1 жас 6 айдан - 2 жасқа дейін
Аталған жастағы балаларда қалыптасатын қабілеттер:
- заттар-құралдарды қолдану, олармен әрекет ету, пішінді, көлемді, түсті, дыбысты ажырата білу;
- неғұрлым күрделі заттармен әрекеттерді орындау – таяқшалары бар сақинамен, аулағышпен, қарпығышпен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыра білу;
- қазықшаларды ылғал құмға және тесіктері бар арнайы үстелге балғамен қағып кіргізе білу;
- заттарды өлшеміне қарай таңдай білу және оларды ажырата білу;
- конустық және тік негізге түсі және өлшемі бойынша іріктей отырып бірнеше сақиналардан пирамида жинай білу, қарама-қайшы өлшемдегі және көлемі мен саны әртүрлі 2-3 сақинадан тұратын пирамиданы жинастыра білу;
- біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастыра білу.
Дамыту үшін:
- ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасау. Дидактикалық ойындарда және тұрмыста балалардың сенсомоторлық «көз-қол» үйлесімділігін қалыптастыру;
- естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңыралару, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыру;
- қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті дидактикалық және ұлттық ойыншықтарды,тұрмыстық заттарды қолдана отырып ажырату; негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату, 4 түрлі реңнің құрамдасуын: қызыл - қызылғылт сары, сары-қызылғылт сары, көк- күлгін, сары - ақ түсті таңдау ;
- логиканы дамыту үшін пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру және топтастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |