Тыңдау түрлері:
Ересектердің балаларға арналған ән сабағы. Ересектердің музыкалық аспаптың қолдауымен ән сабағы. Үлкен балалардың ересектердің қолдауымен ән сабағы.
Аспаптық музыка. Эстрадалық сүйемелдеусіз жанды дауыс.
Бала қызметінің шектемей топта тыңдау. Классикалық музыканың түпнұсқалық шедеврлерін қолдану.
Музыкамен суреттелген әңгіме. (2-3 мазмұнмен, тақырыппен біріктірілген пьесалар). Музыкалық шығармадан соң немесе музыкалық фоннан кейін әңгіме қысқаша және анық болуы қажет. Тыңдау кезінде сұрақ қоюға болмайды, себебі бұл – бекіту кезеңі. Ойыншық үлкен мағынаға ие болады: бұл балаға әнді танитын және егер бала оны айта салмаса ойыншық арқылы көрсететін тәсіл түрі.
Музыканы ойын түрінде тыңдау. Ойыншықтар арқылы жанамалау.
Музыкалық аспаптарды пайдалану. Әртүрлі аспаптарда шығармаларды орындау.
Музыкалық қабылдауды дамыту үшін шығарманы таңдау – ересектер үшін жауапты сәт. Алайда бұл жағдайда әрбір педагог төмендегі ережелерді сақтау қажет:
Кішкентай баланы музыкаға, әсіресе классикалық әуенге тарту ересектермен эмоционалды қатынас үдерісінде біртіндеп жүреді;
Музыка балаға қызықты, сипаты, тембрі, қарқыны, ашықтығы, көркемдігі жағынан жеткілікті болуы қажет;
Қатты дауыстан, тез динамикалық, қарқынды қарама-қарсылықтан, аяқталмаған музыкалық фразалардан алыстау қажет;
Кішкентай балаға жағымды эмоционалды көңіл-күй беретін музыкалар үйлеседі;
Музыка баланың өз еркімен ойынына арналған фон болмауы қажет. Себебі бала оны байқамайтын болады, тіпті баланың қылығына әсер етіп, шаршатып та жіберуі мүмкін.
Музыканы қабылдауды дамыту үшін орыс және шет елдік классиктерінен шағын көлемді аяқталған музыкалық фрагменттер, халық музыкаларын, балалар хорының орындауымен әндерді, қысқаша аспаптық пьесаларды қолдану қажет. Оқытудың алғашқы кезеңінде музыкалық фрагментері 20-30 секунт құрайтын бірнеше фразалардан тұруы мүмкін.
Сәбидің ынтасын музыкаға аударту үшін балаға: «Қазір музыка ойнайды! Сондай әдемі!» деп айтыңыз. Музыка қатты дыбысталмауы қажет. Музыка ойналып тұрған сәтте баламен сөйлескеннен гөрі, музыкаға деген өзіңіздің қатынасыңызды мимикамен, көзқараспен, ырғақты қозғалыстармен сездірген жөн. Кішкентай бала өте белсенді болады. Ол ұзақ уақыт тапжылмай отыра алмайды. Музыканы қабылдау уақытын ұзарту үшін музыканың әуеніне сай ойын әректтерін іске қосыңыз. Бұл тербелу, қолымен қозғалу және т.б. болуы мүмкін. Музыкалық фрагментті баланың ынтасында сақталғанша тыңдау қажет, бірақ музыканы аяқтамай үзіп тастауға болмайды Музыкалық фрагмент аяқталған соң баламен өзіңіздің эмоционалды сезімдерңізбен бөлісіңіз және бала шаршамаса тыңдауды жалғастырыңыз.
Сол себепті, ойын түрінде сіз баланы әлемдік музыкалық мәдениет туындыларына, оларға қызығушылық пен сүйіспеншілікке, әртүрлі музыкаға деген жағымды қатынас орнатуға баули аласыз.
Аудиожазба мен аспаптық ойнауларда музыка тыңдау және оның әуеніне қозғалу баланың музыкалық қана емес, жалпы дамуына да зор маңызы бар. Бұлар халықтық (лирикалық, би сазы, бесік жыры), танымал балалар әндері және т.б. болуы мүмкін. Ата-аналар балаларына ұйықтар алдында да және баланы сергіту үшін ойын әрекетіне қосу арқылы айтып беруіне болады.
Бала бойында музыкалық қабылдауды дамыта отырып, сіз олардың музыкаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, музыкалық талғамын, музыкалық қабілеттерін, ынтасын қалыптастыруға ықпал ете аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |