Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
Күнделікті тәжірбиеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың
түрлі әдістерін қолдануға болады «Екі жұлдыз,бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының
индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар
және т.б. (4-қосымша).
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру,
тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың
әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
Қалыптастырушы бағалаудың ажырамас элементі мұғалім тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын
сұрақтар (сауал,диалог,әңгімелесу және т.б.) болып табылады.Сондықтан сұрақтарды тиімді құрастыру техникасын
меңгеруі,сыныпта диалогті қолдану мәдениетін дамытуы маңызды. Сұрақтардың түрлеріне қарай көптеген
топтастырулар бар. Көбінесе қолданылатын сұрақтар тобы: ашық және жабық сұрақтар. Ашық сұрақтар талдауды және
бағалау ақпараттарын талап етеді, қиялдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады.
Жабық сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді, мысалы, деректің, оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін анықтау және т.б.
Сұрақты дұрыс қойғанда өз ойын айтуға, ақпарат алмасуға, диалогтік оқуды дамытуға, маңызды кезеңдерге назар
аудартуға, оқудағы бастамашылдығын қолдауға мүмкіндік беруі, қызықтыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |