Бағдарламасының негізгі бөлімі және



Pdf көрінісі
бет41/138
Дата31.01.2022
өлшемі0,93 Mb.
#130297
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   138
Байланысты:
Ба дарламасыны негізгі б лімі ж не

Оқу үшін бағалау - 

бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және 

қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді 

іздеу және түсіндіру үдерісі. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық]  



Критериалды  бағалау 

-

  белгіленген  критерийлер  негізінде  білім  алушылардың  нақты  қол  жеткізген  нәтижелерін 

оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. 

Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  мақсаты

  әрі  қарай  оқу  үдерісін  жетілдіре  түсу  үшін  бағалау  критерийлері 

негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу 

болып табылады. 



Критерийлер -

  оқытудың  міндеттерін  жүзеге  асыратын  өлшемдер,  атап  айтқанда,  оқушылар  жұмыс  барысында 

орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.  

Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:  

Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;  

Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;  

Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;  

Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;  

Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;  

Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл  және  жедел түрде сапалы  білім алғаны  жөнінде кері байланыс ақпаратын 

алуы;  

Оқушының  барлық  жұмыс  түрлерін  бағалауы.  (өзіндік  жұмыс,  ағымдағы  бағалау,  қорытынды  бақылау,  тренинг,үй 

жұмысы, шығармашылық т.б)  

Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;  

Баға сапасын арттыру.  

Критериалды  бағалау  жүйесі  оқушының  белсенділігін  арттыруды,  оқу  үдерісінде  жарыса,  бәсекелесе  білім  алуға  қол 

жеткізеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет