Бағдарламасы туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»



бет3/7
Дата30.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#8379
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

3. Ағымдағы ахуалды талдау


Цифрлық Жібек жолын іске асыру

Елдің цифрлық экономикаға уақтылы және сәтті өтуінің кепілі нарықтың ұдайы өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне жауап беретін қауіпсіз, сенімді және бәсекеге қабілетті ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын (бұдан әрі – АКТ инфрақұрылым) құру болып табылады. Барлық жердегі, жоғары жылдамдықты телекоммуникациялық желілерге тең дәрежелі қолжетімділік осы Бағдарламамен көзделген міндеттерді іске асыру үшін негізді қалайды.

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес АКТ инфрақұрылымы электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығын білдіреді.

Қазақстан бүгінде дәстүрлі телекоммуникациялық өткізу қабілетін ұлғайту бағытында тұрақты ілгерілеуге жетті. Еуропа мен Азия арасындағы ақпараттық ағындар үшін қысқа бағдарды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан халықаралық трафик транзиті нарығында өзінің бәсекелестік артықшылығын нығайтады. Өңіраралық бастамашының үйлестірушісі ретінде, мысалы, TASIM – Трансеуразиялық жоғары жылдамдықты ақпараттық магистраль желісінің жобасы, Қазақстан Батыс Еуропа мен Азия деректерінің алмасу орталықтарын біріктіруге жағдай жасайды. Азия мен Тынық мұхит үшін БҰҰESCAP3. Экономикалық және әлеуметтік комиссияның талдауына сәйкес Қазақстан өңір елдеріндегі халықаралық байланыс арналарының өткізу қабілеті бойынша көшбасшы орнын алады. Бүгінде Еуропа – Азия жерүсті транзиттегі Қазақстанның үлесі 10%4 -ды құрайды. Бұл ретте, осы бағыт бойынша трафик 75 Гбит/с дейін жетеді.

Мысалы, Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бастап бәсекелестікті арттыруға және операторлардың қызметтеріне бағаны төмендетуге бағытталған телекоммуникация нарығын ырықтандыру (шектеулерді алу және жеңілдету) жүзеге асырылуда.

Ырықтандыру нәтижесінде қазіргі уақытта елдің телекоммуникациялық нарығында мыналар:

- қалааралық және/немесе халықаралық телефон байланыс қызметтерін ұсынатын 10 байланыс операторы;

- ұялы байланыс қызметтерін ұсынатын 4 оператор;

- жергілікті телефон байланысы мен интернетке қолжетімділікті ұсынатын 400 астам оператор;

- хабар таратудың 100 астам операторы, олардың ішінде цифрлық жер үстіндегі және спутниктік телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсететін 1 ұлттық оператор бар.

Цифрлық түрлендіру саласындағы ұлттық күш-жігерді қалыптастырудың маңызды элементі Интернетке кең жолақты қолжетімділік (бұдан әрі – КЖҚ) және 4G/LTE (Электр байланыстың халықаралық одағы Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікке өткізу қабілеті 256 кб/с асатынды жатқызады) төртінші буын деректерін берудің ұялы желілері болып табылады.

4G/LTE – 4-буын байланыстың ұялы желісі алғаш рет Қазақстанда 2012 жылғы 25 желтоқсанда Астана және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау және КЖҚ дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске қосылды. 4G/LTE желісін іске қосу деректерді берудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етуге және ұялы байланыс абоненттеріне ұсынылатын қызметтер көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді. 3G желілерімен қамту Қазақстан халқының 72,1%-ын құрайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес 2015 жыл ішінде Қазақстан халқының 72,9%-ы интернетті пайдаланушылар болып табылады. Байланыс қызметтердің жалпы көлемінде 2015 жылы деректерді және интернетке қолжетімділікті беру қызметтері 30,5%-ды құрайды.

Жалпыға бірдей цифрландыру отандық телерадио хабарларын таратудан да сырт айналып кеткен жоқ. 2011 жылдан бастап телерадио хабарларын таратуды цифрлық технологияға көшіру бойынша іс-шаралар жүргізілуде, DVB-S2/MPEG-4 цифрлық стандартқа өтумен спутниктік желіні жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді. Спутниктік телерадио хабарларын таратудың енгізілген желісі алғаш рет еліміздің халқына Қазақстанның кез келген географиялық нүктесінде отандық (еркін қолжетімділікте) және шетелдік арналарды жаппай қабылдау мүмкіндігін ұсынды. Нәтижесінде, 2016 жылғы 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «OTAU TV» спутниктік телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісінің қызметтерін пайдаланушы абоненттердің жалпы саны 1,17 млн. құрады. Осымен қатарлас, 2012 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратудың цифрлық эфирін енгізу және дамыту» жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күні 336 радиотелевизиялық станция енгізілді, олар цифрлық жерүсті телерадио хабарларын таратумен ел халқының 72%-ын қамтуды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде Астана, Алматы қалаларында, облыс орталықтарында 30 телеарнаға дейін және қалалар мен облыс орталығынан төмен елді мекендерде 15 телеарнаға дейін хабарлар тарату ұйымдастырылды.

Телекоммуникациялық желілер мен деректерді беру технологиясын дамыту ақпараттық құпиялығы мен бүтіндігін қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауды талап етеді. Қазақстандағы Интернет желісінің сегментін қорғау 2011 жылы арнайы құрылған Байланыс және ақпараттандыру министрлігі (сол кездегі) жанындағы KZ-CERT компьютерлік оқиғаларға ден қою қызметімен қамтамасыз етілді. KZ-CERT компьютерлік оқиғалар бойынша ақпаратты жинауды және талдауды, компьютерлік қауіпсіздікке төнетін қауіптерді болдырмауда пайдаланушыларға консультативтік және техникалық қолдауды қамтамасыз етеді. Қазақстанда жоғары технология саласындағы қылмыстармен күресетін уәкілетті органның бөлімшесі бар. Ақпараттық жүйелер мен Қазақстан мемлекеттік органдары АКТ инфрақұрылымдарының қауіпсіздігін көтеру үшін ақпараттандыру нысандарын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне міндетті түрде сынау жүргізіледі.

Сонымен бірге, жаңа шындықтар АКТ инфрақұрылымының қуатын, желілердің жылдамдық параметрлерін тұрақты ұлғайту қажеттігін және жоғары деңгейдегі қауіпсіздікке жетуді талап етеді.

КЖҚ дамыту, пайдаланушылық құрылғылар санын көбейту және ұсынылатын қызметтер шоғырын кеңейту магистралдық желілерде берілетін трафик көлемін жылдам ұлғайтуға әкелді. TeleGeography халықаралық агенттіктің деректері бойынша халықаралық трафик өсуінің жылдық орташа қарқыны 30%5 -ды құрайды.Осы беталыс Қазақстанда да сақталады, ол оның халықаралық қосылыстарын кеңейту қажеттігін білдіреді.

Сонымен қатар, КЖҚ дамытуда артта қалудың негізгі аймақтары ауылдық елді мекендер (бұдан әрі – АЕМ) болып қалады. Егер қалалық жердегі Интернет пайдаланушылар тығыздығы 2015 жыл қорытындысы бойынша - 76,4%-ды құраса, АЕМ осы көрсеткіш 68,3%6-ға тең болды. Өңірлердегі ақпараттық теңсіздікті еңсеру елдің көлемімен (2016 жылдың басына 6723 кент және ауыл), алыс қашықтықта және қолжетімдігі қиын жерлерде орналасқан елді мекендер санының көп болуымен қиындайды.

Интернеттің ғаламдық желісіне барлық жерде бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етудің артынан ақпараттық қауіпсіздік оқиғалардың өсуі байқалады. KasperskySecurityNetwork деректері бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы 85% интернет шабуылдың объектісіне айналды, ал Өзбекстанда 8%, Қырғызстанда 4%, Түрікменстанда 2% және Тәжікстанда 1%. Осы уақытқа дейін ірі кибер шабуыл, ең алдымен, үкіметтік сайттарға бағытталған болатын. Осы шабуылдар цифрлық инфрақұрылым дамуына тепе-тең өсті және Қазақстан Орталық Азиядағы шабуылдың негізгі нысаны болды.

Мемлекеттік басқару жүйелері мен елдегі әлеуметтік тұрақтылық үшін ақпараттық қауіпсіздікке төнген тағы бір қауіп – қолданыстағы деректерді өңдеу орталықтарының (бұдан әрі – ДӨО) істен шығуы не уақытша бұзылуы нәтижесінде ұлттық және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректерді жоғалтуы болып табылады.

TIA-942 стандартына сәйкес ДӨО ғимаратты (немесе оның бір бөлігі) білдіреді, оның орнатылған функциясы мынадан тұрады, онда машина залы және ол үшін қосымша (қосалқы) үй-жай бар. Қазіргі түсінікте ДӨО – бұл жоғары өнімді және істен шығуға қарсы тұра алатын ақпараттық инфрақұрылымды құру үшін арналған кешенді ұйымдық-техникалық шешім.

ЕМС компаниясының «GlobalDataProtectionIndex» талдау есебінің деректері бойынша 2014 жылы бүкіл әлем бойынша деректерді жоғалту көлемі 2010 жылдан бастап 400%-ға өсті. Жоғалтылған деректердің жалпы көлемі орташа есеппен 2,36 Тб құрайды. Жоспардан тыс тоқтап қалу және деректерді жоғалту ұйымдарға бүкіл әлем бойынша жыл сайын 1,45 млрд. астам долларға7 шығады. Аварияның ең көп болатын себептері - жабдықтың (24%), электр қоректендіру жүйесінің істен шығуы (16%), дауылдар (16%) және су басу (15%)8.Қазіргі төніп тұрған қауіптер аясында деректерді өңдеу орталықтарында орналастырылған МО ақпараттық ресурстарының тұрақты жұмыс істеуін және сақталуын қамтамасыз ету ең көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл ретте ДӨО тек аппараттық сенімділігін ғана емес, сонымен бірге оның апаттарға қарсы тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды, себебі барлық жоғарыда аталған проблемалар Қазақстанда да таралған.

АКТ инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, ғаламдық ақпараттық процестер жаңа мүмкіндіктер сияқты, сонымен бірге қоғам дауына жаңа қауіптерді де туғызады. Елдің ұлттық қауіпсіздігі АКТ инфрақұрылымының қорғалу деңгейіне ғана емес, сонымен бірге халықтың елдегі және жалпы әлемде болып жатқандарға қарым-қатынасына да байланысты. Тиісінше, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде телевидение мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артады. Осыған орай, елдің бүкіл аумағын ұлттық цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамту жақын арадағы жылдарға арналған басым міндет болып табылады.

Әлемнің көптеген елдерінің үкіметі КЖҚ өз даму бағдарламасының негізгі элементі ретінде қарастырады. КЖҚ жалпы әлемдегі, сол сияқты жекелеген елдердің экономикалық өсуіне және дамуына елеулі әсер ететіні анықталған. Мысалы, «Цифрлық күн тәртібі» Еуропалық Одақтың EU2020 стратегиясының флагмандық бастамасының бірі болып табылады, ал КЖҚ Еуропалық Одақтың қазіргі экономикасының жұмыс істеуі үшін базалық инфрақұрылым ретінде белгіленген. Әлемдік тәжірибе КЖҚ дамуына мемлекеттің араласуы қызметтерді ұсынудың ең төмен деңгейі байқалатын немесе олар мүлдем жоқ тиімсіз аумақтар немесе жерлер үшін ғана орынды екенін көрсетеді. Сонымен АҚШ-да ауыл халқының КЖҚ қолжетімдігін кеңейту бойынша жобаларды федеральды қаржыландыру көзделген. Канада, «Цифрлық Канада 150» КЖҚ стратегиясы шеңберінде ауылдық және алыстағы елді мекендердегі 280 мың үй шаруашылығы үшін жоғары жылдамдықты Интернет қызметтерін кеңейтуге инвестиция қарастырылған.

Априори мемлекеттік ақпараттық ресурстардың құпиялылығын, бүтіндігін және қолжетімдігін қамтамасыз ету барлық елдің үкіметі үшін негізгі міндет болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, ДӨО сенімділігі халықаралық стандарттарға сәйкес ДӨО жобалау кезеңінде инженерлік инфрақұрылымды резервтеудің әртүрлі сызбасын қолдану есебінен қол жеткізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік, сол сияқты жеке меншік ДӨО апатқа қарсы тұрақтылығы қашықтағы алаң аумағында ресурстарды резервтеу есебінен қамтамасыз етіледі.

Елді цифрландыруға бағытталған жаңа стратегияны дамыту мақсаттарының бірі транзиттік әлеуетті көтеру болып табылады. Бағдарламада Еуропа-Азия бағыты бойынша 2020 жылға қарай 200 Гбит/с дейін телекоммуникациялық трафикті қамтамасыз етуге қабілетті заманауи, айтарлықтай өнімді және ауқымды көлік инфрақұрылымын құра отырып, көрші мемлекеттердің байланыс операторларымен көп жақты серіктестікті дамыту қарастырылған.

Елдің өңірлеріндегі ақпараттық теңсіздік еңсеруті цифрлық жерүсті теледидар хабарларын таратуды одан әрі дамыту және Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерінде КЖҚ дамытуды ынталандыру есебінен жүргізілетін болады. Қазақстан Республикасының жиілік-аумақтық жоспарына сәйкес 2019 жылға қарай цифрлық жерүсті теледидар хабарларын таратумен Қазақстан Республикасының халқының 95%-ын қамтуды қамтамасыз ететін 827 РТС құрылысы мен қайта құруды аяқтау жоспарланып отыр. АЕМ дейін КЖҚ инфрақұрылымының құрылысын қолдаудың әр түрлі тетіктерін пайдалану интернетті 2020 жылға қарай 72% ауыл тұрғындары үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейту Мемлекеттік техникалық қызметтің сынау және зерттеу зертханаларын жетілдіру және одан әрі жабдықтау, ақпараттық қауіпсіздік бойынша стандарттар талаптарына сәйкестігін растайтын аккредиттеу органдар жүйесін құру есебінен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, аса маңызды өндірістік объектілерде, мәселен, мұнай-газ, уран, электр энергетика және т.б. осындай салаларда ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіру қажет.

Мемлекеттік органдардың серверлік орталықтарының істен шығуы не уақытша бұзылу нәтижесінде мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректерін жоғалтуды болдырмау үшін Бағдарламада халықаралық стандарттар мен ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес мемлекеттік органдардың жоғары ауқамды ДӨО құру қарастырылған.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру мыналарды:

- трансшекаралық экономикалық ағындарды ынталандыруды, тауар айналымының өсуін, елдің экономикалық қуатын нығайтуды;

- халықты, әсіресе ауылдық елді мекендерде жұмыспен қамту деңгейін көтеру үшін жағдай құруды;

- экономиканы әртараптандыруды және ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау т.б. сияқты салаларды жаңғыртуды жеделдетуді;

- ел халқының отандық телерадио хабарларын таратудың ақпараттық ресурстарына тең құқылы кепілдік берілген қолжеткізу мүмкіндігін;

- 4G/5G 4-ші және 5-ші буын ұялы байланыстарын енгізу үшін ұқсас телевизия қолданылып отырған радиожиілікті спектрді босатуды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күні ұялы байланыс телефондары қылмыстық қол сұғушылық заты, сол сияқты құқық бұзушылықтың елеулі көлемін жасау құралы болып, қазіргі заманның ажырамас ерекше белгісіне айналды. ҚР ІІМ-нің мәліметтері бойынша ұялы телефондарды ұрлау үлесі 2015 жылы ұрлықтың жалпы санының 22,6%-ын (208630 ішінен 47044) құрады.

Халықаралық тәжірибені зерттеу көрсеткендей, құқық бұзушылықтың әр түрлерімен күресудің тиімді құралы заңсыз пайдаланатын және әкелінген телефондарды IMEI-коды бойынша ұялы желілерге қосудан бұғаттау болып табылады. Бұғатталған телефон нәтижесінде тікелей мақсаты бойынша пайдалануға мүмкін емес болғандықтан әлеуетті пайдаланушыларды қызықтырмайды.

Аталған әдіс Әзірбайжанда, Түркияда және «ақ», «сұр» және «қара» тізімдерді енгізумен Телефондар IMEI-кодтарының бірыңғай деректер банкі (бұдан әрі – Бірыңғай деректер банкі) бар басқа мемлекеттерде пайдаланатынын атап өткен жөн.

Жоғарыда сипатталған проблемалардың шешімі Қазақстан Республикасында жылжымалы желінің абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодтарының бірыңғай деректер қорын құру болып табылады. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодтарының бірыңғай деректер қорын құру ұрланған, елге заңсыз әкелінген ұялы құрылғыларды желіге қосылуын бұғаттауға мүмкіндік береді, нәтижесінде экономикалық контрабанда жасау және телефондарды ұрлау мақсатты әрекетті жасау жоғалады.


Креативті қоғамды дамыту

Цифрлық қоғам – қоғамның тіршілік қызметінің барлық салаларында білім мен ақпарат рөлінің басымдығымен ерекшеленетін, АКТ адамдардың тұрмыс тіршілігіне, олардың білімі мен жұмысына, сондай-ақ мемлекеттің, бизнес пен қоғамның өзара іс-қимылдарына шешуші әсер ететін, өркениеттің қазіргі заманғы даму кезеңі.

Цифрлық дағдылар экономиканың барлық салаларының өсуінің негізі болып табылады және цифрлық қоғамды ықпалдастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету және мемлекеттік және жеке меншік цифрлық қызметтерге қолжетімділікті алу, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті және өнімділікті арттыру үшін өмірлік аса маңызды мәні бар.

Осыған байланысты, Үкімет цифрлық дағдылар бойынша олқылықтар және кемшіліктерді шешуге бағытталған бірқатар бастамаларды іске асырды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы №995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаның, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы №414 шарлығымен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының ісие асырылған іс-шаралары барысында мына көрсеткіштерге қол жеткізілді:


  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2015 жылы 74,2%-ды құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 11%ға өсті (2013 жылы 63,2%-ды, 2014 жылы - 64,1%-ды құрады);

  • АКТ мамандықтары бойынша жыл сайын орташа 30 мың адам бітіреді (Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша: ЖОО – 13 мың адам, техникалық және кәсіби білім – 17 мың адам, «Болашақ» халықаралық стипендия бойынша – 200 адам).

Сонымен бірге, бүгінгі күнге дейін кәсіби даярлау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, инновациялық отандық компаниялардың бәсеке қабілеттілігін көтеру және цифрлық қоғамды дамытуда азаматтардың қатысуын кеңейту үшін жаңа медиялық тұғырнама қажеттігінен тұратын бірқатар қатерлер бар.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің «Цифрлық дивидендтер» есебі жаңа технологиялардың дамуы және барлық жаңа кәсіптерге енуі бойынша қызметкерлердің өз тұрақты біліктілігін бағалап, арттыруына тура келетінін растайды.

Қалыптасқан ахуалды ескере отырып, мынадай: кәсіби кадрлардың дағдыларын дамыту; жастар арасында жаңа технологиялар мен ғылымның тартымдылығын көтеру; халықтың барлық тобын, шағын және орта бизнесті, мемлекеттік қызметшілерді, қарттарды және т.б. қоса алғанда, олардың арасында цифрлық дағдыларды дамыту сияқты осындай бағыттар бойынша цифрлық дағдыларды ұзақ мерзімді дамыту қажеттігі бар.

Бағдарламада жұмыс берушілердің АКТ саласындағы талаптарына түлектердің білім деңгейіне сәйкес келтіру көзделген. Білім жүйесі мен жұмыс берушілер арасында көпір түрінде әрекет ете отырып, Бағдарлама экономикадағы жаңа жұмыс орындары үшін шынайы дағдыларды құру мақсатында білім жүйесін қолдау көрсету үшін іс-шаралардан тұрады. АКТ саласындағы мамандарды оқыту сапасын көтеру мақсаттарының кешенді шешімі Бағдарламаны іске асыру процесінде барлық мүдделі тараптарды тарту арқылы жүргізілетін болады.

Өзгеріс қарқыны жоғары және талап етілген дағдылар санатының жылдам өзгеретінін ескере отырып, Бағдарлама шеңберінде компаниялар мен қызметкерлер үшін өмір бойында оқу және өз дағдыларын жаңғырту үшін тетіктерді құруға қозғаушы ынталарды қамтамасыз ететін іс-шаралар ұсынылды. Бағдарламаны іске асыру барысында практикалық цифрлық дағдыларға оларды оқыту арқылы білім, медицина, өндіріс саласындағы кәсіби кадрлар қамтылған. Мұндай тәсіл жаңа үрдіс негізінде қажеттіліктерді анықтауға және мамандандырылған даярлауда қажетті көмек көрсететін тиісті ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді.

Осы дағдыларға сұраныстың күннен-күнге өсіп келе жатуына байланысты Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының базасында Құзыретті орталықтарды ашу арқылы экономиканың негізгі салаларындағы осындай стратегиялық маңызды дағдыларды дамытуға бастама жасалатын болады. Бұл сондай-ақ экономикалық дамудың және нақты мамандыққа емес, кәсіби лауазымға даярлаудың қуатты қозғалтқышы ретінде оқу орындарының рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

Технология және ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары жас буын ұрпақтың және кәсіби кадрлардың ғана айрықша құзыреті болып табылатынын ескеруі керек. Осы икемділік халықтың барлық топтары үшін басымдық, иондар олардың өмірі мен жұмысына, атап айтқанда, экономикаға және жалпы елдің дамуынада әсер етеді.

Халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кешенді оқу материалдары әзірленеді және Қазақстанның барлық өңірлерінде халықтың барлық тобын оқыту процесі ұйымдастырылатын болады.

Барлық жоғарыда аталғандар аталған Бағдарлама көлемінде шешіледі және іске асырылатын болады, ол күнделікті және кәсіби өмірде цифрлық технологиялардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланатын цифрлық және креативті қоғамды құру үшін бағдар болып табылады.
Экономика салаларындағы цифрлық қайта өзгерту

Ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды қолдану

Ауыл шаруашылығы кез келген мемлекет экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады, ол адамға өмірлік қажетті өнім беретін мынадай: негізгі азық-түлік және өнеркәсіптің көптеген салалары үшін тұтыну заттарын өндіру үшін шикізат. Ауыл шаруашылығы секторының деңгейі айтарлықтай шамада ұлттық экономиканың жағдайын айқындайды.

Ауыл шаруашылығы (көрсетілетін қызмет саласы) өнімдерінің жалпы шығарылымы 2015 жылы 3 307,0 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тисті кезеңдегі деңгейден 3,4%-ға жоғары (оның ішінде егін шаруашылығы 1 825,2 млрд. теңге, мал шаруашылығы 1 469,9 млрд. тенге).7

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемі 6,3%-ға төмендеді және 167,1 млрд. теңгені құрады. Тамақ өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестиция көлемі 28,1% -ға өсті және 55,9 млрд. теңгені құрады.7

Аталған кезең ішіндегі азық-түлік өндірісінің көлемі 0,1%-ға өсті және 1074,8 млрд. теңгені құрады.9

2015 жылы балық шаруашылығы мен аквамдақыл (көрсетілетін қызмет саласы) өнімдерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10,1%-ға өсті және 6 164,4 млн. теңгені құрады.10

Алайда, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде цифрлық технологияны қолданатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің үлесі аз, ол ауыл шаруашылық дақылдары шығымдылығының өсуіне және ауыл шаруашылығын жүргізу кезінде шығындарды қысқартуға кері әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, цифрлық технологияның көмегімен шешуді талап ететін мынадай мәселелер бар:

- субсидиялау: процестердің жеткіліксіз ашықтығы, барлық кезеңде адами фактордың болуы;

- ауыл шаруашылығы техникаларын есепке алуды бақылау, ауыл шарушалығы техникаларын басқаруға жүргізуші куәліктерін беру: орталықтандырылған мониторингтің болмауы, процесті автоматтандырудың болмауы, орталықтандырылған деректер қорының болмауы;

- мал шаруашылығы өнімдерінің қадағалануы: ветеринарлық қауіпсіздігіне төнген қатер, бақылау жасалмайтын аурулардың таралуы, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді және вакцина егуді уақтылы жүргізбеу, оқиғаларға ден қоюдың ұзақ уақыт процесі11;

- өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қадағалануы: фитосанитарлық қауіпсіздік, өнімдердің тіршілік циклінің барлық кезеңдеріндегі процестерді бақылау және мониторинг жүргізу мүмкіндігінің болмауы;

- балық өнімдерінің қадағалануы: броконьерлік, балық өнімдерінің көлеңкелі айналымы, ішкі нарықтағы импортталған өнімнің жоғары үлесі.

Мемлекеттің алдында Қазақстан Республикасына үшінші елдерден әкелінетін, сондай-ақ елден ЕАЭО басқа мемлекеттеріне әкетілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылауды қамтамасыз ету бойынша халықаралық талаптар мен ЕАЭО нормаларын орындаудың маңызды міндеті тұр. Талаптарды орындау ауыл шаруашылығы саласында өзінің экспорттық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді, ол өндіріс көлемін өсіруге ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің ауыл шаруашылығының технологиялық дамуын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

АҚШ, Канада және Австралия сияқты елдердің тәжірибесі осы салаға цифрлық технологияны енгізу кезінде ауыл шаруашылығындағы өндірісті, жұмысты, басқаруды және көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру ауыл шаруашылығы өнімдері айналымының үлгісін өзгертеді, өнеркәсіп парктерін және ауыл шаруашылығы өнімдерінің электронды саудасын дамытуды ынталандырады, ауыл шаруашылығындағы техникалық жетістіктерді көрсетуді және таратуды жеделдетеді, олардың ерекшелігінің арқасында ауылдық өңірлерді экономикалық дамытуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Аграрлық саласы дамыған жетекші елдердің тәжірибесі олардың барлығының «технологиялық төңкерістен» өткендігін көрсетеді. Мысалы, классикалық экстенсивті егін шаруашылығын нақты (прецизионды) егін шаруашылығы ығыстырады. Геоақпараттық технологиялар, көп операциялы энергияны үнемдеуші ауыл шаруашылығы агрегаттары, өсімдіктердің мол түсімді сорттарының селекциясы және жануарлардың жоғары өнімді тұқымын шығару кеңінен пайдаланылады. RolandBerger зерттеу агенттігінің деректері бойынша жыл сайын Азияда 20%12 әлеуетті өсуі ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялар үлесіне келеді.

Австралияда олардың бүкіл тіршілік өмірінде жануарларды толық қадағалау және барлық жануарлар мен объектілерді олардың тіршілік циклі ішінде олардың кіммен қатынаста болғанын анықтай отырып, бағдарламалық қамсыздандыру үлгісінің толық пакетінен тұратын ауыл шаруашылығы жануарларын және өнімдерін бірдейлендіру және қадағалау жүйесі енгізілген, олар туындаған кезінде әр түрлі ауруларға жедел және тиімді әсер етуге мүмкіндік береді; бұл ауруларды таратумен, индустрияны қолдаумен және нарықтағы операцияны жабумен байланысты құнын төмендетеді.13

Ресей Федерациясы «Балық шаруашылығы кешенін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Электрондық кәсіпшілік журналдың» бағдарламалық-техникалық кешенін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Электрондық журнал электронды түрде балық шаруашылығының қызметі туралы ақпаратты тіркеу және беру мүмкіндігін береді, сондай-ақ балық шаруашылығының нәтижелері туралы ақпаратқа қашықтықтан қолжетімділікті ұсынады.14

Ауыл шаруашылығы салаларын дамытуды жеделдету үшін өңделетін жерді автоматтандырылған мониторингті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын цифрландыруда жәрдем көрсету (егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, қопсыту, механикаландыруды қоса алғанда), барлық деңгейдегі барлық әкімшілік ведомстволарды қамти отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау жасаудың ақпараттық тұғырнамасын құру, жедел ден қоюдың ақпараттық жүйесін жетілдіру қажет.

Ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін мыналар жоспарланған:


  • берілетін субсидияның ашықтығына және тиімділігіне, сондай-ақ бөлінген қаражаттың игерілуіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығын субсидиялау процесін автоматтандыру;

  • ауыл шаруашылығы техникасын тіркеуді, кепілдікке салуды, беруді, жүргізуші куәлігін беруді автоматтандыруды дамыту халық үшін техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызметтерді жедел көрсетуге, ауыл шаруашылығы техникасын орталықтандырылған мониторинг жүргізуге және техникалық жай-күйіне және техникалық бақылау және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау жасауға мүмкіндік береді;

  • объектілерді толық түрде есепке алуды, жануарларды бірдейлендіруді, ауруларға ден қою жүйесінен тұратын тасымалдауды қадағалауды қамтамасыз ететін мал шаруашылығы өнімдеріне қадағалауды автоматтандыру саланың өкілдеріне олар туындаған кезінде әр түрлі ауруларға жедел және тиімді ден қоюға мүмкіндік береді;

  • өсімдік шаруашылығы өнімдеріне қадағалауды автоматтандыру өндіріс, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою/кәдеге жарату процестерін қоса, өнімнің бүкіл тіршілік цикліне қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді;

  • балық және балық өнімдерінің айналымына мониторинг жүргізуді автоматтандыру броконьерлік және балық өнімдерінің заңсыз айналымы көлемін төмендетуге, сондай-ақ балық ресурстарын сақтауды, балық өндіруші және балықты қайта өңдеуші ұйымдарының, балық және балық өнімдерін сатып алумен және өткізумен, оны көтерме және бөлшек өткізумен айналысатын кәсіпорындардың қызметі туралы ақпаратты жинауды және уақтылы өңдеуге қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Индустриальды дамыған және экономикалық күшті мемлекет дамыған ауыл шаруашылығы бар және ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейінен көбіне елдің әл-ауқатының деңгейіне байланысты. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында цифрлық технологияны кең қолдану еңбек өнімділігін ұлғайтуға, елдің ЖІӨ өсімінде ауыл шаруашылығы саласының үлесін өсіруге, сондай-ақ әлемдік нарықта ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт әлеуетін ынталандыруға мүмкіндік береді.

Тау-кен өнеркәсібінде цифрлық технологияны қолдану

Қазақстан минералдық ресурстарының қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді. Елдің шикізат қоры мырыш, вольфрам, барит зерттелген қорлары бойынша әлемде бірінші орынды, уран, күміс, қорғасын және хромиттер бойынша - екінші, алтын бойынша – алтыншы, мұнай бойынша – он екінші және табиғи газ қоры бойынша – он төртінші орынды алады15. Кен игеру өнеркәсібі елдің өнеркәсіп өндірісінің 60%-ға дейін көлемін айқындайды және жалпы ішкі өнімнің 70% ға жуығын қамтамасыз етеді16, олардың елеулі бөлігін мұнай өнеркәсібі айқындайды (17,6% елдің ЖІӨ17).

Алайда, елдің экономикалық дамуы қаншалықты өндірілген шикізаттың көлемімен ғана емес, соншалықты бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы өнімді әзірлеу және өндіруді қамтамасыз ету икемділігімен анықталады.

Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ минералдық ресурстарға бағаның тұрақсыздығы жағдайында елдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту үшін елдің жер қойнауын басқарудың қағидаттық жаңа тәсілдерін енгізу маңызды. Жер қойнауын пайдалану саласын басқарудың жаңа тәсілі негізінде саланың қатысушылары арасында ақпаратпен кедергісіз және шұғыл алмасуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құру идеясы жатыр.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп елдің дамып келе жатқан экономикасында жетекші орын алады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 35%-ға жуығы, атап айтқанда, өнеркәсіпке келеді, өнеркәсіп орындарында Қазақстан Республикасының экономикасында барлық жұмыспен қамтылған халықтың 20%-дан астамы еңбектенеді. Еуропа мен Азия арасында тиімді орналасуы, біздің еліміздің жер қойнауында бар пайдалы қазбалардың бай қоры, сәтті сыртқы экономикалық саясат жылдан жылға саланың дамуына жағдай туғызады. Қазақстанның қара, сол сияқты түсті металлургиялық өнеркәсібі, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі – осының барлығы мемлекеттің жетекші өндіріс саласы. Қазақстан Республикасының ең ірі өнеркәсіп орындары Павлодар, Шымкент, Семей, Алматы, Қарағанды, Тараз және Өскемен сияқты қалаларында орналасқан. Қазіргі уақытта Қазақстанның экономикасы көбіне осы қалаларда орналасқан өнеркәсіп орындарының жұмысына байланысты.

Қазіргі уақытта Қазақстанды индустрияландырудың 2013-2015 жылдарға арналған картасы шеңберінде инвестицияның жалпы көлемі 4 640 607 миллион теңге өнеркәсіп саласының 43 жобасы ішінен 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12 083 жұмыс орнын құрумен 405 557 миллион теңге сомасына 27 жаңа өндіріс іске қосылды, ол аталған бағдарламаның жылдам жүзеге асырылғаны туралы куәландырады. Мұнда маңыздысы жобаны сапалы орындау және жобаны орындаушылардың жоғары жауаптылығы болып табылады18.

Қазақстанда Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптің 6 басым саласы және экономиканың 14 секторы айқындалды. Орынды әртараптандыру бойынша мынадай – өңдеуші өнеркәсіпті 2012 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай 1,4 есеге өсу қарқынын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан алдында өңдеуші кәсіпорын орындарын дамыту және қолдау көрсету бойынша көкейкесті мәселе тұр. Республикадағы «Қазақстан – 2050» бағдарламасы бойынша өнеркәсіп секторын дамытуға ерекше назар аударылады және маңызы зор. Өнеркәсіпті реттеудің тікелей және жанама құралдары әзірленген. Өңдеуші кәсіпорындардың проблемалары ішкі нарықтың әлеуетіне, көрші мемлекеттердің нарығына қолжетімділік деңгейіне, мұнай-газ немесе металлургиялық саламен салыстырғанда шикізаттық емес сектордың инвестициялық тартымдылығына байланысты фактор ретінде туындайды.

Сонымен, жалпы өнеркәсіп бойынша жабдықтардың тозуының жоғары деңгейі (салалар бойынша орташа 48,7% деңгейінде), қуаттың төмен жүктемесі (61,4%) орын алған, ол еңбектің төмен өнімділігіне, әлсіз және ескірген техникалық жабдықталуымен байланысты. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды біртіндеп жаңғырту және жаңа ақпараттық және IT жүйелерін іске қосу қажет. Жалпы өнеркәсіп әлеуетінің, сондай-ақ экспорттың 70%-ы мұнай-газ секторына келеді, ол Республиканың тікелей шикізат тәуелділігін дәлелдейді, осының салдарында экономиканың өңдеуші секторына қайта бағдарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар қабылданды.

Статистикадан көріп тұрғанымыздай, мұнайды өндірумен және металдардың өндірісімен байланысты емес салалардағы жабдықтардың тозу деңгейі соңғы үш жыл ішінде 45%-дан 62%-ға дейін құрады. Өңдеуші өнеркәсіп орындарында толық тозған машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарының меншікті үлес салмағы 12%-ға жетті. Бұл ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін төмендетуге, өндірістік апаттар тәуекелінің өсуіне, электр энергиясы мен суға жұмсалатын шығынның өсуіне әкеледі. Егер Қазақстанда ЖІӨ 1 доллар өндірісіне 2,8 киловатт-сағат жұмсалса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде осы көрсеткіш 0,22-0,3, ал АҚШ, Францияда, Түркияда, Кореяда - 0,4-0,6, Канадамен Қытайда - 0,8-1,2 киловатт-сағатты құрайды.19

Қазақстанның жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары техникалық деңгейі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, кешенділік және шикізатты өңдеу тереңдігі, экологиялық көрсеткіштер мен энергия сыйымдылығы бойынша шетелдің алдыңғы қатарлы өндіріс орындарынан айтарлықтай артта қалған.

Жаңа озық технологиялар мен инновацияларды пайдалану жағынан да шетелдік бақталастардан едәуір артта қалады. Өндірістерді жетілдіру бойынша жүйелік шаралар «Өнімділік 2020» бағдарламасында белгіленді, бұл бағдарлама қолданыстағы кәсіпорындарды қолдауға және жаңа өндірістерді дамытуға бағытталған.

Әлемдік тәжірибенің зерттеуіне сәйкес, едәуір минералдық ресурстық қоры бар басқа Австралия, Ұлыбритания, Норвегия, Жаңа Зеландия және Канада сияқты мемлекеттер әлемдік нарықтағы жер қойнауын пайдалану саласындағы өздерінің бәсекелестік қабілетін біршама көтере алды және инновациялық технологияларды қолдану арқылы саланы жаңғырту нәтижесінде негізгі капиталдағы мемлекеттің ішкі өніміне (ЖІӨ) жалпы инвестиция үлесін ұлғайтты.

Мысалы, Жаңа Зеландияда бүгінгі күні реттеуші орган электрондық аукцион арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынады.

Батыс Австралияда геологиялық ақпарат көпшілікке қолжетімді тәртіпте, және, қажетті барлық ақпараттар сүзгіден өткізу қызметі арқылы интерактивті картада бейнеленеді және әрі қарай талдау үшін машиналық оқу форматында жүктеледі. Ұлыбританияда жер қойнауын пайдалану порталының пайдаланушыларының порталдағы геологиялық ақпараттар негізінде жасалған аналитикалық есептемелерін сатуға ұсыну мүмкіндігі бар. Осылайша, геология саласындағы қолданбалы аналитика қызметіне бағытталған компаниялар үшін бұл портал технологиялық инкубатор болып табылады.

Қазіргі уақытта әлемдік заманауи өнеркәсіптің негізгі тренді, өз кезегінде өндірістік цифрландырумен тығыз байланысқан, жаңа индустриялық төңкеріс болып табылады. Германия, Корея, Қытай сияқты дамыған және дамып келе жатқан елдердің өнеркәсіптік салалары цифрлық трансформация бағытына бұрылған, бұл дегеніміз, өнеркәсіптің үрдісі мен компонеттерінің өзгеруі, олардың зияткерлік желілерге бірігуі. Мысалы, Германияда «Индустрия 4.0» бағдарламасы қабылданған, оны немесе төртінші өнеркәсіптік төңкеріс деуге болады. BCG болжауы бойынша жақындағы бес-он жылда «Индустрия 4.0» тәсілдемелері мен технологияларын қолдану арқылы өнеркәсіптің барлық өндірістік секторларындағы өнімділікті 90-нан 150 млрд.еуроға, еңбек өнімділігін 20-30%-ға көтеріп, сонымен қатар болашақ 10 жылда тұрғындардың еңбекпен қамтылуын 6%-ға дейін жоғарлатуға болады.

Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану саласының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның негізі ретінде, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Минералдық ресурстардың «Ұлттық деректер қорын» құру жоспарлануда. Бұл идеяның басты мақсаты бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын деректерді жинақтау мен сақтау үшін бірыңғай құрал ұсыну арқылы, мемлекет жер қойнауы туралы осы деректердің сақталуын қамтамасыз етумен бірге, осы деректерді ықтимал инвесторларға ұсыну арқылы бұл салаға қосымша инвестициялар тарта алады.

Сонымен қатар, бұл құрал жер қойнауын пайдалану құқығын беру үрдісін автоматтандыру есебінен, мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушы субъектілердің тікелей өзара әрекеттестік қатынасы болмайтындықтан, мемлекет тарапынан минералдық-шикізаттық кешенді басқарудың ашық және әділ болуын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Саланың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының негізі ретінде «Ұлттық деректер қорын» құру, мұнан былай нақты уақыт режимінде минералдық шикізатты игеру операцияларын бақылау және есепке алу жүйесін енгізуге мүмкіндік береді. Бұл жасырын айналымды қысқарту есебінен салық салу базасын кеңейтеді, экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді, және мысалы, мұнайдың төгілуі сияқты төтенше жағдайларда жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, нақты уақыт режимінде минералдық шикізатты игеруді бақылау жүйесін енгізудің сынамалы шаралары ретінде мұнайды өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Мұнайды есепке алу жүйесін енгізу мұнайдың жасырын айналымын қысқарту есебінен бюджеттің табысты бөлігін үлкейту мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар практикалық тәжірибені жинақтау және технологияны кеңейту үшін минералдық ресурстардың басқа басым түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жер қойнауын пайдалану саласын басқарудың технологиялық тәсілін енгізу саланың дамуын және әлемдік нарықта бәсекеге жарамдылық қабілетінің жоғарлауын шапшаңдатып, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар тудырады, осылардың нәтижесінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және мемлекет бюджетіне түсетін табыстың көбеюіне ықпал етеді.

Ағымдағы кезеңде өндіріс көрсеткіштерінің жағымды өсу динамикасы байқалғанымен, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өз өндірістік қызметтерінде жоғарғы технологияларды игерудің төмен деңгейін ескере кету керек.

Сонымен, Қазақстан Республикасы өнеркәсіптерінің еңбек өнімділігі мен өндіріс көлемдерін көтеру үшін және шығарылатын өнімдерінің өзіндік құнын төмендету үшін цифрлық технологияны қолдану шараларын жүзеге асыру қажет.

«Индустрия 4.0» төртінші өнеркәсіп элементтерін жүйелі және дәйекті түрде енгізу үшін Қазақстан Республикасы экономикасының технологиялық даму деңгейіне талдау жасап, экономика салаларының жаңа тәсілдемелерге әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау қажет.

Сонымен қатар Қазақстандағы өнеркәсіпті цифрландыру үшін McKinsey&Co және (Almaty TechGarden) «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА (Арнайы экономикалық аймақ) бірлесіп, ТМК (Тау-металлургиялық кешен) құзыреттілік орталығы мен технологиялық ұлтаралық компаниялар негізінде Цифрлық өнеркәсіп бойынша құзырет орталығын құруды жоспарлап отыр, оның мақсаты - өндіруші кәсіпорындарда өндірістік процестерді жетілдіру және автоматтандыру бойынша сынамалы жобаларды, деректерді жинақтау және тереңдетілген талдау жасау бойынша жобаларды жүзеге асыру.

Бірінші кезекте ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым құрылады, нақты айтқанда, кең жолақты Интернет желісіне қосылу, сонымен қатар 10 ірі кәсіпорындарда және 1 арнайы экономикалық аймақта цифрлық өнеркәсіп бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін өнеркәсіптік Интернетке қосылу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Мұнан былай датчиктер жүйесін енгізу және жетілдіру арқылы өндірісті ішінара автоматтандыру бойынша 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Цифрлық технологияны көлікте және логистикада қолдану

Көліктік-логистикалық жүйе Қазақстан аймақтарының арасындағы экономикалық байланысты жүзеге асыратын негізгі құрал, сонымен қатар қазақстандық тауарларды әлемдік нарыққа экспортқа шығаратын басты таратушы болып табылады.

Қазақстан Республикасының көліктік- транзиттік әлеуетін дамыту Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің маңызды стратегиялық бағыты болып табылады. Бұл стратегияның мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымалдаудың, оның ішінде автокөлік және теміржол транзиттік тасымалдауының көлемін көбейту.

Қазақстанның экспорттық операцияларының көлемі 2020 жылға дейін 96 млн. тоннадан 147 млн. тоннаға дейін (53 %-ға) 1,5 есе өсуі мүмкін, осыған орай көліктік-логистикалық қызмет көрсету жүйесінен Ресейге, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Еуропаға және Орталық Азияға қосымша жүк ағындары қажет етіледі.

Сонымен қатар, Қазақстанмен іргелес жатқан мемлекеттер арасындағы сауда операцияларының көлемі 1,5 есеге өсіп, 2020 жылға дейін 180 трлн. теңгеге жетеді деген болжам бар, бұл жағдай Қазақстан Республикасы арқылы транзит әлеуетін тудырады.

Мемлекеттің көліктік жүйесі қатынас жолдарының үлкен және күрделі кешенін құрайды, олардың негізгісі автокөлік және ауа қатынастары көліктерінің түрі болып табылады, сонымен қатар өзен-көл көліктерінің де аз ғана үлесі бар.

Автомобиль көлігі саласында келесі проблемалар бар:


  1. Жалған транзит орын алады: транзиттік жүкті тасымалдау барысында бағыты мен тасымалдау кестесі бұзылады, нәтижесінде бұзушылардың тауарлары кедендік бақылаудан өтпейді. Көп жағдайларда зиянкестер қылмыстарын жасыру мақсатында түсірілген тауардың орнына құм салған қапшықтар немесе басқа жүкті тасымалдайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бүгінгі күнде – Мемлекеттік кіріс комитеті) 2013 жылы мемлекетке жасырын өткізілген тауарлардан шамамен 1,7 миллиард теңге20 көлемінде залалды өтеп берді. Бүгінгі күнде мұндай заңбұзушылықты анықтау жедел-іздеу шараларын жүргізу арқылы ғана мүмкін болады. Сонымен, ағымдағы күні көліктік ағынның қарқындылығы мен құрамы бойынша, транзиттік автокөлік қоғалысы бойынша нақты ақпарат алу қажеттілігі туындауда.

  2. Астана Экспо – 2017 Халықаралық көрмесіне дайындалу барысындағы маңызды міндеттердің бірі – қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан қауіпті жүктерді тасымалдаумен байланысты апаттық және төтенше жағдайлар туындағанда арнайы жедел ден қою қызметтерінің ақпараттық қолдаудың маңызы зор.

  3. Көлік қозғалыстарының бағыттары мен кестелерінің ұстануын бақылау рейдтер негізінде жүзеге асырылады. Қозғалыстарының бағыттары мен кестелерінің орындалуы бойынша есептемелердің, талдау қорытындыларының негізінде заңбұзушылықтар, жалпы үрдісі анықталады, және осының негізінде басқару шешімдері қабылданады және НҚА түзетулер енгізіледі.

  4. Жалпы заманауи телекоммуникациялық және спутниктік жүйелердің көмегімен көліктік тасымалдау мониторингін толық мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жетілмегендігі байқалады

Егер экономиканың көліктік саласы бойынша әлемдік тәжірибені алатын болсақ, жоғарыда аталған мәселелердің кейбіреуін шешу үшін өткен ғасырдың 90-шы жылдарында АҚШ-да интеллектуалдық көлік жүйесінің (бұдан әрі – ИКЖ) алғашқы стандарттары әзірлене бастаған. 2002 жылдан 2012 жылға дейінгі мерзімде АҚШ-да ұлттық интеллектуалдық көлік жүйесі бағдарламасы жүзеге асырылды.

Мысалы, Окленд, Мичиган округында: автодаңғылдағы басқару жүйесі көлік құралдарының орташа жылдамдығын кем дегенде 5,4 миль/сағ жоғарлатты, жол жүрудің орташа уақытын шамамен 4,6 минутқа қысқартты және қаладан тыс жолдардағы кідірісті 22%21 азайтты.

Чикаго мен Нью-Йоркте: Электрондық жүйелер жүк тасымалдау құжаттарын тексеруге және бір көліктен екінші көлікке жүкті тапсыруға жұмсалатын уақытты азайтты. Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, жүк тасымалдау құжаттарын және жүкті өңдеуге кеткен уақыт 57 – 100%22 қысқарған.

ИКЖ – бұл ақпаратты өңдеу және ұтымды (тиімді) шешімдер мен басқару әрекеттерін анықтау бойынша өте күрделі қызметтерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін телематикалық транспорттық жүйесі.

Жапонияда ИКЖ құруға өткен ғасырдың 70-ші жылдарының бірінші жартысында кірісті, алдыменен ғылыми зерттеулер жасалып, кейіннен олар жалпы ұлттық әл-ауқатты23 көтеру үшін әлеуметтік-бағыттық бағдарлама түрінде рәсімделді.

2003 жылы «ИКЖ-Жапония» қоғамымен тағы да бір кезеңдік құжат – «Жапониядағы ИКЖ дамыту стратегиясы» дайындалды, онда үш «нөлдік» мақсат жүйесі декларацияланды:

1. Жапония – жолдардағы нөлдік шығын аймағы;

2. Жапония – жолдардағы нөлдік іркіліс аймағы;

3.Жапония – қолайлы көліктік жағдайлар аймағы (жолдардағы нөлдік қолайсыздық аймағы).

Бүгінде Жапонияда ИКЖ – жабдық жоғарғы және орта кластағы автокөліктердің барлығына міндетті түрде орнатылады.

Қытайда Коммуникация министрлігі ИКЖ дамытуға 1997 жылы кірісті, ең алдымен ИКЖ Ұлттық инжиниринг және технологиялар орталығы құрылды.

2003 жылы ИКЖ стандарттау бойынша Қытай ұлттық техникалық комитеті құрылды, 2007 жылы «Қытайдың ИКЖ дамыту стратегиясы» қабылданды. Қытайда ИКЖ дамыту мемлекет тарапынан толығымен бақылау жүргізіле отырылып, жоспарлы түрде жүзеге асырылады. ИКЖ-сервистерін әзірлеу және енгізу бойынша тиісті тапсырмалар экономиканы дамытудың бесжылдық жоспарларында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасында ИКЖ енгізу келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:


  1. Көлік құралдарын басқару арқылы транзиттік әлеуетті көтеру (транзиттік көлікті бағдарлау, транзиттік көліктің қозғалысын жоспарлау, сервистің бекітілген деңгейін сақтау, транзиттік ағынның кепілденген өту уақытын қамтамасыз ету, транзиттік көлікті басқару үшін қажетті борттық жабдықтарды біріктіру);

  2. Көліктегі қауіпсіздікті күшейту;

  3. Логистика және көлікті басқару (жолаушыларды және жүкті, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды басқаруды қамтамасыз етеді), тасымалдауларды басқару қызметін автоматтандыру арқылы тұрақты жолаушылар тасымалдауларының қауіпсіздігін күшейту;

  4. Көліктегі барлық қызметтер әрекеттерінің жеделдігін үдету және тиімділігін көтеру.

Автомобиль саласындағы тағы да бір мәселе автокөлік жолдарының жағдайы болып табылады.

Сонымен, республикалық деңгейдегі автокөлік жолдарының жағдайы туралы ақпараттар бойынша 2015 жылға23 келесі статистика берілген:



  • жолдардың 37% (8 662 км) жақсы жағдайда;

  • жолдардың 46% (10 901 км) қанағаттанарлық жағдайда;

  • жолдардың 17% (4117 км) нашар жағдайда.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында жол активтерін басқару жүйелері сияқты автожол активтер бойынша кешендік шешімдер қолданылмайды. Көп ақпарат жұмысты жүргізуші мекеменің жергілікті деректер қорына жиналады. Дегенмен бұл ақпарат деректердің ортақ қорына шоғырланбайды, сондықтан автоматты түрде өңдеп, толық есептемелер мен болжамдар алу мүмкін емес. Осыған байланысты жол желісінің жағдайы туралы нақты және объективті көрініс жоқ.

Жол бетін жөндеу жағдайын талдап, монитринг жасау үшін жол активтерін басқару жүйесі – жолдарды құрал-сайманмен жете тексеру деректері негізінде қажетті инвестиция көлемін болжайтын, жолдардың таңдалып алынған жөндеу-қалпына келтіру іс-шараларының стратегиясына байланысты техникалық жағдайын болжайтын ақпараттық жүйесі пайдаланылады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттерінің тәжірибесіне сәйкес бұл жүйе Австралияда, Ұлыбританияда, Францияда, Жапонияда, Кореяда, Германияда және т.б. елдерде нәтижелі жұмыс істеп келеді. Негізінен бұл жүйелер мемлекеттік органдар деңгейінде жол агенттіктері түрінде құралған және жол жағдайларының сапасының өзгеруін және мердігерлердің жұмысының сапасын объективті бағалайтын құрал ретінде қызмет етеді.

Жол активтерін басқару жүйесінің көмегімен келесі міндеттерді шешуге болады:



  1. Қазақстандағы жолдарға байланысты анық және нақты, сонымен қатар басқа тұлғалармен деректермен алмасу үшін жарамды ақпараттар ұсыну үшін деректер қорын құру;

  2. Автожолдардың диагностикасы, жолдардың қызмет көрсету-пайдалану жағдайлары, көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамы, жол-құрылыс материалдары мен олардың сипаттамалары, жолдарға қойылатын нормативтік талаптар және т.б. туралы деректер қорын қалыптастыру және үнемі жаңартып отыру;

  3. Шектелген ресурстарды ескере отырып, ағымдағы кезеңге жөндеу іс-шараларының кезектілігін жоспарлау;

  4. Жолдардың жағдайларын болжау және жөндеу жұмыстарының болашақтағы кезектілігін жоспарлау, олардың құнын анықтау, негіздеу;

  5. Оңтайлы технологияларды таңдап, жол-жөндеу жұмыстары бойынша жоспарды орындау;

  6. Жол-жөндеу жұмыстарының сапасының бақылауын қамтамасыз ету.

Көлік-логистикалық бағытты талдау барысында жол-көлік оқиғаларының факторын (бұжан әрі - ЖКО) тыс қалдырмау керек. ЖКО-да зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы халықаралық зерттеулер нәтижесінде жарақат алғаннан кейін 30 минут аралығында алғашқы медициналық көмек алған тұлғаларда бұл көмек аталған уақыттан кейін көрсетілген тұлғаларға қарағанда асқынулар екі есе сирек туындайтыны анықталған. Жарақат алғаннан кейін алғашқы сағатта медициналық көмек ала алмау ауыр жарақаттанушылар арасындағы өлімді 30%-ға, 3 сағатқа дейін созылып кетсе – 60%-ға және 6 сағатқа дейін көмек ала алмаса – өлген адамдардың саны екі есе көбейеді.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Баспасөз қызметінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы ЖКО және оларда зардап шеккендер бойынша мәліметтеріне сәйкес тіркелгені:



  • 2013 жылы – 23359 ЖКО;

  • 2014 жылы – 20378 ЖКО (2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 12,8%-ға азайған);

  • 2015 жылы – 18890 ЖКО (2014 жылдың деңгейімен салыстырғанда 7,3%-ға азайған).

Оның ішінде ЖКО зардабынан қайтыс болғандар:

  • 2013 жылы – 3 022 адам;

  • 2014 жылы – 2 585 адам (2013 жылдың деңгейі мен салыстырғанда 14,5%-ға азайған);

  • 2015 жылы – 2 453 адам (2014 жылдың деңгейі мен салыстырғанда 5,2%-ға азайған).

ЖКО нәтижесінде жарақат алғандар:

  • 2013 жылы – 29 872 адам;

  • 2014 жылы – 25 942 адам (2013 жылдың деңгейі мен салыстырғанда 13,2%-ға азайған);

  • 2015 жылы – 24 055 адам (2014 жылдың деңгейі мен салыстырғанда 7,3 %-ға азайған).

Мұндай жүйелер басқа елдерде белсенді түрде қолданылады (АҚШ-да бұл E-91124, Еуропада – eCall25) және нәтижесі жаман емес. Бұл жүйелер азаматтарға кешенді көмек көрсетуге мүмкіндік береді, бұл кейбір күрделі жағдайларда өте маңызды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша Еуроодақ жолдарындағы апаттар салдарынан 25 700 адам қайтыс болған. Сарапшылардың пікірі бойынша жаңа жүйе енгізу арқылы зардап шегушілердің санын жылына 10%-ға дейін азайтуға болады. Мамандардың айтуынша, 112 қызметінің негізінде құрылған eCall жүйесін жетілдіру Еуроодақтың 28 қатысушы мемлекеттеріндегі қауіпсіздік көрсеткішін көтеруге мүмкіндік береді. Автокөлік апаты болған жағдайда, қызметтерге автоматты түрде хабарлама беретін eCall құрылғысы 2018 жылдың наурыз айынан бастап барлық жаңа автокөліктер мен минивэндерде орнатылады. Еуропалық Парламентпен қабылданған бұл қаулы міндетті болып саналады.

Жедел ден қою жүйесіне қатысты бүгінгі күні Мәскеу қаласында байланыс-орталығы жұмыс істейді және ол орталықта шақыруларды қадағалап, өңдеу бойынша міндеттермен 5 адам ғана айналысады.

Қазіргі кезеңде Беларусь Республикасында навигациялық аппаратура жиынтығы әзірленген, автомобильдік көлікті диспетчерлендіру бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін Ұлттық навигациялық-ақпараттық орталық құрылған, Минск қаласында «ЭРА-РБ» жүйесінің тәжірибелік учаскесі ұсынылған, жүйенің сынамалы байланыс-орталығы құрылған. «АГАТ – басқару жүйелері» АҚҰ негізінде құрылатын Навигациялық-байланыс жабдығын сертификаттау орталығын құру туралы мәселе қаралуда.

Қазіргі уақытта халықаралық деңгейде ақпараттық жүйелер арқылы жедел ден қою қағидалары жетілдір ілуде, бұл жедел ден қою жүйелерін құру үшін айқын ұсыным болып табылады.

Қазақстан Республикасында төтенше жедел көмек көрсету қызметтерін шақыру жүйелерін енгізу нәтижесінде қалалардағы ЖКО-да әрекет ету уақытының 50%-ға азаятынын (10 минутқа азайды) және республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда 20%-ға (10 минутқа азайды) немесе орта есеппен 30%-ға азаятынын болжауға болады.

Жол-көлік апаттарының салдарынан жыл сайынғы өлімдер туралы жоғарыда берілген ақпараттарды есепке ала отырып (2013-2015 жылдардағы орта есеппен алғандағы адам өлімінің шамасы - 2 692) ЭВАК жобасы (апаттарда электрондық шақыру) «алғашқы» сағат ішінде жедел жәрдем көрсетуді 30%-ға жоғарлатып, жол-көлік апаттарындағы өлім санын жылына 808 адамға қысқартады (2 692*0,3) деп болжауға болады.

Қазақстандағы көліктің негізгі кемшіліктерінің арасында тасымалдаулардың нашар ұйымдастырылуын, көліктерде пайдаланылатын ескі технологияларды және көлік қызметтері сервиснің төмен деңгейін айтуға болады. Саланың мәселесі - инфрақұрылымның жетілмеу және оның даму шарттарының болмау себебінен транзиттік әуетасымалдау дамуының төмен деңгейі.

Қазақстандағы жүк әуетасымалдау нарығы шешілмеген мәселелер, оның ішінде жүк авиатасымалдау нарығының жүк тасымалдау саласының заманауи халықаралық үрдісіне сәйкес болмауы себебінен белсенді жүзеге асырылмай келеді.

Жүк тасымалдау саласындағы ағымдағы жағдайлардың себептері әуе, салық және кедендік салалардағы технологиялық және құқықтық жетілмегендік, сонымен қатар жүк әуетасымалдаушылар мен салалық мемлекеттік органдар арасында электрондық қарым-қатынастың болмауы болып табылады.

Жүк ағынын күшейту үшін әуе көлігінің әуежайда тұру уақытын қысқарту қажет. Мұны қағаз құжаттарының санын және оларды жүк тасымалдау процесіне қатысушы тараптардың бір біріне тапсыру кезеңінің ұзақтығын қысқарту есебінен жүзеге асыруға болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес 2015 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау көлемі 2015 жылы 17,2 мың тоннаны, ал 2014 және 2013 жылдардағы осындай кезеңде - сәйкес26 19,1 мың тонна және 23,9 мың тоннаны құрады.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде әуе жүктерінің өңделу процестерін қысқартуға және тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік беретін әуе жүк тасымалдау бойынша қағазсыз құжат айналымы стандартын енгізу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.

«E-freight» - әуе жүк тасымалдауды қағазсыз рәсімдеу және сүйемелдеу бойынша Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) ұсынған халықаралық стандарт. «Е-freight» мазмұны қағаз құжаттарын пайдаланудан (20 құжат27) бас тарту және жүкті әуе көлігімен тасымалдауды дайындау, рәсімдеу және орындау процесіндегі қарым-қатынаста кедендік және салықтық салалардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ете отырып, оларды сәйкес электрондық құжаттарға ауыстыру шараларынан тұрады.

«Е-freight» қатысушылары – әуе компаниялары, жүк тасымалдау агенттіктері, жерде қызмет көрсету кәсіпорындары, әуежайлар, кедендік органдар, фито- және ветеринарлық санитария органдары.

Қазақстан Республикасында «Е-freight» жобасын енгізу арқылы келесі табысты нәтижелерге қол жеткізуге болады:

- әуе кемелеріне қызмет көрсетуді жеделдету есебінен әуе жүк тасымалдау саласындағы шығындарды қысқарту;

- транзит барысында уақытты үнемдеу: құжаттарды жүктің өзін жөнелтуге дейін жіберу құжаттарды өңдеу кезеңін қысқартады, осының нәтижесінде әуе кемелерін 10 минут ішінде жөнелтуге мүмкіндік туады.

- ақпараттың дәлдігіне қол жеткізіледі, өйткені ұшу бекетінде электрондық деректерді бір жолғы енгізу деректердің анық немесе толық болмауынан жүкті жөнелтудің кідіру мүмкіндігін төмендетеді;

- үдерістер мәліметтерінің ашықтығы: электрондық құжаттама жүктің тасымалдау жағдайын онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді, бұл жүктің жіберушіден алушыға дейінгі қозғалысы процесінде сыбайлас жемқорлық жағдайларының болуын азайтады;

- жоғары деңгейдегі қауіпсіздік: электрондық құжат тек жүк тасымалдау процесіне қатысушы тараптарға ғана қолжетімді болады;

- экологиялық: жүйе қағаз құжаттарынан арылуға мүмкіндік береді, яғни, бұл елдің орман қорын сақтауға өз үлесін қосады.

Мемлекет басшылығы тарапынан индустриялық-инновациялық тездетіп даму стратегиялық міндеті қабылданғанын ескере кеткен дұрыс, ол көлік саласындағы мәселелердің шешілуінсіз жүзеге асырылмайды.

Сонымен, жоғарыда атап көрсетілген жобалар Қазақстан Республикасының көліктік және логистикалық ортасын ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

Электрондық сауда

Электрондық сауда электрондық сауда қатысушылары арасында электрондық байланыс құралдарын қолданумен тауарларды сату-сатып алу туралы келісім (шарт) негізінде сауда келісімін жасасу жолымен жүзеге асырылады.

Ұялы телефонның жаппай тарауы, оптикалық-талшықты желілердің қызметінің енуі тұрғындар арасында Интернетке қолжетімділік деңгейін әжептәуір жоғарлатты. Жаңа қосымшалар, платформалар мен қызметтер электрондық нарыққа шығу кедергілерін төмендетеді. Жетілдірілген төлем шешімдері мен пошталық-курьерлік жеткізілімдердің дамуы кәсіпорындар үшін де, тұтынушылар үшін де электрондық сауда мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Электрондық сауда саласындағы НҚА-дің оперативті өзгеруі электрондық сауда қатысушылары арасындағы сенімді күшейтеді. Осы бағыттардың бірінің артта қалуы бүкіл саланың дамуына кедергі келтіреді.

Бүгінгі күнде Қазақстандағы электрондық сауда нарығы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 720 бұйрығымен бекітілген Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі. Қазақстанда электрондық сауда процесінде жасалған мәмілелер де дәстүрлі мәмілелерді реттейтін құжаттармен реттелетінін ескере кеткен жөн.

Электрондық сауданың дамуына қатысты жақындағы оқиғаның бірі Президенттің төлемдік қызмет тұтынушыларының қызығушылығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен төлем жүйелері туралы» Заң жобасына қол қоюы болды.

Тауарлардың жеткізілуіне қатысты айтатын болсақ, бүгінгі күні халықаралық стандарттың ішкі логистикасы және осы нарықта бәсекенің болуы ірі қалаларда кездеседі. Әсіресе Қазақстанның шеткі аймақтарында сапалы логистика қызметі жетіспейді.

Қазақстандағы электрондық сауда нарығы келесі көрсеткіштермен сипатталады: 2013 жылы Интернет арқылы жекелеген сауда көлемі 28 млрд. теңгені немесе жалпы жекелеген сауда көлемінің 0,5%28 құрады; 2014 жылы Интернет арқылы жекелеген сауда көлемі 41,3 млрд. теңгені немесе жалпы жекелеген сауда көлемінің 0,7%29 құрады; 2015 жылы Интернет арқылы жекелеген сауда көлемі 50,9 млрд. теңгені немесе жалпы жекелеген сауда көлемінің 0,8%30 құрады.

Электрондық сауда осы заманғы әлемдік экономиканың ажырамас бөлігі болды. Әлемдегі тұтынушылардың көп бөлігі қазіргі күні Интернет арқылы тауар сатып алады, ал сауда ұйымдары қалай болғанда да өздерінің кәсіпкерлік қызметтерін жүзеге асыруда осы желінің мүмкіндіктерін пайдаланады. The Boston Consulting Group деректері бойынша БРИКС мемлекеттерінің арасында жалпы жекелеген сауда көлеміндегі электрондық сауда үлесі бойынша жетекші ел Қытай болып табылады – 8,4%31. Ресейде онлайн-жекелеген сауда үлесі 3,3%32 құрайды.

Қазақстандағы жалпы жекелеген сауда көлеміндегі электрондық сауда үлесінің төмен деңгейі поштаны мерзімінде кепілді жеткізудегі, төлем құралдарының қолжетімділігі және электрондық сауданың қағидалармен бекітілуіндегі мәселелердің болуы нәтижесінен болып отыр.

Алыстағы елді мекендерге тауарларды жеткізу қымбатқа түседі және мерзімі бойынша қолайсыз болады. Сонымен қатар, пошталық жөнелтулердің жоғалып кету жағдайы кездеседі. Осы фактілер Қазақстандағы электрондық сауданың дамуына кері әсерін тигізеді.

Осыған байланысты бүгінгі күні ірі интернет-дүкендер жеткізілімдерді өз күштерімен жүзеге асырады немесе сервис деңгейін дамытып, электрондық сауда өкілдеріне сенімділікті арттыру мақсатында өздерінің курьерлік қызметтерін ұйымдастырады. Дегенмен, интернет-дүкендердің курьерлік қызметтері тек қала тұрғындарына қызмет көрсетуге бағытталған, сондықтан да ауылдық жерлердегі сапалы сервис туралы айту қиын. Осыған орай, Шеттегі аймақтардағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы тауарларды жеткізу сервисінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасау бойынша заманауи құралдардың болмауы да Қазақстандағы электрондық сауданың дамуына кері әсерін тигізеді. Тауарлар үшін төлемдердің көп бөлігі қолма-қол төлемдер арқылы жүргізіледі, бұл ақшасыз төлемдердің сенімді тәсілдерінің болмауының дәлелі. Тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасаудың заманауи құралдарын енгізу электрондық сауданың дамуына оң әсерін тигізеді.

Әлеуметтік-саяси кедергілерге әлемдік тәжірибе мен өзіндік тәжірибені ескерсек, электрондық сауда саласында Интернет арқылы саудагерлер мен тұтынушылар арасындағы сенімділікті арттыратын сапалы және нәтижелі қызмет ететін НҚА болмауы жатады. Бағдарлама аясында электрондық сауданы дамытуға қатысты нормативтік-құқықтық негізді жетілдіру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың жүзеге асуы шағын және ірі бизнестің болашақ дамуының кепілі және заманауи дамыған заманның құрамдас бөлігі болатын, Қазақстандағы электрондық сауданың дамуының маңызды факторлары болып табылады.
Қаржылық технологиялар

Цифрлық өзгерістер түріндегі қаржылық қызмет көрсету саласындағы жаңа технологиялар банк саласының ауқымы мен тиімділігін көтеруге, қаржылық қызмет көрсету сұранысын кеңейтуге, ақшасыз төлем жүргізу үлесін көбейтуге, көлеңкелі экономика көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының қаржылық секторы мемлекет экономикасының әлсіз жағының бірі болып табылады: бәсекеге қабілетті мемлекеттер арасындағы жалпы рейтингте Қазақстан 42-ші орында тұрса, қаржылық нарығының дамуы бойынша – 91-ші орында (2015-2016 ж. Әлемдік экономикалық форум индексіне сәйкес)33. Сондықтан қаржылық сектордың төменгі рейтингі экономиканың жалпы артта қалуының себебі болады, және әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену мақсатына жетуге кедергі болады.

Цифрлық қаржылық инфрақұрылымның дамуының екі тоғыспалы негізгі бағыты бар, олар – түрленуі басқа бағыттар бойынша табысты қызметке қажетті деректерді басқару инфрақұрылымы және төлемдердің экожүйесі.

Деректерді басқару инфрақұрылымын жақсарту қатысушы тараптардың барлығына ашық интерфейс арқылы тең қолжетімділік, сонымен қатар деректердің шығу тегінің нақты құрылымын анықтауға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл инфрақұрылым мемлекеттік органдардың жүйелерінен және Кредит бюросынан қаржылық ақпарат алады. Деректерді пайдаланушылар өз бизнестерінің тиімділігін арттырып, жаңа қызмет түрлерін әзірлеп, енгізе алады.

Төлемдік экожүйені, оның ішінде шағын төлемдер жүйесін дамыту ақшасыз төлемдердің көлемін арттыруға, банкоматтарды біріктіру бағдарламаларын құруға, дәл қазіргі уақыт режимінде төлемдер жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Заманауи төлем технологиялары, оның ішінде электрондық шот ұсыну және электрондық билеттер сату, пайдаланушылар тарапынан қаражатты аударудың тиімді әдістерін қолдану арқылы төлемдер жасау пайда болады.

Мобильді экожүйені құру тәуекелді бағалауды жақсарту үшін деректердің заманауи инфрақұрылымын құруға, Р2Р кредиттеу және төлемнің әртүрлі тәсілдерімен мобильді кошелек құруға мүмкіндік береді. Бұл экожүйе клиенттерге таңдаулы және тиімді ұсыныстарды тез іздеп табуға көмектеседі. Қаржыларды басқарудың мысалы, автоматты түрде бюджеттеу, жеке жай-күйін жақсарту мәселесі бойынша онлайн-кеңес бере отырып, нарықта капиталды инвестициялау сияқты әртүрлі құралдарының болуы жиналған ақшаларын көбейтіп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз етеді.

Жаңа технологиялар қаржыландырудың тиімді баламалы нұсқалары мен ақшасыз төлемдер тәсілдерін пайдалану арқылы шағын және ірі бизнес өсімінің қарқынды артуына мүмкіндік жасайды. Екінші деңгейлі банктер деректер нарығының негізінде кредиттеудің инновациялық жүйелерінің дамуы есебінен кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерін азайта алады.

Басым қызмет бағыттарының бірі жаңа қаржы технологияларды дамыту болып табылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру маңызды көрініс болып табылады. Ол жеңілдікті салық режимі және тәуелсіз қаржы соты бар ағылшын құқығы қағидасында негізделетін болады.

Таяудағы 5 жылда қаржы технологиялар саласы қаржы қызметтерінің әлемдік нарығын едәуір өзгертеді. АХҚО заманауи, жаңа технологиялық, биржалық инфрақұрылым, зертханаларды дамыту және өз қызметтерін қаржы орталығында жүзеге асыратын ірі қаржы және технологиялық компаниялармен тығыз ынтымақтастығының есебінен қаржы технологиялар саласындағы жобалардың тартылу орталығы болады.

Қаржылық сектор мемлекеттің экономикасының көптеген секторлары мен салаларына әсер етеді және Қазақстанның дамуының маңызды факторы болып табылады. 2016 жылғы 20 маусымда Директорлар Кеңесімен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақпараттық технологияларының 2015-2020 жылдарға даму стратегиясы аясында Ұлттық Банк пен екінші деңгейлі банктер тарапынан заманауи инновациялық технологияларды дер кезінде енгізу қойылған мақсаттарға жетуге, әлемдік экономикаға жаһандануды қарқындатуға мүмкіндік береді және тұрғындардың әл-ауқатының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.



Цифрлық технологияларды денсаулық сақтау саласында қолдану

Қоғамдық денсаулық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштердің сипаттамасы. Ең алдымен: демографиялық жағдай, тұрғындардың ауру-сырқауларының жағдайы, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатының жағдайы, медициналық қызмет көрсететін емдеу мекемелері желілерінің жағдайы, олардың қызметі. Қоғамдық денсаулық жағдайының сипаттамасы үшін сонымен қатар экономикалық сипаттағы негізгі өлшемдер қолданылады: денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) шығын үлесі; осы шығындардың құрылымы (амбулаторлық және стационарлық медициналық көмектің үлесі, профилактикалық іс-шараларға жұмсалатын шығын үлесі және денсаулық сақтау саласының басқа іс-шараларына).

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл саланы ақпараттандыру расталған ақпарат алу мен аналитикалық болжамдарды құрудың негізгі аспектісі болып табылады.

Медициналық технологияларды енгізу тиімді профилактикалық шаралар, сапалы диагностикалау (портативті ықшам диагностикалық кешендер, ауылдық жерлердегі мобильдік диагностикалық жабдықтар, КТ/МРТ – диагностикасы) және емдеудің инновациялық әдістері есебінен емдеу сапасы мен өмір сүру ұзақтығын арттырады. Электрондық денсаулық паспортын жүргізу емделушілерді ауыстыру процесін жеңілдетеді және жүйелі келісілген емдеу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау ұйымдарындағы әкімшілік жұмыстарды автоматтандыру да маңызды болып табылады, онымен жалпы және әкімшілік шығындарды қысқартуға болады.

Егер әлемдік денсаулық сақтау саласының дамуына қарайтын болсақ, ең алдымен науқастарды тіркеудің қарапайым жүйелері енгізілген болатын, одан кейін бөлімшелер жүйесі пайда болды, олар емханаларды, зертханаларды, диагностикалық зерттеулерді және қызметтің басқа да түрлерін автоматтандырды. Алайда бұл жүйелер қызметтің осыған ұқсас түрлерінің жүйелерімен өзара байланысуға арналмаған және қызметтің жекелеген түрлерін ғана автоматтандыру үшін әзірленді.

Бүгінгі таңда жүйелердің үйлесімді болмауы өзекті мәселе болып табылады, технологиялардың дамуының жоғарғы деңгейін ескере отырып, мемлекеттер автоматтандыру процестеріне қойылатын талаптарды өзгерту керек және саннан сапаға ауысу керек деген қорытындыға келіп отыр.

Жобалардың мақсаты – бұл жекелеген медицина ұйымдарының, емханалардың, зертханалардың және басқаларының жұмысын автоматтандыру емес, бұл мемлекеттің тұтас денсаулық сақтау саласын, электрондық емдеу тарихын құрудың ұлттық жобаларын қамтитын тұтас архитектурасы бар жобалар. Негізгі мақсат – мониторинг жасау мүмкіндігі бар жүйені құру және болашақта ұлттың денсаулығын жақсарту, жалпы медициналық қызметтерді көрсетудің сапалы деңгейі және ем қолдану кезінде туындайтын қателерді төмендету. Ортасында клиент (науқас) және оның айналасында басқалары, емханалар, зертханалар, дәрігерлер, сақтандыру компаниялары және т.б. орналасатын жүйені құру.

Бұл міндеттерді іске асыру үшін әкімшілік, құқықтық және техникалық сияқты бірқатар мәселелер туындайды. Денсаулық сақтау саласының мәселелері әрдайым мемлекет саясатының басымдығы болған және болып қала береді. Денсаулық сақтау саласында бірқатар бағыттар бар, оларды АТ-технологияларды қолдану және дамыту арқылы шешуге болады:


  • дені сау тексерілушілердің бірыңғай базасын құру;

  • барлық АЖ-ларды бірыңғай базамен біріктіру;

  • телемедицинаны дамыту;

  • науқастардың денсаулық жағдайына қашықтықтан мониторинг жасау.

Қазақстанда денсаулық сақтау бағытын іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жоспарланып отырғанын атап өту керек.

Білім саласында цифрлық технологияларды қолдану

Білім және ғылым елдің әлеуметтік-экономикалық капиталын дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Білім саласын дамыту жастарды еңбектің заманауы нарығында бәсекеге қабілеттілігі үшін қажетті білім мен тәжірибемен қамтамасыз ететін инновацияларды енгізуге ықпал етеді және экономикалық өркендеудің басты қозғалтқыш күштерінің бірі болып табылады.

Елдің экономикалық ахуалын көрсететін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) болып табылады. Аталған көрсеткіш ұлттың материалдық әл-ауқатын және оның халқының өмір сүру деңгейін сипаттайды.

Ernst&Young халықаралық компаниясы зерттеулерінің деректері бойынша білім және елдің экономикалық өркендеуі арасында тікелей байланыс байқалады. Мысалы:

−1%-ға бастауыш білімді қамтудың артуы елдің ІЖӨ-ні 0,35%-ға артық (Stevens&Weale, 2003);

− жоғарғы сыныптарда білім алудың ұзақтығын бір жылға ұзарту елдің ІЖӨ-сінен 0,44%-ға артық (Barro, 2002);

− білім беруді дамытудың ұзақтығы 10 жылдан асатын стратегиялық бағдарламаларын іске асыру елдің ІЖӨ-сін 5%-ға артық (Hanushek&Wößmann, 2007);

− PISA ортақ балынан 5 балл артық жинайтын ел, еңбек өнімділігі деңгейін 2,5%-ға және жан басына шаққандағы ІЖӨ-ні 1,5%-ға артық етеді (ЭЫДҰ, 2006);

− PISA 50 балына жақсарту елдің жылдық ІЖӨ-сін 1%-ға артық (Hanushek, 2010).

Бір білім алушыға кететін шығындар білім берудің сапасына әсерін тигізетін фактор болып табылады. Қазақстан PISA2012 қатысушы Еуропа және Орталық Азия елдерінің ішінде бір оқушыны оқытуға ең төмен соманы шығындайды (жан басына шаққандағы ІЖӨ-ден 12%). Ресейде бұл көрсеткіш 21% құрайды, ЭЫДҰ елдерінде орта есеппен – 27%. Алайда бір оқушыға жұмсалатын бюджеттік шығындар мен үлгерімнің жақсаруы арасындағы себептік салдарлық байланыс айтарлықтай емес. Польша және Эстония сияқты елдер экономикалық тұрғыдан ұқсас дамыған елдерге қарағанда бір оқушыға бюджет қаражатын кем жұмсайды. Дегенмен математика және оқу бойынша орта мектепті аяқтау кезінде оқушылардың көпшілігі жоғары сауаттылықты қамтамасыз ете алады.



Бүгінгі таңда әлемдік рейтингтерге сәйкес, Қазақстан Республикасындағы білім беру келесі серпінде көрініс береді:

    • 2014-2015 жылдардағы ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі (TheGlobalCompetitivenessIndex): Қазақстан әлемнің 144 елінің арасында 50-орынға ие болды, «Инновация факторлары және қиындықтар» субиндексі бойынша – 89-шы орын. Сонымен қатар, елдің келесі 5 бағыт бойынша төмендеуі байқалады: «Жоғарғы білім және кәсіби даярлау» (-8), «Макроэкономикалық орта» (-4), «Технологиялық дайындық» (-4), «Институттар» (-2), «Инновациялық әлеует» (-1). Онымен қоса, салыстырмалы талдау келесі көрсеткіштер бойынша жайғасымдардың төмендеуін көрсетеді: «Орта біліммен қамту» (-13), «Жоғарғы біліммен қамту» (-4) және «Университеттер және ТКЖҒИ саласындағы бизнестік ынтымақтастық».

    • Адами капиталдың даму индексі (HumanCapitalIndex) 2015: Қазақстан екі жылда «Білім беру» - «Жұмыс орнында біліктілікті арттыру мүмкіндіктері» блогының көрсеткіштері бойынша өз рейтингін 8 жайғасымға көтерді (56-шы орын).

    • Әлемнің озат жоо-лары топ-800 (QSWUR) 2014-2015: рейтингке 9 Қазақстандық ЖОО кірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (305), Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті (324), және тағы 7 университет 500-701 аралығындағы жайғасымдарға орналасты.

Білім беру саласында келесі проблемалар орын алады:

  • Мектепке дейінгі білім беруге тең қол жетімділік қамтамасыз етілмеген. Республикада балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 41,3 % құрайды. Сонымен қатар, елдің барлық өңірлеріндегі 1 жастан 6 жасқа дейінгі аралықтағы 296,7 мыңнан аса бала ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен білімге мұқтаж.

  • Қазіргі таңда бір компьютерге 18 білім алушы келеді. 2015 жылы бұл көрсеткіш 41 болған, оның ішінде 36 – ауылдық жерлерде. Интернет желісіне 98% мектеп қосылған, ауылдық мектептер - 97% (2005 жылы - 75% және 70%). Кең ауқымды Интернетке 34% мектеп қол жеткізді. Басқа елдермен салыстырғанда (30-50%) балаларды қосымша біліммен қамтудың ауқымы төмен (21,6%). ТКБ оқу орындарының 70%-ға жуығы ескірген жабдықтармен жұмыс істейді.

  • Мамандардың біліктілігіне қойылатын біліктілік талаптары жаңартуды талап етеді, өйткені олар өндірістің жаңа технологияларына сәйкес келе бермейді.

  • Ұзақ мерзімді кезеңге кадрларға деген қажеттікті болжамдау жүргізілмейді.

  • Жоғарғы және жоғарғы білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерге қатысты жұмыс берушілердің талаптарына толық жауап бере алмайды.

  • Әлеуметтік әріптестік осал дамыған. Ғылым мен өндірістің байланысы осал. Түлектерді жұмыспен қамту, жұмыс берушілерді жоғарғы білім стандарттарын құру процесіне тарту, мамандарды даярлау және аттестаттау тетіктері жоқ.

  • Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру жүйесі лайықты деңгейде дамымаған.

  • Диссертациялық зерттеулер шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелердің тиімділігі мен нәтижелілігінің төмендігі.

Өркениетті және дамушы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық білім беру технологияларын енгізу Қазақстан Республикасындағы білім берудің ақпараттық инфрақұрылымының әлемдік білім беру ортасына интеграциялануына ықпал етеді. Әлемдік тәжиребені назарға ала отырып, білім және ғылым саласына келесі міндеттерді шешетін цифрлық, инновациялық технологияларды енгізу қажет:

  • Білім беру мекемелерінің ресурстарын және инфрақұрылымына есеп жүргізу (негізгі құралдар, кітапхана қоры, материалдық-техникалық база);

  • кадрларды басқару;

  • білім алушылар контингентінің қозғалуын болжамдау;

  • ресурстармен қамтамасыз етуді жоспарлау және бақылау;

  • жан басына шаққандағы қаржыландыруды жоспарлау.

  • өңірлік деңгейдегі КОБ және ірі кәсіпорындар үшін кадрлардың қажеттігін жыл сайынғы жоспарлау;

  • гранттарды бөлу процесін автоматтандыру;

  • түлектерді мамандықтары бойынша жұмыспен қамтуды бақылау;

  • өңірлік еңбек нарығының жұмыс кадрларына деген орта мерзімді болжамды қажеттіктерін жұмыс берушілердің қатысуымен уақтылы түзету.

  • оқытушыны әр пән бойынша цифрлық білім беру ресурстарын ұсыну есебінен аз жиынтықты мектептердің біріктірілген сыныптарында бірнеше пән бойынша оқыту мүмкіндігімен қамтамасыз ету;

  • балаларды таңдалған пән бойынша дербес білім алуына қамтамасыз ету;

  • мүмкіндіктері шектеулі балалары бар ата-аналарды дербес білім алу бойынша ақпаратпен және үйде түзету бойынша көмекпен қамтамасыз ету;

  • цифрлық нысанда қосымша білім беруді және тәжірибені ұсыну;

  • коммерциялық электрондық курстарды және жұмыс берушілер мойындайтын курстарды тарту есебінен қажетті цифрлық білім беру ресурстарының базасын кеңейту;

  • ЖОО және ТжКО студенттері үшін білім траекториясын дербес таңдау мүмкіндігін жоғарылату;

  • біліктілікті арттыру немесе қосымша мамандықты игеру үшін үздіксіз оқытуды ұйымдастыру;

  • түлектер тарихын есепке алу (алынған білім туралы ақпарат) және дипломдарды, аттестаттарды және сертификаттарды растау;

  • ғылыми жұмыстар бойынша деректерді электрондық түрде есепке алу (дипломдық жұмыстар, диссертациялар, ғылыми мақалалар);

  • сыртқы ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтінімдерді бір жүйеде қабылдау (ЭҮП, ХҚКО АЖ, ЕЛ МДҚ, ЭҮТШ);

  • өтінімнің әрбір типін бірыңғай платформада өңдеу процесін автоматтандыру;

  • электрондық түрде деректер алмасу;

  • қызмет көрсету нәтижесін электрондық түрде ұсыну;

  • электрондық құжаттарды және жазбаларды нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сақтауды қамтамасыз ету;

  • электрондық құжаттың шынайылығын тексеруді қамтамасыз ету;

  • бала денсаулығы құжатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық жүйелерімен біріктіру арқылы есепке алу;

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық жүйелерімен ақпараттық әрекеттесу арқылы есепке алу;

  • халыққа инклюзивтік білім беру мектептері туралы ақпаратты ұсыну;

  • балаларға коррекциялық көмекке (оңалтуға) жолдама беру.

Цифрлық білім беру технологияларын енгізу білім беру сапасын, білім беру мекемелерінің өнімділігін арттыруды, электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыруды мүмкін етеді. Білім беру мәселелері әр кезде аса маңызды мемлекеттік басымдыққа ие. Қазақстанда білім беру саласында цифрлық технологияларды қолдану бағытын іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттін бағдарламасы шеңберінде жоспарланып отыр.

Цифрлық бизнесті дамыту

Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша 2007 және 2011 жылдар аралығындағы бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс кезінде басқа салаларда жұмыс орындары жетпей жатқанда, ЭЫДҰ елдеріндегі АКТ саласындағы жұмыс орындары әлемдік экономикаға үлесін қоса отырып, артты.

АТ нарығы құрылымында үш ірі секторды атап өтуге болады: АТ жабдықтар секторы, лизенциялық бағдарламалық қамтылым және АТ қызметтер.

Егер деректерді жоғарыда аталған секторлар тұрғысынан талдайтын болсақ, онда ресми статистикалық деректер бойынша АТ нарығы құрылымының ауқымды серпіні мынадай болып көрінеді:

- ақпараттық технологиялар саласындағы құрылғылар бөлімінің үлесі 2013 жылы 67,3%, 2014 жылы 64,4% құрғанда, 2015 жылы 53,7% құрады;

- лицензиялық бағдарламалық қамтылымның үлесі 2015 жылы 8,6% құрады. 2013 және 2014 жылдары үлес сәйкесінше 2,6% және 3,1% құрады;

- ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер бөлімінің үлесі 2015 жылы 30,1%, 2013 және 2014 жылдары сәйкесінше 32,6%, және 37,7% құрады.34.

Отандық АКТ көрсеткіштері жылдан жылға жоғарылап келе жатқанын атап өту керек, ол оның елдің әлеуметтік және экономикалық өміріндегі артып келе жатқан рөлін аңғартады.

TheBostonConsultingGroup жасаған экономиканың рейтингте цифрландыру деңгейі бойынша, Қазақстан 85 мемлекеттің ішінде 50-ші орынды иеленеді. 2010 – 2015 жылдар аралығында e-Intensity индексі өсуінің орташа мерзімді қарқыны 23%-ды құрады, бұл 24% болған Ресей үшін және жалпы 27% БРИК елдері үшін біршама төмен. Цифрлық экономиканың негізгі құраушысы – интернет-инфрақұрылымды дамыту деңгейі бойынша – Қазақстан БРИК елдерінен алда. Алайда онлайн-шығындардың ауқымы және интернетті пайдалануға тартылу деңгейі сияқты екі құраушы – әзірге БРИК мемлекеттеріне қарағанда неғұрлым төмен деңгейде болып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылған адамға шаққанда орта есеппен жылына 25 мың АҚШ долларын құрайды. IMD рейтингінің деректеріне сәйкес Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша осы рейтингке қатысатын 61 елдің ішінде 49 орынға ие. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 120-180 мың АҚШ долларына жетіп отыр.

Елді дамыту стратегиясына цифрландыру жөніндегі іс-шараларды енгізу ІЖӨ артуы, жаңа жұмыс орындарын құру және экономиканың әрбір саласында шығындарды қысқартуға және өнімділікті арттыруға әкелетін инфрақұрылымдық салалардың тиімділігін арттыру сияқты экономикалық, әлеуметтік және саяси артықшылықтар алуды мүмкін етеді.

АКТ саласын дамытудың басты бағыты АТ-қызметтердің үлесін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады, өйткені нақты осы көзі елдің АКТ саласындағы қазақстандық қамту үлесінің артуын және АКТ саласындағы отандық шағын және орта кәсіпорындарды қолдауды және OpenSource шешімдерін танымал етуді қамтамасыз ете алады.

Бәсекеге қабілетті АКТ саланы қалыптастыру үшін мемлекеттің күш-жігері АКТ кәсіпкерліктің қолайлы экожүйесін құруға және экономиканың басым салаларына деген сұранысты ынталандыруға, сондай-ақ отандық білікті АТ-компаниялар корпусын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар да, энергия үнемдеу немесе көлік сияқты, ел инфрақұрылымының ажырамас бөлігіне айналды, заманауи экономикада қызметтің кез келген түрінде өндірістік факторға айналды және еңбек өнімділігіне елеулі ықпалын тигізіп отыр.


«Smart»қалаларды іске асыру

Ірі қалалардың серпінді дамып келе жатқаны көлік логистикасы проблемаларымен, техникалық және әлеуметтік қалалық инфрақұрылыммен, қалалық ортаның сапасымен, қаланы дамытуды басқарудың тиімділігімен, қала халқының санының артуы және өмір сүру сапасына қойылатын талаптардың артуы есебімен қалалық қоғамдық, іскерлік және тұрғын үй кеңістігін әрі қарай дамытумен байланыста болып отыр.

Ақылды қалаларды дамытудың әлемдік трендтері 6 сипаттаманың өзара әрекеттесуіне негізделген: ақылды экономика (Smart Economy), ақылды басқару (Smart Governance), ақылды қоршаған орта (Smart Environment), ақылды өмір тіршілігі (Smart Living), ақылды адамдар (Smart People), ақылды мобильділік (Smart Mobility).

«Smart City» дамытудың жалпы мақсаты - халықтың барлық ресурстары мен қажеттіктерінің жан жақты тепе-теңдігін қамтамасыз ететін қалалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Жоғары технологиялық шешімдердің негізінде «ақылды қалалар» ұтымды пайдалануға және ресурстардың барлық түрлерін басқаруға және жергілікті қауымдастықты өмір сүру ортасын басқару мен түрлендіруге кеңінен тартылуына қол жеткізуге тиіс.

Әрбір қала өзіндік проблемаларға кезігетінін ескеретін болсақ, (экономикалық тәртіптің және қалалардың қажеттіктерінің ерекшеліктері) және Қазақстан Республикасында «ақылды қалаларды» дамыту жөніндегі мақсатты іске асыру үшін Қазақстанның әр қаласы немесе әр өңірі үшін «SmartCity» тұжырымдамасын жасау қажет, онда қалаларды дамытудың бағыттарын, стратегиялық артықшылықтарды, іскерлік қағидаларды және құжаттамалау технологияларын, міндеттер мен жобаларды нақтылаудың бағыттарын айқындайтын барлық факторларды көрсету қажет.

Бұл ретте, әлемдік тәжірибені, оның ішінде ұлттық деңгейге үйлесімді етілген аталған бағыттағы халықаралық стандарттарды қолдану керек, өйткені бірыңғай стандарттарды қолдану «ақылды қалалар» салуда стандартталған процестерді орнатуды, барлық мүдделі тараптардың қатысуын айқындауды мүмкін етеді және т.б.

Әлемдік тәжірибеге қатысты айтар болсақ, онда қала-мемлекет Сингапурды атап өту керек, ол АКТ дамытудағы көшбасшылардың бірі болып табылады, оның бастамасы 2005 жылы 10 жылдық iN2015 бас жоспарынан аяқ басты, аталған жоспарды Сингапурды интеллектуалдық ұлтқа, АКТ Әлемдік қаласына айналдыру жолдарын іске асыру үшін халықтың қатысуымен әзірленді.

Еуропа қалаларының ішінде Барселона қаласы Нью-Йорк, Лондон, Ницца және Сингапурды басып озып «GlobalSmartCity 2015» мәртебесін алды, онда технологиялық әлеуетті дамыту және әлеуметтік тұтастық сияқты аспектілермен қатар интеллектуалдық желілер, жол қозғалысын интеллектуалдық басқару және көшелерді жарықтандыру қолданылады.

Вена, Осло, Копенгаген, Кейптаун, Чикаго және көптеген басқа қалаларда Smart-жобаларды іске асыру бюджеттер үшін жүздеген миллион доллар үнемдеуді мүмкін етті, жаңа жұмыс орындарын құрды және аталған қалаларда өмір сүру мен жұмыс істеудің қолайлы болуын айтарлықтай арттырды.

Қазақстанда ағымдағы уақытта келесі бастамалар іске асырылуда. Астана қаласында «Тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» (ТКҚЖ) жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде бүгінгі таңда мынадай сегменттер жұмыс істейді: бейнебақылау камералары, бұзушылықтарды фото-бейне тіркеу, сондай-ақ деректерді өңдеу орталығы құрылды, Жедел басқару орталығы және интеллектуалдық байланыс орталығы құрылды. «Smart мектеп», «Smart көшелерді жарықтандыру», «Smart емхана» және т.б. бағыттар бойынша бастамалар іске асырылуда. Ағымдағы уақытта «Smartмектеп» жүйесіне 88 мектептің ішінде 19 мектеп қосылған, «Smart емханаға» 10-ның ішінде екі емхана қосылған.

Алматы қаласында бұзушылықтарды фото-бейне тіркеу жүйесі енгізілген, ал 2015 жылы қоғамдық көлікте электрондық билет сататын «Оңай» жүйесі іске қосылды. 2016 жылғы 27 маусымдағы жағдай бойынша «Оңай» жүйесінің 1 000 000-нан астам картасы сатылды, олардың ішінде 460 000 жеңілдікті көлік карталары берілді, 700 000 Бірыңғай көлік карталары сатылды.

Қазақстанда түрлі қалаларда Smart-бастамаларды іске асырудың оң мысалдары бар екеніне қарамастан, орын алған мәселелерді айтпай кетуге болмайды:



  • Қазақстан Республикасының қалалары үшін «SmartCity» тұжырымдамалары қабылданған жоқ. Бұл ретте тұжырымдамалар «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленетін әкімдіктердің архитектурасымен келісілген болуы тиіс екенін атап өту керек;

  • «Smart City»/«Smart Community» салаларында ұлттық стандарттар қабылданған жоқ;

  • «Smart City» бойынша құзырет орталықтары құрылған жоқ;

  • Инновациялық стартап-компанияларға және «Smart City» бағыты шеңберіндегі жобаларға қажетті дәрежеде қолдау көрсетілмейді.

Жоғарыда жазылғанның негізінде 2017 жылға қарай Астана, Алматы қалалары, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы үшін «Smart City» тұжырымдамалары әзірленеді деп күтіледі. Сондай-ақ, Қазақстанда «Smart City» бойынша құзырет орталықтары құрылып, қолданылатын болады. Барлық мүдделі тараптар Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп, «ақылды қалалар» бойынша стандарттар әзірленіп, үйлесімді етілетін болады. Жаңа әзірлемелерді тартумен шаралар кешенін іске асыру, өзіндік технологиялық, инновациялық және кадрлық әлеуеттерді іске асыру жоспарланып отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, «Smart City» технологияларын енгізу мегаполистердің проблемаларын шешіп қана қоймайды, сондай-ақ олар оны дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді және қалалықтардың қолайлы өмір сүруін арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет