Осылайша, сұрақ білім алушы қалайтындай,жауап бере алатындай немесе оқуда, жауап іздеуге қызықтыратындай
берілуі қажет. Алайда сұрақты қолдану кезінде кейбір пікір білдірілмейтін, толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа
созылатын сұрақтар механикалық түрде қайталана берген жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін (Геффрой Э.К.,
1997).
Осындай қателіктердің алдын алу үшін:
• негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген,жетекші және басқа да сұрақтарды қою;
• егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;
• сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті, қисынды болуын қамтамасыз ету;
• әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің қателескен тұстарын анықтай алуға мүмкіндік
беретін сұрақтар құрастыру;
• оқытудың тиімділігін арттыратындай сұрақтарды алдын ала жоспарлау ұсынылады. Сондай-ақ, қашан, қандай
сұрақтарды қоюды, мүмкін жауаптарды, қате жауаптарды қалай жөндеуге болатынын күтпеген сұрақтарды қалай
қабылдайтынын, жауапты қалай жақсартуға болатынын анықтау да ұсынылады.
Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарда қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |