Өзіңдітаны.Сезім мүшелері. Олардың қызметі. Өз дене мүшелеріне күтім жасау.
Тамақтану.Дәрумендер туралы білім. Су және оның ағзаға қажеттілігі. Азық-түліктер, оларды қолдану тәсілдері.
Аурулардыңалдыналу. Табиғи факторлардың көмегімен шынықтыру. Ұйқы мен демалысты дұрыс ауыстыру – денсаулық кепілі. Зиянды және пайдалы әдеттер. Әртүрлі азық-түліктерді дайындаудың қарапайым тәсілдері және оларды қолдану. Өзінің және жолдасының сыртқы келбетіне қарап, денсаулық жағдайын анықтай білу, ересектерден көмек сұрау.
Өзіңежәнеөзгелергекөмектес. Шамалы жарақаттанғанда көмек көрсету ережесін білу. Дене шынықтыру жаттығулары арқылы босаңсу кезінде тыныштандыру кешені жайлы білу.
Табиғаттықорғау. Ағаштың түрлері туралы білу. Өсімдіктің түрлерін анықтай білу.
Әлеуметтікәлем. Үйде өзін қауіпсіз ұстаудың қарапайым ережелері.Төтенше қызметтердің телефондарын білу. Балабақшаның ойындық және спорттық орындарында құралдарды қажетіне қарай қолдана білу.
Қоғамдық орындарда қарапайым мәдениеттілік және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін меңгеру. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, лифттер, әткеншектер).