БАҒдарламасы туризмнің белсінді түрлерінің техникасы мен тактикасы



Дата25.08.2017
өлшемі161,92 Kb.
#27194
    Бұл бет үшін навигация:
  • Дәріс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


ТУРИЗМНІҢ БЕЛСІНДІ ТҮРЛЕРІНІҢ

ТЕХНИКАСЫ МЕН ТАКТИКАСЫ
050116 – «География»

Көлемі 2 кредит

Орал 2010 ж.

1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

«География» кафедрасының оқытушысы Абдушева Г.Ж.

2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР

2.1 Ходжанова Б.Х. – география магистрі, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «География» кафедрасының оқытушысы


2.2 Умбеткалиев Н.К. – экология магистрі, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, «механикаландырылған технологиялар және жерге орналастыру» кафедрасының оқытушысы

3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында 20 жылғы «___» __________ №___ хаттама



4. Жұмыс оқу бағдарламасы _050116 – «География»_______________

мамандықтарының элективті пәндер каталогына сәйкес әзірленген



5.ҚАРАЛҒАН жаратылыстану және математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында 20 жылғы «___» __________ №___ хаттама

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
География мамандығы 2 курс студенттеріне арналған жұмыс оқу бағдарламасы 050116 география мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті дайындаған.

№39.2 жинақ туризм пәні бойынша типтік бағдарлама /университет және педагогикалық институт студенттері үшін/ Алматы 1997 ж негізінде жасалған және ҚР Білім министрлігі оқу-әдістемелік бірлестігі бекіткен.


Пән бойынша мағлұмат: Туризмнің активті, белсенді түрлерін оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені , олар адам денсаулығына өте пайдалы, ең алдымен жаяу және шаңғы туризмінің орны үлкен, олар көп адамға ұнайды.

Курс міндеті:

жоғары оқу орнында, туризм саласында, өз қызметі үшін, қажетті квалификация алуды мақсат еткен студенттерге туризмді басқару, ұйымдастыру, оның құрлымын жетік білу, дайындық кезеңін, саяхаттарды ұйымдастырып өткізуді оқып үйренуі үшін қажет.



Бейімділік пен біліктілік:

Оқыту барысында студенттер теориялық білімдер алады және туристік саяхаттар мен жорықтарда қажет болатын практикалық шеберлікке ие болады. Студенттер туристік маршрутты қалай дайындауды, жорыққа туристік құрал жабдықтардың қандай түрлерін алып жүруді, тамаққа қандай азық-түлік түрлерінің қажеттілігін, жергілікті жерде бағдарлау жағдайын жетік білуге, сонымен қатар жорық жағдайында жарақат және ауырып қалған серігіне алғашқы дәрігерлік жәрдем көмегін көрсетуге үйренуі тиіс.



«Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы» атты курсты оқыту алдындағы оқылатын пәндердің тізімі:

педагогикалық институттың география факультетінің студенттеріне туристік ұйымдардың, мекемелердің, спорттық-коммерциялық туристік фирмалардың іс-әрекеті болып табылатын туризмнің әр түрлерірдегі белсенді саяхаттардың техникасы, тактикасы мен ұйымдастырудың негізгі түсініктерін қалыптастырады.Студенттер қоршаған ортаның табиғатын және оның бай тарихи мәдени мұра ескерткіштерін сақтауға байланысты мәселелерге қатысты білім жүйелігін де қалыптастырады.

Туризмнің кең тараған жаяу жүріс түрі техникасын терең меңгертуге, арнайы дайындық бөлімінде жаяу, тау, су және шаңғы туризмі бойынша да дайындық өтіледі. Әдебиеттерді пайдалана отырып, жергілікті жерді зерттеуге үйретуге, студенттерді өзіндік жұмыс жасауға және ізденуге үйретуге, мектеп ішілік туристік өлкетану жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыра білуге, жас ерекшелігіне байланысты топқа арналған туристік өлкетану жұмыстарының бағдарламасын жасау, жорықтарды ұйымдастыру, өткізу, маршрутын жасай білуге мектепте туристік кештер, слеттер, олимпиада, жарыстарды өткізуге үйретеді.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Тақырып атаулары

Дәріс

практикалық


сабақ

Емтихан

Рейтинг

ОСӨЖ

Барлығы

1

Туризм техникасы мен тактикасы, оның негзгі ұғымдары.

Туристіктік жорықтың техникасы және тактикасы негізгі ұғымдардың сипаттамасы және олардың өзара байланысы.



1

1








1

3

2

Жорықтың мақсаты мен міндетін анықтау.

Жорықтың мақсатымен міндетін анықтау: спорттық, рекреациялық, оқу.

Жаңа ауданды зерттеу және игеру, көрнекті жерлерді ашу.


1

1







1

3

3

Акклиматизация мәселелері.

Туристік жорықта адам организміне әсер ететін факторлар: атмосфералық қысым, температураның күрт өзгеруі, ауаның төмен абсолюттік ылғалдылығы, күн және ультракүлгін радиациясы.

Организмнің сыртқы орта жағдайына үйрену реакциясы. Биіктік өзгеруіне байланысты климаттық факторлардың әсері.


1

1







1

3

4

Туристік жорықтың маршрутын жоспарлау.

Туристік маршруттағы негізгі табиғи кедергілер:құлама асулар, өзендер арқылы өткелдер, аңғарлар мен каньондар бойынша қозғалу, мұздықтар, қар басқан және тасты учаскелер.



1

1







1

3

5

Қозғалысты ұйымдастыру.

Топтың қозғалысын ұйымдастыру және оның тәртібі.



1

1







1

3

6

Маршруттың күрделі учаскелерінен өтудің техникасы мен тактикасы.

Су өткелінің техникасы мен тактикасы.



1

1







1

3

7

Асулардан өту тактикасы.

Асу қиындығын бағалау.Асу қиындығының категориялары.



1

1







1

3

8

Туристердің физикалық шынықтырылуы.

Дене шынықтырылуға қойылатын жалпы талаптар.Дене шынықтыру процесіне қойылатын негізгі гигиеналық талаптар.



1

1




3

1

6

9

Туристік жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Туристік жорықта сақтандыру және өзін өзі сақтандырудың маңызы.Сақтандыру жабдықтары.



2

2







2

6

10

Туристік жорықта тамақтану.

Туристік жорықта тамақтануды ұйымдастырудың ережелері.Жорықта организмнің энергиялық шығындары.



1

1







1

3

11

Дамылдау мен түнеулерді ұйымдастыру.

Түнеуді ұйымдастыру үшін қажетті құрал-жабдықтар, олардың туризм түрлері мен жорық күрделілігі бойынша ерекшеліктері. Дамылдау мен түнеуді ұйымдастыру және орнын және уақытын таңдау.



1

1







1

3

12

Су туризмінің техникасы мен тактикасы.

Су туризміндегі кедергілер түрлері.Жүзу құралдарының түрлері.



1

1







1

3

13

Жаяу жорық тактикасы мен техникасы.

Жаяу жорықта туристік құрал жабдықты жинаудың техникасы мен тактикасының ережелері.



1

1







1

3

14

Шаңғы жорығы тактикасы мен техникасы.

Шаңғы жорығы жабдықтарын таңдап алудың ерекшеліктері.



1

1




3

1

3

15

Емтихан







1







1

16

Рейтинг










6




6

17

ОСӨЖ



















18

Барлығы

15

15

1

6

15

52


ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Тақырып-1. Кіріспе. Туризм техникасы мен тактикасы, оның негзгі ұғымдары.

Туристік жорық белгілі, нақты мақсат қойылып ұйымдастырылады, ол өз кезегінде жорық ұзақтылығына және қиындық дәрежесіне тәуелді емес. Мысалы: туған өлке табиғаты, тарихы т.б.. Туристік жорық маршруты қиындық дәрежесі және физикалық жүктемесі бойынша мүмкіндігі бар, туризм түріне байланысты қашықтық ұзындығы сәйкес болуы шарт. Мысалы: жаяу жүріс, велосипед, шаңғы, қайық. Туристік жорықты ұйымдастыруда туристік тактика және техника ұғымдары қолданылады.


Тақырып-2. Негізгі бөлімі

Жорықтың мақсаты мен міндетін анықтау.

Туристік жорықтың мақсаты турстік таңдаған тақырыптары бойынша анықталады. Олар өз кезегінде әртүрлі тақырыпта болады. Мысалы: табиғи, тарихи, әскери, әдеби, мәдениет т.б.. Туристің негізгі міндетіне жорық мақсатымен танысқан соң, маршрут таңдап, онымен танысу жүктеледі. Туризмді ұйымдастыру практикасында мақсатына қарай жорықтарды бірнеше түрге бөледі: спорттық, рекреациялық, оқу.


Тақырып-3. Акклиматизация мәселелері.

Акклиматизация ұғымы – латын және грек сөзінің бірігуінен шыққан. Акклиматизация деп - өсімдіктің, жануардың, адамның жаңа орта жағдайына бейімделу процесін айтады. Табиғатта акклиматизация процесі тірі организмдердің жергілікті жер ортасын ауыстырмай, бірақ тіршілік ету орта факторы өзгерісіне байланысты жүреді. Мысалы: ормандарды кесу, батпақты құрғату, суландыру т.б.. Ал туризмде туристтердің жорыққа шығу ортасына бейімделуімен байланысты айтылады. Туристік жорықта адам организміне әсер ететін факторларға: атмосфералық қысым, температураның күрт өзгеруі, ауаның төмен абсолюттік ылғалдылығы, күн және ультракүлгін радиация жатады.


Тақырып-4. Туристік жорықтың маршрутын жоспарлау.

Халықтың барлық жастық тобын қамтитын және ең қолайлы туризмнің түріне туристік жорық жатады. Жорықты дайындауда алдымен оның мақсаты анықталып, маршрут жасақталады. Жорыққа дайындалу бір апталық қарқынды дайындықты талап етеді. Жорық маршрутын жасақтаған кезде оқушының жасы, физикалық дайындығы, қызығушылығына көңіл бөлінеді. Жорықты алғаш ұйымдастыруда оның қашықтығы үлкен роль атқарады. Жорықтың өтілу бағдарламасына жергілікті жерде түрлі ойын түрлерін, туристік жарыстар, спорттық, музыкалық қойылым конкурстар, от басында тамақ дайындау сияқты жарыстар енгізіледі. Маршруттың жалпы ұзындығына жорыққа шыққаннан бастап, қайтар жолды да есепке алады.



Тақырып-5. Қозғалысты ұйымдастыру.

Туристік жорық ұзақтылығы арнайы инструкция арқылы шектеледі. Мысалы: 6-7 класс оқушылары үшін 10 күннен аспауы керек, соның ішінде жүріс күні 5 күн; сол сияқты 8-9 калсс оқушылары үшін 20 күн, соның ішінде жүріс күні 10 күн; ал 10-11 класс оқушылары үшін 30 күн. Жорық кезінде көтерілетін жүктің нормасы оқушының жасы мен жорық қашықтығына байланысты анықталады, сонымен қатар ер балалар мен қыз балалардың физиологиялық ерекшелігі ескеріледі. Жаяу және таулы туризм кезінде маршрут немесе желіні ұйымдастыруда топ қозғалысын дұрыс ұйымдастыруға маңызды көңіл бөлінеді.


Тақырып-6. Маршруттың күрделі учаскелерінен өтудің техникасы мен тактикасы.

Маршруттың күрделі учаскелеріне су өткелі, тау өзендері, шөп басқан беткейлер, жартастар үстімен көтерілу және түсу, қар мен мұз үстімен қозғалу жатады. Оларды өтудің арнайы техникасы мен тактикасы болады.



Тақырып-7. Асулардан өту тактикасы.

Таулы аудандарда асулардан өту тактикасында тау өзені, өзіндік қауіпсіздік ережесі мен жорық қауіпсіздігі қаматамасыз етіледі. «Асулар қиындығын бағалау шкаласы» бойынша техникалық жағынан қиын маршруттар 1-4 категорияларға сәйкес келеді.


Тақырып-8. Туристердің физикалық шынықтырылуы.

Туризмде де спорт түрлеріндегі сияқты жоғары дәрежелі дайындықты тұрақты физикалық дайындықты қажет етеді, сондықтан организмнің барлық мүмкіндіктерін жоғары деңгейде жаттықтыру қажет. Дайындықты жалпы және арнайы түрлеріне бөледі. Жалпы дайындылық: физикалық қабілеттілікті жан-жақты дамыту, денсаулықты нығайту, жұмысқа қабілеттілікті арттыру негіздерін тұратын болса, ал арнайы дайындық: арнаулы туризм түріне байланысты арнайы дайындықты, туристің дағдысын, сонымен бірге шыдамдылық, қайраттылық, ептілік, икемділік, жылдамдылыққа тәрбиелейді.



Тақырып-9-10. Туристік жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Туристік жорыққа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туристік шараны ұйымдастыру мекемесінің басты міндеті болып табылады. Туристік жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең алдымен «Туристік жорықтарды ұйымдастыру және өткізудің ережелері» нұсқауының басшылығына бағынады.



Тақырып-11. Туристік жорықта тамақтану.

Жорықта туристерді қалыпты тамақтандыру жорық өткізудің басты шарты. Сол себепті жорыққа шықпай тұрып, қажетті өнімді есептеу, сатып алу және өнімді сақтау, орау, тасымалдау түрі жасақталады. Тамақтанудың рационы жорықтың неше күнге арналуымен және қиындық дәрежесімен анықталады.



Тақырып-12. Дамылдау мен түнеулерді ұйымдастыру.

Дамылдауды ұйымдастыру ең бірінші орынды анықтау қажет, ол үшін тегіс және құрғақ, ауыз су немесе бұлақ көзі жақын жер таңдалады. Жел күндері ық жерлер: орман іші, беткей жаны дамылдауға ыңғайлы болады. Қыста күн түсетін ашық жер, ал жазда көлеңке жер таңдалады. Дұрыс ұйымдастырылған түнеу туристердің қалыпты демалуын және ұйқысын қаматамасыз етеді.



Тақырып-13. Су туризмінің техникасы мен тактикасы.

Су туризмі туризм түрлері ішіндегі техникалық қиындығы бойынша күрделі түріне жатады. Сондықтан өзіндік ерекшеліктері арнайы дайындықты қажет етеді. Кез келген маршруттың жорық категориясымен жүзу құралдарының қажеттілігі анықталады. Су туризмі үшін жеңіл есілетін қайық түрлерін пайдалануға болады.



Тақырып-14. Жаяу жорық тактикасы мен техникасы.

Жаяу жорық барлық территория аумағында жүріп өтуге болады. Жаяу жүріс жорығы қиындық категориясы бойынша 1-4 деңгейде сақталады. Мысалы: 4-ші деңгей биік тауға жаяу көтерілігенде сақталады. Жаяу жорық кезінде кездесетін табиғи кедергілер типі: қиын өтілетін орман, батпақ, өзендер, беткейлер.



Тақырып-15. Шаңғы жорығы тактикасы мен техникасы.

Шаңғы жорығы жаяу жорық түріне жатады, екеуінде де жаяу жүрудің тиімді техникасы дайындылығын талап етеді. Шаңғы жорығына дайындық: шаңғымен жүріс, көтерілу, төмен түсу, бұрылу, тоқтау, рюкзакпен жүру сияқты жаттығулар техникасын игерумен жүргізіледі.


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ

ҮЛГІЛІ ТІЗІМІ:



1. Туристік жорық тактикасы.

2. Жорықтың мақсаты мен міндетін анықтау.

3. Акклиматизация ережелері.

4. Туристік жорықтың графигін құрастыру.

5. Қозғалысты ұйымдастыру.

6. Су өткелінен өту тәсілдері.

7. Асулардан өту тактикасы.

8. Жаттығулар мен жаттығулар кешендері.

9. Туристік жорықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

10. Туристік жорықта тамақтану.

11. Бивак жұмыстары.

12. Су туризмінің техникасы мен тактикасы.

13. Туристік жарыс техникасы.



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:
1.В.И.Курилова Туризм М., 1988

2.К.В.Бардин Азбука туризма М., 1981

3.В.А.Терещук Спутник туризма А.,1987

4.В.И.Симаков Туристские походы выходного дня М., 1983

5.Питание в туристском путешествии М.,1986

6.Физкультура и спорт. Малая энциклопедия М.,1982

7.А.Г.Маслов Полевые туристские лагеря. М.,1999

8.С.Р.Ердавлетов Казахстан туристский А., 1988

9.В.В.Титов Туристско-краеведческие кружки в школе М., 1978

10. К.А.Ли, В.П.Фомин Краеведение и развитие туризма в Приуралье У.1995

11. Путеводитель Приуралья У.,1991

12. Программа для внеклассной и внешкольной работы по туризму А., 1971



13. Энциклопедия туриста М,1993

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет