4 Пәннің мақсаты және міндеттері «Менеджмент» пәнінің мақсаты курстың теориялық-эдістемелік түрғысынан,
басқару теориясы мен тэжірибесінің қолданылуы мен дамуын нарықтық қатынастар
жағдайларыңда игеру болып табылады.
Менеджмент пәнінің зерттеу объектісі – бұл ұйым қызметін басқару
қағидалары, тәсілдері, механизмдері және олардың жиынтықтары.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаттары:
- студенттер үшін менеджмент туралы теориялық білімдер кешенін құру;
- менеджментті сипаттайтын түсініктер мағанасын ұғындыру;
- дүниежүзілік тәжірибені тиімді пайдалану кезінде басқару қызметіндегі
нақты дағдыларды жасау.
Пәннің негізгі міндеттері:
- тесттерді, тренингтерді, жаттығуларды, практикалық тапсырмаларды,
іскерлік ойындарды және т.б. орындау арқылы студенттердің кәсіби білімдерін
жетілдіру;
- басшының тәжірибелік жұмыс дағдыларын игеру;
- шығармашылық белсенділіктерді арттыру;
- іскерлік қасиеттерді дамыту.