күрделі жапсырмалар құрастыру біліктерін қалыптастыру. Жырту тәсілімен ғажайып құс, алтын балық, алқызыл гүл бейнелерін жасауға үйрету.
Алған біліктері мен дағдыларын ойында, үйшікті, мереке күндері үй-жайды және учаскелерді безендіру үшін жеке және ұжымдық жапсырмаларды жасау кезінде қолдану. Ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын бекіту.
Сәндік жапсыру.
Дағдыларды қалыптастыру:
-аналар мен әжелерге сыйлықтарды, қуыршақтарға арналған киімдерді, ұлттық әшекейлерді, табақтарды, құмыралар мен вазаларды балалардың ойлауы бойынша безендіруде жапырақтар мен гүлдерден өрнектер құрастыруды;
- мүсіндерді қатпарланған қағаздан бірдей пішіндер және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндер қию арқылы ұлттық ою- өрнектермен безендіруді;
- бейнелерді айқын беру үшін сұлбаны қию және жыртып жапсыру тәсілдерін қолдануды ;
- «қошқар мүйіз» өрнегін түрлендіріп: жиектеме өрнек, қоймүйізді жұп шиыршықтар, геометриялық өрнектерді қолдануға;
-қазақ өрнектеріне тән: жасыл, қара, ақ, сұр, қызыл, ашық түстерді қолдануды;
- жеке, сондай-ақ шағын топпен композициялар жасауды.
Сюжеттік жапсыру.
Балалардың жапсыруда сюжетті композиция құрастыра білулерін дамытуды жалғастыру, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- салынған немесе қиялдағы контур бойынша бейнелеуді игерген;
- күрделі жапсыруларды құрастыра алады;
- жапсыруды жырту тәсілімен орындайды;
- ойлауы бойынша жапсыру дағдыларын игерген;
- екіге бүктелген симметриялы пішіндегі қағазды қиып,бейнені қазақ оюларымен безендіре алады;
- композицияларды жеке және шағын топпен орындайды, Қазақстанның табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып, ұжымдық копозицияларды орындайды;
- еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне, перспективасына назар аудара отырып, заттарды бейнелейді;
-ойлауы бойынша жұмыс жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |