Бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы Нысан пму ұс н



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі252,5 Kb.
#76478
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

8 Тақырыптық жоспар


№ р/с

Тақырыптардың
атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс

прак.

зерт.

СӨЖ

1

Кіріспе

1

-

-

6

2

Стандарттау негіздері

4

2

-

14

3

Метрология негіздері

4

5

-

16

4

Сертификаттау негіздері

3

4

-

12

5

Сапаны бақылау негіздері

3

4

-

12
Жиыны

15

15

-

60



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы


«Құрылыстағы стандарттау» пәнінің жұмыс бағдарламасы 20__ ж. «___»_______ бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді. Пәннің тақырыптық жоспарында ҚР “Техникалық реттеу туралы”, “Сертификаттау туралы”, “Өлшеудің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы” заңдарының негізгі ережелерін және стандарттаудың, метрологияның және сертификаттаудың сұрақтарын оқып білу қарастырылған.

10 Курстың компоненттері


10.1 Дәріс сабақтарының тақырыптар тізімі


1 тақырып. Кіріспе.
Пәннің мақсаты мен міндеттері. Стандарттаудың ғылым ретінде даму тарихы. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі ережелері. Қазақстан Республикасында стандарттаудың құқықтық негіздері. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы, «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР заңы.
Метрологияның мәні мен мазмұны. Өлшеу, сынау және бақылау туралы түсініктер. Метрологиялық қызметтің құқықтық негіздері. Метрология бойынша заңдылықты бұзу үшін жауаптылық.
Сертификаттаудың жағдайы мен дамуының негізгі тенденциялары. Сертификаттау мен сәйкестікті растау аясындағы терминдер мен анықтамалар. Сертификаттау аясында Қазақстан Республикасының заңшығарушылық негізгі ережелері және құрылымы.
2 тақырып. Стандарттау негіздері.
Жалпы ережелері. Стандарттаудың құқықтық негіздері. Стандарттаудың даму тарихы. Стандарттау мен техникалық реттеуге қатысты «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері. Стандарттаудың міндеттері.
Стандарттау объектілері. ҚР-ның Мемлекеттік стандарттау жүйесі. ҚР-дағы нормативтік құжаттар жүйесі. Мемлекеттік стандарттар және техникалық регламенттер. ҚР-да халықаралық стандарттардың қолданылуы.
Құрылыстағы нормативтік құжаттардың түрлері. Техникалық регламент түсінігі. Құрылыстағы нормативтік құжаттардың мазмұны, құру, мазмұндау және ресімдеу. Техникалық шарттар. Нормативтік құжаттарды әзірлеу және қабылдау.
3 тақырып. Метрология негіздері.
Метрологияның негізгі мақсаттары және міндеттері. Негізгі терминдер және анықтамалар. Физикалық шамалардың түрлері және олардың бірліктері мен жүйелері. Физикалық шама бірліктерінің халықаралық жүйесі. Өлшеулердің сипаттамалары және классификациясы. Өлшеулерді өткізудің негізгі әдістері. Өлшеу құралдарының классификациясы. Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары. Дәлдік класстары.
Физикалық шамалардың шын және нақты мәндері. Қателіктердің пайда болу себептері. Қателіктердің түрлері. Қателіктерді табу және жою әдістері.
Құрылыста метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық, ғылыми және әдістемелік негіздері. «Өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері. ҚР-да өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша қызметті мемлекеттік басқару. Мемлекеттік метрологиялық қызмет, құрылымы, функциялары.
Құрылыста, құрылыс өндірісінде және құрылыс материалдарының өнеркәсібінде өлшеу түрлері және өлшеу-бақылау операцияларының көлемі.
Метрологиялық қызметтің құрылымы және функиялары. Құрылыс ұйымының метрологиялық қызметі туралы типтік ережелер. Өлшеу құралдарын оның ішінде эталондарды, тексеруді және сынау жабдықтарын аттестациялауды ұйымдастыру. Өлшеу құралдары мен сынау жабдықтарын ұқсастыру.
4 тақырып. Сертификаттау негіздері.
Сәйкестікті растау түрлері және олардың өнім сапасын жоғарылатудағы рөлі. Сертификаттау түсінігі. Сертификаттауға қатысты «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері. Сертификаттау бойынша нормативтік құжаттар. Міндетті және ерікті сертификаттау, негізгі ережелері.
Сертификаттаудың құрылымы және қатысушылары, олардың функциялары, жауаптығы. Сертификаттау жүйесі. Қазақстанда өнімді сертификаттаудан өткізудің жалпы ережелері.
Сертификаттау бойынша органдарға және сынау орталықтарына талаптарды орнататын нормативтік құжаттар. Негізгі терминдер және анықтамалар.
Сертификаттау бойынша органның және сынау орталықтарының функциялары. Персоналға талаптар. Құжаттарға талаптар. ҚР-ның аккредитациялау жүйесінде сертификаттау бойынша органды және сынау орталығын аккредитациялау тәртібі. Сертификаттау бойынша сарапшыларға талаптар және оларды аттестациялау тәртібі. Құрылыста қолданылатын негізгі сертификаттау схемалары.
Құрылыста өнімді сертификаттаудан өткізу тәртібі. Сертификаттау органдарына және сынау орталықтарына талаптар және оларды аккредитациялау тәртібі. Құрылыстағы сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау тәртібі. Мемлекеттік реестрге сәйкестік сертификатын тіркеу тәртібі. Сәйкестік белгісін қолдану ережелері.
5 тақырып. Сапаны бақылау негіздері.
Құрылыста бақылауды және сынауды ұйымдастыру. Құрылыста сапаны бақылау түрлері. Құрылыста қолданылатын өлшеу (сынау) әдістері. Құрылыста қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдықтарының классификациясы.
Өнімді сынау түрлері: қабылдау, операциялық, периодтық, қабылдау-тапсыру, типтік, сертификаттық.
Бақыланатын параметрлерге (көрсеткіштерге) нормативтік құжаттардың талаптары. Сынау түрін таңдау. Сынау бағдарламасы және оларды өткізу әдістемесі. Нормативтік құжаттардағы өнімді сынау әдістеріне талаптар. Бағдарламаларды әзірлеу, үлгілерді таңдау және ұқсастыру. Сынау нәтижелерін құжатта ресімдеу. Сынау нәтижелерін бағалау.

10.2 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптар тізімі


2 тақырып. Стандарттау негіздері.
1) Стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды қолдану және олардың талаптарының сипаты.
2) Таңдаулы сандар жүйесін әзірлеу.
3 тақырып. Метрология негіздері.
1) Физикалық шамаларды бір жүйеден екіншісіне өткізу.
2) Өлшеу құралдарының классификациясы. Статикалық және динамикалық сипаттамалары.
3) Өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу.
4) Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын талдау. Өлшеулерді орындау және олардың қателіктерін талдау.
5) Өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеуді және сынау жабдықтарын аттестациялауды ұйымдастыруын жоспарлау.
4 тақырып. Сертификаттау негіздері.
1) Сәйкестікті растау жүйесін құрудың жалпы ережелері.
2) Сәйкестікті растау схемалары және оларды таңдау.
3) Сертификаттау әдістемесін әзірлеу.
4) Сәйкестікті растауға сынау өткізу әдістері.
5 тақырып. Сапаны бақылау негіздері.
1) Құрылыста қолданылатын сынаудың негізгі әдістері.
2) Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезіндегі сапаны бақылау бағдарламасын әзірлеу.
3) Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау кезінде қолданылатын өлшеу құралдары мен сынау жабдықтарының номенклатуралық тізімін құрастыру.
4) Сынақ нәтижелерімен құрылыс материалдарының, бұйымдарының және конструкцияларының сынау хаттамасын ресімдеу.

10.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны


10.3.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

-

Сабаққа қатысу

15

2

Практикалық сабақтарға дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру, тапсырмаларды шешу және т.б.)

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

Коллоквиум (және т.б.)

16

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау (рефераттар)

Реферат

СТ қорғау

10

5

Бақылау шараларына дайындалу

-

1МБ, 2МБ, бақылау жұмысы, т.б.

4

Барлығы:

60

10.3.2 Студенттер өздері оқып зерделеуге ұсынылатын тақырыптар


1) 2 тақырып. Стандарттау негіздері.
- «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері.
- Құрылыстағы нормативтік құжаттар жүйесі.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 4 – 85 б.], [5, 2 – 36 б.].
2) 3 тақырып. Метрология негіздері.
- Құрылыстағы метрологиялық қамтамасыз ету.
- Құрылыс ұйымының метрологиялық қызметінің құрылымы және функциялары.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 86 – 162 б.], [6, 59 – 120 б.].
3) 4 тақырып. Сертификаттау негіздері.
- Құрылыста қолданылатын негізгі сертификаттау схемалары.
- Құрылыста өнімді сертификаттаудан өткізу тәртібі.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 271 – 312 б.], [6, 121 – 179 б.].
4) 5 тақырып. Сапаны басқару негіздері.
- Құрылыста бақылау мен сынауды ұйымдастыру.
- Сапаны бақылау мен сынауға техникалық қамтамасыз ету.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 163 – 270 б.], [6, 181 – 269 б.].


10.3.3 Семестрлік тапсырманың тақырыптары (рефераттың)
1) Құрылыс материалдары мен бұйымдарының сапасын бақылау және стандарттау.
2) Сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) стандарттау.
3) Экологиялық стандарттау.
4) Өлшеулердің классификациясы. Өлшеу әдістері.
5) Жүйелі қателіктерді және ағаттықтарды шығарып тастау әдістері.
6) Өлшеу құралдарының қателіктері туралы түсінік және олардың классификациясы.
7) Құрылыстағы квалиметрия.
8) Құрылыстағы сертификаттау.
9) Құрылыстағы сапаны бақылау түрлері.
10) «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері.
Рефераттардың мәтіндік бөлімін МИ ПГУ 4.01.3-09 ұйым стандартының талаптарына сәйкес ресімдеу ұсынылады.


10.4 Ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау түрлері бойынша салмақ үлестерінің таратылуы



Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақ үлестері

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Күнделікті үлгерімді бақылау

0,6

10.5 Ағымдағы үлгерімдерді бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет