«Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
дыбыстық-буындық талдау жасау;
артикуляциялық жаттығулар;
мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну, сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беру;
тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;
тыңдалған мәтіннің белгілі бір үзіндісін айтып беру;
мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айту;
өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;
белгілі бір тақырыпта пікірталасқа қатысу;
мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;
жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);
таныс ертегі, әңгімені мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту;
сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты рөлдік ойындар;
нені сұрауға және нені сұрауға болмайтыны туралы пікір таластыру;
суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау;
сахналау;
берілген тақырып (сол сабақта өтілген әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |