Түсінік хат
Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Оқу процесінде әр түрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |