Біліктерін қалыптастыру:
- көлемі, пішіні, бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыруды;
- бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден қарапайым 2 қасиетін (түсі мен пішіні, өлшемі мен пішіні, өлшемі мен түсі) кезектестіру принципі бойынша түрлі түсті пирамидалар құрастыруды;
- түрлі әрекеттерде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеру: бейнелеуде, құрастыруда;
- берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу іскерлігін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:
- көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыра алады;
- заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;
- бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден түрлі түсті пирамидалар құрастырады;
- кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын игерген.
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру
Біліктерді қалыптастыру:
- жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты тұрғызу (үстел және орындық, үстел және диван), құрылыстық қасиетін ескере отырып материалды таңдау;
- құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып оларды ойнату және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру;
балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастырады. Қарапайым құрастыру дағдыларын бекітеді: қою, тіреу, басу.
Күтілетін нәтижелер:
- пішіні, түсі, көлемі, қолданысы бойынша заттарды топтастырады және таңдайды;
- құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін ажырата алады;
- ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым құрылыстар тұрғызады (қояды, тірейді, басады);
- тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды қолдана отырып ойнатады.
Жаратылыстану
Балаларды үйрету:
- табиғат құбылыстарына қызығушылық танытуға;
- жануарлар әлемі туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға;
- табиғи материалдардың қасиеттерімен (құм шашылады,құмнан қуыршақтарға ыдыс мүсіндеуге болады) таныстыру;
- суреттен жануарларды тауып, атауға;
- жануарлардың сипаттық ерекшеліктерімен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге;
- көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, сәбіз,алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
- қоршаған табиғаттың сұлулығын байқауға үйрету.
Бақылау:
- ауладағы ересектердің еңбегін (аула сыпырушының еңбегін);
- аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер,қарғалар);
- үй құстарын (тауық, қораз,үйрек);
- маусымға тән табиғат құбылыстарын бақылауға машықтандыру.
Күтілетін нәтижелер:
- жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерге ие;
- өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды;
- табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктерге ие;
- суреттен жануарларды тауып, атайды, олардың сипаттық ерекшеліктерін атайды;
- көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;
- қоршаған табиғаттың сұлулығын байқайды;
- үй құстарының, аулаға ұшып келетін құстардың сипаттық ерекшеліктерін атайды,табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атайды;
- ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс қолданады;
- ересектердің еңбегіне құрмет танытады.
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетті дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |