Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 4/19


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата30.05.2017
өлшемі241,55 Kb.
#17152
түріБағдарламасы
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Физика және аспап жасау кафедрасы

5В070800 - «Мұнай-газ ісі» мамандығы студенттеріне арналған
«ФИЗИКА 2 »
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар, 2013




Пән бойынша оқыту

бағдарламасының(Syllabus)



титулдық парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19






БЕКІТЕМІН

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы _______Испулов Н.А.

20__ж.«___»_______


Құрастырушы: _______ п.ғ.к., доцент, Казангапова Л.К.

«Физика 2» пәнінен күндізгі оқу нысаны бойынша

5В070800 - «Мұнай-газ ісі» мамандығына арналған



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Бағдарлама 2013 ж. ______________«___» бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «___»______________№__Хаттама
Кафедра меңгерушісі _______Жукенов М.К. 2013 ж. «___»________

ФМжАТ факультетінің оқу–әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2013 ж. «___»______________№____Хаттама

ОӘК төрағасы _____А.Б. Искакова 2013 ж. «___»______________




  1. Оқу пәнінің паспорты


Пәннің атауы. Физика 2
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2


Барлық аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжіребелік сабақтар – 15сағат

Зертханалық – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде ОСӨЖ – 45сағат

Жалпы сағат көлемі - 135 сағат
Бақылау түрі

Қорытынды бақылау түрі: емтихан – 2 семестр


Преквезиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-мащықтар қажет: жалпы орта білім беретін көлемінде математика, химия, информатика пәндерінің мазмұны.



Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: құрылыстық физика, қолданбалы механика, электротехниканың теориялық негіздері.



2. Оқытушылар туралы мәлімет
Казангапова Лязат Кунапияновна - физика және аспап жасау кафедрасының доценті. Қабылдау сағатгары; А-407А, сабақ кестесі бойынша.
3. Пәні, мақсаты мен міндеттері

Пәні

Физика пәні бір тұтас пән. Мұндағы материалдың мазмұны және оқутыға алынған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестендіріледі. Жоғары техникалық оқу орындарға жоғарғы математика, теориялық механика, жалпы химия бағдарламаның терориялық негізін құрайды және кез-келген техтникалық бағыттар бойынша жоғарғы инженерлік – техникалық оқу орын бітіруші мамандардың келешек қызметтерінің негізгі (базалық) міндетін атқарады.



Пәннің мақсаты

Студенттердің ғылыми дүние танымын, дүниенің физикалық бейнесі жөніндегі қазіргі түсінігін қалыптастыру және болашақ инженерге ғылыми- техникалық ақпарат тасқынында дұрыс бағдарлануына мүмкіндік беретін және оларға маманданатын техника саласындағы жаңа физикалық принциптерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін физика саласындағы кең теориялық даярлықтың негізін жасау.



Пәннің міндеттері:

  • студенттерге негізгі физикалық құбылыстар мен идеяларды игерту, классикалық физика мен қазіргі физиканың іргелі ұғымдарын, заңдары мен теорияларын, сондай-ақ физикалық зерттеу әдістерін меңгерту;

  • студенттердің кәсіби мәселелерді шешу іскерлігінің негізі ретіндегі физиканың әр түрлі салаларынан алынған пәннің жалпыланған типтік мәселелерін шешу (теориялық және эксперименттік-практикалық оқу мәселелерін) тәсілдері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • студенттердің шығармашылық ойлауын, өзіндік танымдық іс-әрекетін және болашақ мамандығының қолданбалы мәселелерін физикалық модельдеу дағдыларын дамыту;

  • студенттерді қазіргі өлшеуіш аспаптармен таныстыру, олардың эксперименттік зерттеу жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу және олардың ақиқаттығын бағалау дағдыларын қалыптастыру.



4. Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

5В070800– «Мұнай-газ ісі» мамандықтар бойынша бакалаврдың түйінді құзыреттеріне қойылатын талаптар:



бакалаврдың түсінігі болуы керек:

- әр түрлі физикалық түсініктер, заңдар, теориялардың қолданылу шекаралары туралы;

- зерттеудің эксперименттік немесе математикалық эдістері арқылы алынған нәтижелердің сенімділік дәрежесін багалау туралы.

білуі керек:

- негізгі физикалық құбылыстарды, классикалық және қазіргі физика


заңдарын;

- физикалық зерттеу әдістерін;

- физиканың ғылым ретінде техниканың дамуына әсер етуін;

- физиканың басқа ғылымдармен байланысын және оның мамандығын ғылыми-техникалық мәселелерін шешудегі ролін.



жасай білуі керек:

- қазіргі физикалық принциптерді, техниканың білім алушылар мамандандырылатын салаларында, пайдалана білу;

- физика заңдарын тұжырымдау;

- қүбылыстар мен заңцарды сипаттайтын шамаларды анықтау; олардың арасындағы байланысты анықтау (бүл байланысты талдау, графикалық, сөзбен білдіру);

- стандарттық жағдайларда физиканың негізгі зандары мен принциптерін қолдану;

- қолдану шекарасын көрсетіп, физикалық қүбылыс моделін салу.



дағдылары болуы керек:

- экспериментті жоспарлау (жартылай);

- елшеу нәтижелерін жазу;

- есеп шығару және эксперимент жүргізу кезінде алынған нәтижелерді өңдеу және бағалау;

- кестелер мен графиктер құрастыру;

- эксперименттердің теориялық деректермен сәйкестігінің дәлдігін бағалау. құзыретті болуы керек:

- машықтану қызметі кезінде физикалық есептерді ұсыну және шешу мәселелерінде;

- физикалық экспериментті ұйымдастыру және соларға сәйкес өлшеу мен тіркеу аспаптарын іріктеу мәселелеріңде;



- қоршаған әлемді және ғылыми-техникалық прогрессті кэзіргі заман талабы деңгейінде түсінуде.

5 Пәнді игерудің тақырыптық жоспары

Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сабақтардың үлестірілуі



№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

зертха-налық

СӨЖ

барлығы

СОӨЖ

1

Оптика

5

5

6

40

15

2

Кванттық физика

5

5

6

30

15

3

Ядролық физика және элементар бөлшектер

5

5

3

20

15




Жалпы

15

15

15

90

45

БАРЛЫҒЫ : (3 кредит)

135



6. Пәннің дәріс тақырыптарының мазмұны

1 тақырып. Алғашқы мағлұматтар. Фотометрлік шаралар және олардың бірліктері. Геометриялық (сәулелік) оптика. Линзалар. Жарық толқындарының касиеттері.


2 тақырып. Жарықтың интерференциясы. Интерферометрлер. Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор.

3 тақырып. Кеңістіктік тордағы дифракция. Спектрлік аспаптың ажыратқыш қасиеті.

4 тақырып. Заттағы электромагниттік толқындар. Жарықтың дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы (абсорция). Жарықтың шашырауы. Жарықтың поляризациясы.

5 тақырып. Жарықтың шағылуы мен сынуы кезіндегі поляризация. Қосарлана сыну. Жасанды оптикалық анизатропия. Поляризациялық призмалар және поляроидтар.

6 тақырып. Жылулық сәуле шығару. Планктың кванттық гипотезасы. Фотондар. Фотоэффект. Жарық қысымы. Комптон эффектісі. Кванттық теорияның негізгі идеяларының тәжірибемен негізделуі.

7 тақырып. Бор бойынша сутегі атомының спектрі. Франк пен Герц тәжірибелері. Зат қасиеттерінің корпускулалық – толқындық дуализмі. Д Броиль толқыны. Анықталмағандық қатысы.

8 тақырып. Шредингердің теңдеуі. Толқындық функция және оның қасиеттері. Кванттық теориядағы сутегі атомы мен молекуласы. Кванттық сандар. Паули принцпі.

9 тақырып. Электрондардың атомда күйлері бойынша орналасуы. Іріктеу ережелері. Электронның спині. Теңбе-тең бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі. Кванттық статистика элементтері.

10 тақырып. Спонтанды және еріксіз сәуле шығару. Лазерлер. Конденсирленген күй. Қатты дененің зоналық теориясының негіздері. Жартылай өткізгіштік диодтар мен триодтар (транзисторлар). Төмен өлшемді жүйелер.

11 тақырып. Атом ядроларының құрылысы және маңызды қасиеттері. Ядролық реакциялар және олардың негізгі типтері.

12 тақырып. Радиоактивтік сәуле шығару және оның түрлері. Радиоактивтік ыдырау заңы.

13 тақырып. Радиоактивті сәулелер мен бөлшектерді тіркеуге арналған аспаптар. Тізбекті бөліну реакциясы.

14 тақырып. Ядролық реакторлар. Атом ядроларының синтез реакциясы.

15 тақырып. Іргелі өзара әсерлесулер. Элементар бөлшектер.


7. Зертханалық сабақтарға арналған тақырыптардың тізімі


  1. Линзалардың фокус аралық қашықтықтарын Бессель әдісімен анықтау.

  2. Жарықтың дифракциялық құбылысын зерттеу.

  3. Малюс заңын және поляризацияланған жарықтың фазалық пластинка арқылы өтуін зерттеу.

  4. Ньютон сақиналарының көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау.

  5. Оптикалық аспаптарды мдельдеу және олардың үлкейтуін анықтау.

  6. Рефрактометр әдісі бойынша сұйықтардың сыну көрсеткіштерін анықтау.

  7. Жұтылу және шығару спектрлерін зерттеу

  8. Абсолют қара дененің сәуле шығаруы.

  9. Сутегі атомының спектрін зерттеу.

  10. Франк пен Герц тәжірибесі.

  11. Сыртқы фотоэффектінің негізі заңдарын зерттеу.

  12. P –n ауысудың қасиеттерін зерттеу.

  13. Үздіксіз әрекет ететін газ лазерінің жұмыстарымен танысу.

  14. Синтилляциялық есептегіштің жұмысын зерттеу.

  15. Ғарыштық сәулелердің қорғасында жұтылуын зерттеу.


8. Практикалық сабақтарға арналған тақырыптар

1. Геометриялық оптика.

2. Фотометрия

3. Жарықтың интерференциясы

4. Жарықтың дифракциясы.

5. Жарықтың поляризациясы.

6. Жарықтың дисперсиясы.

7. Жарықтың жұтылуы

8. Жылулық сәуле шығару

9. Фотоэффект.

10. Атомның құрлысы

11. Де Броль толқындары

12. Анықталмағандықтар қатынасы

13. Толқындық функция және оның қасиеттері.

14. Кванттық теориядағы сутегі атомы



15. Ренген спектілері

16. Молекулалық спектілер

17. Жартылай өткізгіштіктердің меншікті және қоспалы өткізгіштіктер

18. Атомдық ядролар және оның сипаттамасы

19. Радиоактивтік сәуле шығару және оның түрлері

20. Радиоактивті сәулелер мен бөлшектерді тіркеуге арналған аспаптар.

21. Ядролық реакциялар

22. Ядролық реакциялар және олардың типтері

23. Бөлінудің тізбекті реакциясы

24. Атом ядроларының бірігу реакциясы

25. Элементар бөлшектер.

9. Студенттердің өздігінен оқып үйренуіне берілетін тақырыптар тізімі
1 тақырып. Лазердің қасиеті, түрлері. Лазер сәулесінің физикалық мағынасы. [4]:241-291бб.

2 тақырып. Галогармма және оны алу жолдары. [4]:308-372бб.

3 тақырып. Радиоактивті элементтер, олардың зардаптары.[4]375-410бб.

4 тақырып. Элементар бөлшектердің қасиеттері. [7]:160-189бб.


10. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі

Тәжіребелік және өздік сабақтарға қатысу, тапсырмаларды орындау 0-100 баллмен бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




СӨЖ түрлері

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысу

40

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

30

3

Аудиториялық сабақтар мазмұнына кірмеген материалды оқу

Конспект (және т.б)

Коллоквиум (және т.б.)

10

4

Бақылау шараларына дайындалу




РК 1, РК 2, коллоквиум (тест және т.б.)

10

Барлығы

90



11 Курстың саясаты

Талаптар жүйесі:

  • оқу процесіне белсенді қатысу;

  • тапсырмаларды уақытымен және толық орындау;

  • ішкі тәртіп ережелерін бұзбау;

  • сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау.

  • босатылған сабақтарды оқытушымен белгілеген уақытта өтеу;

  • курстастарымен және оқытушылармен тілектес, іскер стильді ұстану.

Әрбір сабаққа дайындалу ұсынылған материалды толық оқу сияқты міндетті.

Студенттердің білімін тексеру тәртібі

Сіздердің дайындықтарыңыз бақылау жұмыстарымен, тест тапсырмаларымен, ауызша және жазбаша сұраулармен тексеріледі.

Курсты оқу барысында студенттердің білімін рейтингілік бағалау жүйесі қолданылады.

1. Семестрдің ортасы мен соңында 100 балдық шкала бойынша пәннің оқылған модулі бойынша студенттің ағымдағы үлгерім (АҮ) бағасы анықталады. АҮ бағасы – бұл келесі жинаған балдардың қосындысы:

1) дәрістік бақылау рейтингісі;

2) зертханалық сабақтар рейтингісі;

3) үй тапсырмасын орындау рейтингісі;

4) өздік жұмыс рейтингісі кіреді.

Дәрістік бақылау рейтингісіне дәріске қатысу және дәріс сабақтарының тапсырмаларын орындау кіреді.

Зертханалық сабақтар рейтингісі – бұл зертханалық сабақтарда зертханалық жұмыстарды орындау, қорғау.

Үй тапсырмасының рейтингісі – бұл үй тапсырмасын орындауды бағалау.

Өздік жұмыс рейтингісі – бұл өздік жұмыстарын орындауға және қорғауға қойылатын баға.

Барлық тапсырмалар белгіленген мерзімде орындалу қажет. Егер студент сабақ үстінде тәртіп ережесін бұзса, ол қатаң түрде жазаланылады, тіпті аудиториядан босатылады. Сабақты босатқан үшін келесідей айып салынады:

Сабақ себепсіз босатылса - 0 балл; әрбір өтелмеген сабақ үшін 0 балл; уақытында тапсырылмаған тапсырмаға төмен балл қойылады.

Егер де сіз қандайда бір себептермен бақылау шарасына қатыспасаңыз, онда сізге оқытушымен кеңесу кезінде бақылауды жазуға мүмкіндік беріледі, керісінше жағдайда 0 балл қойылады.

Рейтингілік балдар бақылау шараларының күнтізбелік графигінде көрсетілген.

2. Межелік бақылау да (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Студенттің пән бойынша (Р1 және Р2) рейтингтері АҮ және МБ бағаларының қорытындысы бойынша анықталады
Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3.
Егер студент МБ-дан өтпесе немесе МБ-дан 50 балдан төмен алса, рейтинг анықталмайды. Бұл жағдайда декан МБ тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді.

3. Пән бойынша студенттің рұқсат рейтингісінің (РР) бағасы семестр бойынша мынаған тең:

РР=(Р1+Р2)/2.

4. Студенттердің пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды рейтингісімен (Қ) анықталады. Қорытынды рейтинг салмақтық үлестерін ескерумен рұқсат рейтинг (РР) және қорытынды бақылау (ҚБ) бағаларының қосындысынан құралады



Қ=РР*0,6+ҚБ*0,4 (Қ=РР*РРСY+ҚБ* ҚБCY)
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ол РР үшін 0,6-дан кем, ал ҚБ үшін 0,4-тен кем болмау қажет.
Ескерту: АҮ – ағымдағы үлгерім; МБ – межелік бақылау; РР – рұқсат рейтингісі; СӨЖ – студенттің өздік жұмысы; СӨЖМ – студенттің оқытушымен бірге өздік жұмысы; ҚБ – қорытынды бақылау; Қ – қорытынды рейтинг.
Пән бойынша қорытынды рейтинг 1 кестеге сәйкес сандық, әріптік және дәстүрлік бағаға аударылып, «Студенттердің оқу жетістіктерінің журналы» мен «Рейтинг парағына» енгізіледі.
Кесте 1


Балл түріндегі қорытынды бағалау (Қ)

Балдардың сандық белгілері (С)

Әріптік жүйеде бағалау

Дәстүрлік жүйеде бағалау

Емтихан

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Сынақ-талды

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-

55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

0 - 49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ-талған жоқ


12 ӘДЕБИЕТ
Негізгі:

1. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. - Москва: Высшая школа,2002.

2.Койшыбаев Н.К., Шарыкбаев А.О. Физика 1,2томдары. Алматы, 2001.

3.Костко О.К. Физика для архитектурных и стройтельных вузов. -
Москва, Высшая школа, 2004.

4. Трофимова Т.И. Курс физики. - Москва: Высшая школа, 2003.

5. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсы есепетерінін жинағы. – Москва:Наука, 2005.

Қосымша:

6.Камышева А.Г. Методические указания к выполнению лабораторных работ
- Алматы; КазГАСА, 1998.


7.Савельев И.В. Курс общей физики. - Москва: Наука, 1989. - Т.1-3.

8.Тулькиева Л.Е. Физика. 4.1 - Алматы: КазГАСА, 2002

9.Чертов А.Г., Воровьев А.А. Задачник по физике. - Москва: Высшая школа,
1981.

10.Фриш С.Э., Тиморева А.В. Физика курсы. Алматы: Мектеп. 2003.-т.1

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет