Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімді қалыптастыру.
Табиғат құбылыстарына қызығушылыққа, өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Дағдыларды қалыптастыру:
- табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау
- ауа-райының қарапайым өзгерістерін байқайды және атай біледі.
Өсімдіктер әлемі
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру. Жер теліміндегі атыздардың жиектеріне жуа және гүлдердің тұқымдарын (шырайгүл, барқытгүл) егуге бақылау.
Бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония, қырмызыгүл, қоңыраугүл және т.б.) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.
Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін жабайы аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру.
Табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру. Табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Құм мен судың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.
Достарыңызбен бөлісу: |