Зерттелінген топырақтың жалпы қарашірінділі қабатының (А+В
1
) қалыңдылығы
қайың орман екпелері астында 62 см, қарағайлы-қайыңды және қарағайлы орман екпелерінде
тиісінше 60 және 56см болса, тың жерде бұл көрсеткіш 46 см-ді құрады. Орман
отырғызылымдары астындағы кәдімгі қара топырақтарда қарашірінділі қабатының
қалыңдылығының артуы, топырақтағы ылғалдылықтың мол болуынан органикалық
заттардың жақсы ерігіштігі әсерінен туындаған.
Тың жер топырағымен салыстырғанда орман екпелері астындағы кәдімгі қара
топырақтардың тұз қышқылынан қайнай бастауы барлық нұсқаларда төменгі қабаттарда
байқалады. Сонымен қатар орман екпелері топырақтары нұсқаларында карбонаттардың аз
кездесуінен тұз қышқылынан әлсіз қайнайды. Демек, орман жамылғысы астындағы
топырақтарда шайылу үрдісі біршама қарқынды жүреді. Бұған карбонаттардың жиналу
тереңдігі мен тұз қышқылынан қайнауы дәлел.
Тың жер топырағында карбонаттар кескіннің В
2к
- 46 см қабаттынан бастап мол
жиналып, 11,64%-ға дейін жетсе, төменгі ВС және С қабаттарында бір деңгейде
қалыптасқан. Ал қарағай екпелерінде бұл көрсеткіш 10 см-ге, қайың екпелерінде 16-см-ге,
қарағайылы-қайыңды аралас екпелерде 54 см-ге дейін төмен орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: