5- сынып. ІІІ. Оқу еңбек аясы.
Мектеп демалысы. Оқу жылындағы демалыс.
Лексика - грамматикалық тест №532
1. Жазда күндер қандай болатынын табыңыз.
А) қысқа
В) кең
С) ұзақ
D) қараңғы
Е)жарық
2. Мына сөйлемнен сын есімді табыңыз.
Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі керемет қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген.
А) өсімдіктер
В) жақсы
С) керемет
D) адам
Е)білген
3. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз.
Қайрат жазғы демалыста ауылға .....
А)барамыз
В) бардым
С) барасың
D) барасыз
Е) барады
4. «Көңілді» сөзі қай сөз табына жатады.
А) зат есім
В) сан есім
С) сын есім
D) етістік
Е) үстеу
5. «Ер – елдің көркі, орман ,тоғай - ... көркі»
А) таудың
В) жердің
С) көлдің
D) ауылдың
Е) көшенің
6. Жаз айларын атаңыз.
А) мамыр,маусым, шілде
В) мамыр, шілде, тамыз
С) сәуір, мамыр, тамыз
D) наурыз, сәуір, мамыр
Е) маусым, шілде, тамыз
7. «Летом» - сөзінің аудармасын табыңыз.
А) жазғы
В) жазда
С) жаздың
D) жазға
Е) жаздан
8.Реттік сан есімді табыңыз.
А) жетеу
В) он
С) бесінші
D) екі екіден
Е) төрттен бір
9. Жалғаулық шылауды табыңыз.
А) Мен үйден кеше келдім.
В) Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар.
С) Баламен жүру қиын болар.
D) Менің шаруам қанша?
Е) Адамның күні адаммен
10. Сын есімнің сұрақтары
А) қай? қандай? В) кімнің? кім?
С) нешінші? нешеу?
D) нешеу? ненің?
Е) қандай? қайтты?
11. Асты сызылған сөз қай шақта тұрғанын анықтаңыз. Түнде жаңбыр жауады.
А) нақ осы шақ
В) өткен шақ
С) келер шақ
D) ауыспалы өткен шақ
Е) ауыспалы осы шақ
12.Жаздың бір күні қыстың .... айын асырайды.
А) мың
В) жүз
С) он
D) бір
Е) көп
13.Қандай әріптер сөз басында айтылмайтынын табыңыз.
А) й,ң
В) ь,я
С) э,ы
D) ъ,х
Е) ң,р
14.Жазда тоқтамайды, қыста қозғалмайды.
А) шана В) сағат С) су
D) шөп Е) гүл
15.Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн екенін анықтаңыз.
А) бейсенбі В) сейсенбі С) жұма
D) сәрсенбі Е) жексенбі
Достарыңызбен бөлісу: |