Жалпы алғанда, орманның гидрологиялық рөлі транспирация мөлшерін жоғарлатады,
топырақтан ылғалдың булануын азайтады және топырақ
бетінен судың шайылып кету
үрдісін төмендетеді.
Орман биогеоценозындағы су құбылымының екінші түрі – орман топырақтарының су
құбылымы және орман су құбылымындағы орны. Жоғарыда көрсетілгендей ылғалдлық
бойынша (гигротоптар) өсу ортасының жіктелуі. П.С. Погребняк пен В.Н.Сукачев схемасына
кіреді. Бұл авторлар өсу ортасының ылғалдану тереңдігіне баға беруді негізге алған.
Сондықтан құрғақ, дымқыл, ылғал және тағы басқада гидротоптар ағынды және тұрып
қалған ылғалдың режимдерін бағалау сияқты орман
топырағының су құбылымының
элементтерін құрайды. Бірақ топырақ ылғалдануының биогеоценотикалық жіктелуі әзірше
Г.Н. Высоцкий мен А.А. Роденің ұсынған топырақтың су құбылымын жіктеудің типімен
сәйкестендірген. Жоғарыда атап өткендей орман топырақтарына су құбылымының келесідей
типтері тән: тоңды
және ұзақ мерзімді тоңданатын, шайылымды, мерзімді шайылымды,
қосылмалы (ағынсыз және ағынды), десуктивті-қосылмалы, жайылмалы (пойма).
Орман топырақтарының су құбылымын зерттеу өте күрделі жұмыс болып табылады.
Сондықтан су құбылымы типтері мен гигротоптың екеуіде
орман топырақтарының су
құбылымына сәйкес келмесе, онда су құбылымының келесідей көрсеткіштерін зерделеу
қажет. Ол көрсеткіштерге орман топырақтарына түсетін жауын-шашынның ерекшеліктеріне,
орман топырақтарындағы судың таралу жағдайларына және т.б. көрсеткіштері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: