Бағдарламасында мынадай анықтама берілген. ««Қазақ тілі»



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі314,16 Kb.
#35011
түріБағдарламасы
  1   2

  • ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

  • ТҮСІНІКТЕМЕ



  • Қазақ тілі пәнінің мемлекеттік 2010 жылы шыққан бағдарламасында мынадай анықтама берілген. « «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бастапқы деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік  дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат».

  • Бұл жердегі коммуникативтік дегеніміз – қатысымдық деген сөз. Демек, жаңа стандарт бойынша, алға қойған озық әдістеріміздің бірі – қатысымдық оқыту болмақ. Қазақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді.
       Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы -  сабақ барысында құрғақ жаттығулардан гөрі  қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Сондықтан да ұсынылып отырған қатысымдық тапсырмалар мұғалімдерге қатысымдық әдісті сабақ барысына тереңінен енгізуге көмек жасайды.
      Жинақтың бірінші бөлімі- теориялық бөлім, екінші бөлімі- қатысымдық тапсырмалар үлгілері. Тапсырмалар жоғарғы сынып оқушыларына бейімделіп жасалған. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.



  • І. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР 
    (ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ)

  • Қатысымдық бағдарлы оқыту  арқылы бегілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым- қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу басты мақсатқа алынып оқытылады. «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі» .
      Қатысым әдісінің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу. Е.И.Пассов бұл жөнінде былай дейді: «Готовить учащегося к участию в процессе иноязычного общения нужно в условиях иноязычного общения, созданного в классе. Это и определяет сущность коммуникативного обучения, которая заключается в том, что процесс обучения является моделью общения» .
       Қатысымдық әдісің басты белгісінің бірі - тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай немесе жеке ара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
       Қатысымдық бағдарлы оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі
       Қазақ тілін қатысымдық бағдарлай оқытуда қатысымдық құзыреттілікке жету үшін жаттығу жұмыстарын ұтымды қолданудың маңызы аса зор. Тіл үйренушілер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасулары үшін тапсырмалардың қатысымдылығы үлкен роль атқарады. Қатысымдық тапсырмаларды зерттеу ісімен Е.И.Пассов, Б.Л.Скалкин, В.С.Коростылев, Н.И.Гришина, Л.М.Войтюк ,Г.А.Китайгородская, М.Берман, А.В.Бухбиндер, А.Н.Леонтьев т.б. айналысты.
       Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлесім дағдысын қалыптастыру жаттықтырушы тапсырмаларды қажет етеді. Ғалым З.Бейсембаеваның айтуынша: «Тілдік құбылыстар тек жаттығу арқылы, бірнеше рет орындалатын (әр түрлі формада, әр түрлі мақсатта) жаттығулардың негізінде оқушының дағдысына айналады, есінде ұзақ сақталады.
       Құбылыс немесе объекті, үдеріс туралы ақпараттың бір бөлігінің толық, екінші бөлігінің белгісіз болып берілуі жолымен жасалған қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушінің өз бетімен ізденуі, қатысым әрекетіне түсуі нәтижесінде оқытудың тұлға аралық белсенді сипат алуын көздейді.
       Қатысымдылық оқып үйренетін шетел тілін табиғи және шынайы түрде қоғаммен қарым қатынас жасау үшін пайдалануды талап етеді .
       Бұл жағдайда студенттердің дәстүрлі емес қарым-қатынас әдісінің үлгісі ойындың төмендегідей түрлеріне құрылады:

       Қатысымдық ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды. «Әрбір нақтылы сөйлеу жағдаятын ойнау арқылы талдап отырудың негізінде ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәселелерін басқарудың әдісі мен стилін жетілдіру, мінез-құлқы қабілетін дамыту жатыр».
       Топтық ойындар қатысымдық оқытудың қарапайым деңгейінде жиі қолданылады. Топтық ойындар фонетикалық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады. Топтық ойындардың негізгі ерекшелігі, тіл үйренушілердің сабаққа түгел қатысуы қамтамасыз етіледі, белсенділіктері арта түседі, сөйлесім дағдылары қалыптасады.Мысалы, тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады
       «Жағдаят– көптеген ынталандыру, уақиғалар, объектілер, адамдар мен эмоциялық кейіп үлгісінің /моделінің/ кешендік тұтастығы» . Пассов Е.И жағдаят тек қана жағдайлардың, уақиғалардың, ара қатынастардың қосындысы емес, ол жүйе деп есептейді.
       Тілдің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қарым-қатынас жасау болса, оны жүзеге асыруға ықпал ете алатын қағида – тіл үйретудегі жағдаяттылық. Жағдаяттылық қарым-қатынасқа түсудің шынайы жолын тудырып, сол арқылы тіл үйренушінің сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады.
       «Қатысымдық жағдаят ауызша тіл қатынасының негізі болып саналады, ол коммуникативтік актінің шығуы мен дамуына (ағымына) мүмкіндік жасап қана қоймай, осы жағдайда туған ауызша тілдік мәтіннің барлық негізгі параметрлерін анықтайды» .
      «
    Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Рөлдік ойынның мәні, ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда, қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады». Оқушылар тіл үйренуші рөлінен кейіпкер рөліне еніп, шындық өмірге ең жоғары сөйлеу мүмкіншілігімен жақындауға, қате жібермеуге тырысады. Бұл амал үйренушінің сыни ойлауын шиеленістерді. «Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілетін ұштауда ерекше қызмет атқарады». Үйренуші басқа адамның рөліне енеді және іштей әрекет жасайды. Рөлдерде ойнауда әрекетшілдік іс пен жан-жақты білім қажет, ойын барысында топтарға бөлу, нұсқау материалдарын беру, бағыттау, талқылау, бекіту кезеңдері рет-ретімен жүргізіледі.
       «…
    іскерлік ойын – қазақша кәсіби сөйлеуді үйрету барысында маманның сөйлесім дағдысын қалыптастыру үшін жүргізілетін пайдалы әдістің бірі»  - Ш.Абдиева деген тұжырымдама жасайды.
       Рөлдік ойындар оқытудың жоғары деңгейінде іскерлік ойындарға ұласады. Іскерлік ойындар тарихи жағынан алғанда шаруашылық, басқару, имитациялық түрінде пайда болды. Іскерлік ойындар - кәсіби бағытталған іс-әрекеттің жоспарына жатқызылатын, білімді меңгеру мен білік, дағдыны қалыптастырудың кейбір модельдік формаларын ұсынатын оқытудың түрі.
    қайталауын өтіну, қайталап сұрау, кіналау, аяу т.б.
       Қатысымдық тапсырмалардың мақсаты:
       - қатысымдық – тілдік қатынасқа түсуге қажеттілік, қызығушылық тудыру;
       - білімдік – ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-грамматикалық дағдылар қалыптастыру;
       - тәрбиелік - саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, белсенділікті дамыту, өзара көмек беруге тәрбиелеу;
       - бағдарлық – тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін, қатысымдық ниетін жоспарлай білуді дамыту;
      - бағалаушылық - әрбір тіл үйренушінің өзінің және басқалардың сөйлесім әрекетін бақылап, бағалауы арқылы өз-өзіне есеп беруін, рефлексиялық қабілетін дамыту.
       Қазіргі кезде қатысымдық ойындарды орындаудың үш сатылы формасы кең тарап келеді. Іс жүзінде кез-келген тапсырма үш сатыда орындалуы мүмкін. Олар:
       - дайындық сатысы;
       - орындау сатысы;
       - қорытынды сатысы:
       Бұл кезде Р.П.Мильруд, И.Р.Максимовалардың айтуынша «....жеке тұлғаның іс-әрекетке белсенді және еркін қатысуына қолайлы жағдай жасау керек».
       Бұл жағдайда сөздегі қателерді тек мүмкін нәрсе деп қана емес, сонымен қатар қалыпты жағдай деп түсіну керек. Әңгімелесу грамматикасы жазбаша сөз грамматикасынан белгілі дәрежеде ауытқушылықты да тудырады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар, біздің көзқарасымыз бойынша, қазақ тілін оқыту кезінде сөзсіз кездесетін жағдай болып табылады.
       Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
       Ойындарды ұйымдастыру барысында мынадай талаптар қойылады:
       - оқушылардың дербестігін, олардың белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек;
       - қарым-қатынасқа түсушілер жіберген қателіктері үшін сыналмайтынына, жазаланбайтынына сенімді болуы керек;
       - тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой-пікірлерге бағынады;
       - тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес келеді;
       - қарым-қатынас сыннан тыс, бағалаудан тыс негіздерге құрылады (бірге қапалану және бір-бірінің көңіл күйін түсіну).
       Қатысымдық тапсырма барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
       - Оқушылар өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады
       - Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында қалады;
       - Оқушылар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;
       - Әрбір оқушы өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады;
       - Оқушылар бір-біріне жақын келеді және міндетті күлкімен сөз қағысулар алмасады;
       - Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер жасайды, және шеңбер бойынша қозғала жүріп сөзқағысулар (реплика) алмасады;
       - Қатысушылар бір-біріне жақын келіп әңгіме бастайды;
       - Оқушылар өзінің әңгімелесушісіне арнап кез келген мәдени әңгімені айтады;
       - Қатысушылар ол туралы басқа оқушылар не ойлайтынын білуге тырысады;
       - Оқушылар келісім белгісі ретінде басын изей отырып және онымен келіскенін білдіре отырып, әріптесін мұқият тыңдайды.
      Қатысымдық тапсырмаларды  қолдана отырып жүргізілген қатысымдық оқыту барысында оқушылардың өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдай алуы, сөйлеу машығы мен негізін меңгеруі, ойды сөзбен жеткiзудiң қатысымдық амалдарын игерiп, оларды күнделiктi өмiрде кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асады.



  • ІІ. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ТҮРЛЕРІ

  • І. Сөйлеу жаттығулары

  • Тәжірибе барысында сөйлеу жаттығуларының төмендегідей түрлерін қолдандық:
       1. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;
       2. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау;
       3. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу;
       4. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау
       5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау;
       6. Диалогтарды толықтыру;
       7. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау;
       8. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау;
       9. Сурет бойынша әңгіме құрау;
       10. Берілген сұрақтарға жауап беру.
       Сөйлеу жаттығуларының аталған түрлеріне сәйкес бірнеше мысалдар ұсынамыз:
       1. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау жаттығуы
       1.1.Сын есімдерді пайдаланып, қатар отырған екі көрші бір-біріңізді  сипаттаңыздар
    Сипаттайтын ерекшеліктер: Түрі, бет-әлпеті, бойы, шашы, көзі, киімі, өнері, мінезі, қызметі, білімі, қасиеттері, артықшылығы т.б. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау жаттығуы.
       Төмендегі одағай сөздерді пайдаланып, мәтін құра. Сипаттайтын ерекшеліктері: эмоциялық жақтарын көрсету.
       1.2. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, жаңа заман жастары жайлы өз ойыңызды айтыңыз:  21 ғасыр оқушысы   


       1.3.  Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, адам өмірі жайлы өз ойыңызды айтыңыз:

                                      1 жас    20 жас    40 жас    70 жас    90 жас


       1.4. «Мен оқушымын».Тапсырма: Берілген сөздерді, суреттерді қарап, пайдалана отырып, осы тақырыпқа лайықтысын таңда, «Мен оқушымын» тақырыбына өзің туралы айтып бер.
       Сөйлеу жаттығуының бұл түрінде оқушылар алдына тірек сөздер мен суреттер беріледі. Берілген тірек сөздер мен суреттер арасында тақырыпқа сай келетіндері де ( сынақ кітапшасы, жатақана, ғимарат т.б.), тақырыпқа сай келмейтіндері де беріледі (гүл, қуыршақ, кілт, жол т.б). Мақсаты: Сөйлеу жаттығуына қатысушы қажетті сөздер мен суретті таңдай отырып, өз ойын ауызша жеткізеді.
       Нәтиже: Үйренуші алдымен түсіне отырып, тек өзіне қажетті сөздерді ғана таңдап алады, содан соң ойын бірден ауызша жүйелеп жеткізуге тырысады.
       1.5. «Менің досым»
       Тапсырма: Бірге оқитын досыңның бейнесін сипаттап, оған мінездеме бер. Досыңның тек атын айтуға болмайды. Оның есімін басқа қатысушылар табуы керек.
       Мақсаты: Берілген тапсырма сын есім, тәуелдік жалғауы грамматикалық тақырыптары мен менің досым тақырыбын қайталау, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау.
       Нәтиже: Оқушылар өз досының бейнесін, мінезін дәл берген жағдайда қатысушылар оны анықтай алады.
       2.  Мәтінді өзгертіп әңгімелеу жаттығуы
       2.2. Үзіндіні оқып, Жандостың қандай оқушы екенін айтыңыз:
       – Жандос таңертең анасының еркелетуімен  ұйқысынан әрең оянады;
       – Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
       – Анасы дайындап қойған киімдерін киіп, бүгін болатын сабақ кестесіне таңдана қарайды;
       – Бөлмесін бәрін қопарып дәптерлерін әрең табады;
       – Сабағына кешігіп келеді;
       – Мұғаліміне неге кешіккедігі жайлы өтірігін айта бастайды;
       – Басқа оқушылар сабақ айта бастағанда ол аяқ астынан ауырып қалады;
       – Сабақ арасындағы үзілісте басқа оқушылармен көр мәзірге дауласа кетеді;
       – Ұжымдық жұмыстарға қатыспайды;
       – Сабақтары бітер бітпестен үйіне асығады;
      
     – Үйіне келіп анасына қалай сабақ оқығандығы туралы мақтанып, шаршап келгенін айтады;
      
     – Етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады;
       – Анасы дүкенге жіберсе шаршап, ауырып жатқанын айтады;
       – Кешке жолдастарымен көшге қыдыруға кетеді;
       – Таң ата келіп, ұйқысына батады.
    немесе
       2.3. Үзіндіні оқыңыз және Асанның қандай қызметші екенін айтыңыз:
       – Асан таңертең ұйқысынан әрең оянады;
       – Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
       – Әйелі дайындап қойған киімдерін киіп, портфелін алып, талтаңдай басып жұмысына кетеді;
       – Жұмысына кешігіп келеді;
       – Бастығының алдында құрдай жорғалайды;
       – Мәселенің мән-жайына бармастан әріптестерімен дауласа кетеді;
       – Есепті уақытында өткізбейді;
       – Жұмыс үстелін, құжат папкаларын ретсіздік жайлаған;
       – Жиналыстарда ұйықтап отырады;
       – Кешке елден бұрын үйіне асығады;
       Үйінде етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады.
       3.  Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау жаттығуы
       3.1. Жоспарға сүйене отырып, өз мәтініңізді құрастырыңыз.
    1. Менің қанша замандасым бар
    2. Замандастарымның бойындағы жақсы және жаман қасиеттері.
    3. Жаман қасиеттерден арылуы үшін мен қандай әрекеттерге бардым.
    4. «Қазіргі заман жастары қандай болу керек» менің пікірім.

    1. Мен өз мамандығымды неге таңдадым?


    2. Болашақ жұмысымның артықшылықтары мен кемшіліктері.
    3. Өз жұмысыма қатысты болашақ жоспарларым.
    5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау жаттығуы  
                         
       3.2. Лабиринт (кесте бойынша мәтін құра)  
       Тапсырма: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалана отырып,  кестедегі сөздермен шағын ауызша мәтін құра.
       Мақсаты: Сөздердің мағынасын бірден түсінуге дағдыландыру, сөйлемдегі орын тәртібін тәжербиеде дұрыс қолдана білуге үйрету.
       Өтілген материалдар: зат есім, сын есім. сан есім, етістік, үстеу, т.б.
       Нәтиже: Оқушы сөз мағынасын ұығынып, сөйлемді дұрыс құрайды. Шағын мәтінді әңгімелеп береді.


    Етістік

    Зат есім

    Сын есім

    Сан есім

    Үстеу




    Демалды

    Курс

    әдемі

    20

    Күзде




    Оқиды

    әжесі

    дарынды

    2

    Жазда




    Барады

    Жаста

    Озат

    Бірінші

    Көктемде




    Жақсы

    Оқушы

    Қарт




    ауылда




    Көреді

    Гүлім

    шешен









  • 3.3. Төменде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз:

    Көрсеткіштер

    «Ақжол» компаниясы

    «Сана» компаниясы

    Қызметшілерінің саны

    155

    270

    Орташа айлық жалақы

    90 000 тг.

    150 000 тг.

    Мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы

    Семинарлар ұйымдастыру;
    Курстарға жіберу


    Шет елдермен мамандар алмасу;
     Интернетте білімдік портал ашу


    Жас мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағдарламасы

    Жас нәрестелі отбасыларға көмек көрсету – 8 отбасы

    Жаңа пәтермен қамтамасыз ету – 5 отбасы

    Орындалған жобалар саны

    7

    10

    Жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру

    20 000 000 тг.

    100 000 000 тг.

  • 4. Диалогтарды толықтыру жаттығуы
       4.1. «Сұхбат» 
       Сіздердің оқу орындарыңызға «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының журналисті келді. Ол оқушылардан сұхбат алуда. Осы сұхбатты толықтырыңыз.
       - Кешiрiңiз, бiлуге бола ма, нешінші сыныпта оқисыз?
       -  ..............................................................................................................
       - Мектебіңіз ұнай ма?
       - ...............................................................................................................
       - Ұлтыңыз кім?
       - ...............................................................................................................
       - Осы мектепті не үшін таңдадыңыз?
       - ...............................................................................................................
       - Болашаққа деген жоспарыңыз
       - ...............................................................................................................
       - Өз еліңіздің өркендеуіне қандай үлес қостыңыз және қоспақсыз?
       - ...............................................................................................................
       - Сұхбатқа қатысқаныңыз үшін рахмет!
       - ...............................................................................................................
       5. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау жаттығуы
    Сіз Өскемен қаласында оқисыз, туған ауылыңызды сағынасыз. Бірге оқитын жолдастаныңызға өз ауылыңыз туралы айтып беріңіз немесе ауылдағы құрдастарыңызға Өскемен қаласы туралы  тірек диаграмманы пайдалана отырып, айтып беріңіз.


       6. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау жаттығуы
       Сіз оқушылар  арсындағы мемелекеттік олипиадаға қатысу үшін Алматы қаласына бардыңыз. сіздерді қаланың дәл орталығындағы бір қонақжайға орналастырды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген оқушы жастары да сонда орналасты. Кешке барлықтарыңыз бірге тамақтанып, өз қалаң, оқу орның туралы сыр шертіп, мақтан тұтып әңгімелесіздер. Сіз өз қалаңыз оқу орныңыз туралы не айтар едіңіз?
     
     Сіз бір күн жұмысқа келмей қалдыңыз. Бір күнде басыңыздан өткен тап бір голливуд фильмдеріндегідей шытырман оқиғаларға сан жетпейді. Тіпті бастығыңызға телефон шалып, келе алмайтыныңызды хабарлауға да уақыт болмады. Бастығыңыз өте қатал, алайда өте әңгімешіл адам. Ол не болғанын түгелдей білгісі келеді. Таңертеңнен бастап, кешке дейін әр сағатта не болғанын әңгімелеп, бастығыңызды сендіруге тырысыңыз.
       
     7. Сурет бойынша әңгіме құрау, сипаттау жаттығуы
       7.1. Алдымен балаға ат қой, ол қайда барады, не істеді, ол қалай киінген? т.б. Баланың суреті беріледі.
       Мақсаты: тіл үйренуші күн тәртібі тақырыбын пайдаланып сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құрауы керек.
       Өтілген материал: Зат есім, сын есім, етістік, күн тәртібі мен уақыт лексика-грамматикалық тақырыптары.
       Нәтиже: Оқушылар сурет желісі бойынша жүйелі түрде сөйлем құрай отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.
       
     

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет