Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Сан. «Көп», «біреу», «бір-бірден», «бір де біреуі жоқ» ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дағдыларды қалыптастыру:
- біртектес заттардан топтар құрастыру және олардан біреуін бөліп көрсету;
- топ бөлмесіндегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;
- заттарды салыстыру;
- заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру және қосу;
- заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру.
Көлем. Көлемі бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.
Дағдыларды қалыптастыру:
- ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;
- биіктігі мен қалыңдығы бойынша- екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;
Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету.
Дағдыларды қалыптастыру:
- геометриялық пішіндерді тану және атау;
- пішін түрлерін зерттеу.
Кеңістікте бағдарлау. Өз дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.
Дағдыларды қалыптастыру:
- өзіне тікелей жақындықтағы кеңістік бағыттарды анықтау, сол жақтан оң жаққа қарай заттарды орналастыру.
- өз денесінің бөліктерін (басы, аяғы, қолдары) бағдарлау және атау.
Уақытты бағдарлау.
Дағдыларды қалыптастыру:
- тәулік бөліктерін тану және атау – таңертең, күндіз, кеш, түн.
Достарыңызбен бөлісу: |