Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«АКТ» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері



бет10/14
Дата07.02.2022
өлшемі262 Kb.
#82098
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Оқу бағдарлама АКТ Бастауыш сынып

9 «АКТ» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері


Бастауыш мектепте оқыту нәтижесін бағалау критериалды бағалау жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, мұғалімдер, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын-ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.
Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген. Критериалды бағалау нәтижесі оқыту үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті ( ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Формативті (ағымдық) бағалау – сабақтағы және/не үйдегі күнделікті жұмыс барысындағы білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдық деңгейін айқындайды және оқыту кезінде оқушы мен педагог арасында жедел өзара байланысты жүзеге асырады, оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, оқу мақсатына қол жеткізгендігін түсінуге мүмкіндік береді;
Ішкі жиынтық бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындайды;
Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.
3-4 сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі:

  • формативті және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын тоқсандық баға түрінде;

  • төрт тоқсандағы формативті және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пән бойынша қойылатын жылдық баға түрінде көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет