5- сынып. І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая
1. Менің отбасым.
Лексика - грамматикалық тест № 511
1. Отбасы мүшелерінің атауын табыңыз
A) үй, пәтер, бөлме
B) аға, сіңлі, іні
C) дәрігер, ұшқыш, сатушы
D) дос, жолдас, сыныптас
E) мектеп, дүкен, пәтер
2. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз
А) орталығы
В) орталықы
С) орталыгы
D) орталығі
E)орталыкі
3. «Қарындасым» деп кім айтатынын анықтаңыз
А) әкесі
В) әпкесі
С) ағасы
D)інісі
E) анасы
4. Үндестік заңының түрін анықтаңыз
А) 2 В) 3 С) 4 D) 5 E) 6
5. Отбасы мүшелерінің ішінен жасы үлкенін табыңыз
А) іні
В) ата
С) шеше
Д) әпке
E)әке
6. Сызбаға сәйкес сөзді табыңыз: Түбір + қосымша
А) ана
В) қарындас
С) әкесі
Д) әпке
E)әже
7. Сызбаға сәйкес сөз тіркесін табыңыз: Зат есім + етістік
А) отбасы мүшесі
В) ақылды ана
С) отбасым жиналды
Д) менің әкем
E)әжесінің баласы
8. Бірыңғай ашық буынды сөзді табыңыз
A) нағашы
B) қарындас
C) отбасы
D) немерелер
E) оқушылар
9. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз
A)немересінің
B) баланың
C) әкесімен
D) ағама
E) әженікі
10. Жуан дауысты дыбыстарды табыңыз
A) а, ә, ұ, ө
B) ұ, о, ы, а
C)ү, е, и, ө
D) ұ, ү, е, о
E)е, и, ы, і
11. Буынның неше түрі бар?
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6
12. Әліпби тәртібімен жазылған қатарды анықтаңыз
A) г ғ з е д
B)а ә в б ғ г
C)н ң о ө п
D) т у ү ұ ф
E) ш щ ъ ь э ю я
13.Үш буынды сөзді белгілеңіз
A) Шымкент
B) Ибалылық
C) Қиналғаным
D)Серттескен
E) Банк
14. Тұйық буынды сөзді табыңыз
A) би
B) сүй
C) же
D) ел
E) бас
15. Сөзге көптік жалғауын жалғаңыз: Әже...
A) лар B) дер C) лер D) дар E) тер
Достарыңызбен бөлісу: |