Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


Жер бедері. Аймақтың геологиялық жасы -



Pdf көрінісі
бет11/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Жер бедері. Аймақтың геологиялық жасы - 
Топырақтың құралуына әсер ететін 
жағдайдың аса бір маңыздысы жер бедері болып саналады. Жер бедері деп құрлық беті 
құрылымы түрлері мен ерекшеліктерін айтады. Жер бедері макро, мезо, микро және нано 
түрлерге бөлінеді. Жер бедері топырақтың түзілуіне тікелей және жанама әсерін тигізеді. 
Тікелей әсері оның эрозия процестерін дамытуын айтады, ал жанама әсері оның климат 
факторларының ауытқып, тарауының ауытқуы арқылы туындайды. Жер бедерінің климат 
факторларын өзгеріп тарауы таулы аймақта қалыптасқан топырақтардың тік аймақтық 
заңдылыққа бағынып, тау беткейлерінде белдеулене орналасуын жақсы дәлелдейді. 
Топырақтың пайда болуы аймақтың геологиялық жасына (ұзақтығына) байланысты. 
Жыл мезгілдерінде, жыл сайын және көп жылдар ішінде байқалатын табиғат 
құбылыстарының әсерінен топырақтағы минералды және органикалық заттардың 
өзгерістерге ұшырауы бірқалыпты болмайды. Сондықтан уақыт ағымы (аймақтың 
геологиялық жасы) топырақтың пайда болуына және оның дамуына зор ықпал жасайды. 
Қазіргі кезде орман жамылғысының алалығы мен топырақтың жетілуіне әсер ететін 
басты фактор болып табиғи (биотикалық) және тепе-теңдік қалпының ауытқуына әсер ететін 
антропогендік фактор себепкер болып табылады. Сондықтан топырақтың қасиеттерін 
зерттеу, топырақ пен орман типтерінің өзара байланысын және орман өсімдіктерінің 
қасиеттерін анықтау орман шаруашылығын дамытудағы басты мәселе болып саналады. 
Топырақ пен орман ағаштары арасындағы байланыстарды зерттеудегі ғалымдардың жинаған 
бай ғылыми деректері жалпылама деңгейде орман өсімдіктері және топырақ пайда болу 
үрдістерінің бір-бірімен өзара байланысы мен әсерлерін сипаттап бағалауға мүмкіншілік 
туғызады. Бірақ топырақ ғұмырындағы ағаштардың көп қайталанып алмасып-өзгеруі, 
топырақ пайда болу мен ормандар жетілуінің арасындағы синхрондылықтың болмауы орман 
мен топырақтың бір-біріне әсерін зерттеу кезінде топырақтың қасиеті тарихи дамудың 
нәтижесі ретінде қаралады. Сондықтан «орман-топырақ» жүйесіндегі зат алмасу үрдістерінің 
жылдамдығы мен бағытын бақылау тек қана орман ағаштары жергілікті топырақ 
субстратында экологиялық біркелкі жағдайда зерттеулер жүргізу негізінде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет