Құрылыс материалынан құрастыру
Дағдыларды қалыптастыру:
- орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және көлденеңнен, кірпіштерді, бөлшектерді орналастыру;
- схеманы қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру;
- үлгі бойынша құрастыру;
- умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру.
Қағаздан құрастыру
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және тараптарды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру
Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу.
Конструктор бөлшектерінен құрастыру
Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |