Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н



Pdf көрінісі
бет28/49
Дата24.08.2020
өлшемі477,85 Kb.
#76716
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Бақылау сұрақтары

1. Журналистік жанр шолу.

2. Шолудың түрлері

Әдебиеттер тізімі:1,5,6.

Дәріс №19. Саяси портрет   

Жоспар: 

1. Саяси портрет (

журналистік жанрдың

 бір түрі).

2. Саяси қызмет.

3. Лидердің психологиялық портреті, теориялары

Лекция мақсаты: Саяси портрет ерекшелігін анықтау.

Лекция       мәтіні.   1.  Саяси   портрет  (

журналистік   жанрдың

  бір   түрі)   –

халықаралық   немесе   мемлекеттік   саяси   шенеуніктердің   мінез-құлқын   ашу




мақсатында   жазылады.   Ішкі   және   сыртқы   пішінінін   суреттеу   арқылы

кейіпкерінің   бейнесін   (я   жағымды,   я   жағымсыз)   сомдау.   Белгілі   бір  

саяси

тұлғаның


 саяси портретін жасау үшін, ол адам туралы қайда, қандай сөздер

айтқанын, нені уәде еткенін, жеке өмірінде қандай жетістіктер мен табысқа

жеткенін,   неден   сүрінгенін,   неге   көңілі   құлағанын   егжей-тегжейлі   зерттеу

қажет. 


Мәселелер

фактілер



 дәлелді, айқын болуы шарт.

Бүгінгі күнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда толыққанды зерттелуде.

Мәселен,   психология   лидердің   тұлғалық   ерекшеліктерін   зерттейді.

Әлеуметтану   лидерлікті   әлеуметтік   жүйенің   негізінде   қарастырады.

Әлеуметтік   психология   лидерлікті   әлеуметтік   және   психологиялық

факторлардың   өзара   қызметтік   процесі   ретінде   зерттейді.   Ал   саясаттану

саяси   лидерлікті  билік   феномені  ретінде   қарастыра   келе,   оның  табиғатын,

қызмет   ету   механизмдерін,   қоғамға   ықпалын   зерттейді.   Сонымен   бірге,

тиімді басқарудың әдістері мен тәжірибелік ұсыныстары айқындала түседі.

Ғалымдардың   пікірлерінше,   өз   бойында   туа   біткен   қасиеттерді

ұштастыратын адам ғана қайырымды халықтың басшысы бола алады: «бұл

адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері

атқаруға   тиісті   қызметті   аяқтап   шығу   үшін   мейлінше   жақсы   бейімделген

болуы   керек;   жаратылысынан   өзіне   айтылғанның   бәрін   жете   түсінетін,

айтылған сөзді сөйлеушісіне ойындағысын және істің жай-жағдайына сәйкес

ұғып   алатын   болуы   керек;   өзі   түсінген,   көрген,   есіткен   және   аңғарған

нәрселердің   бәрін   жадында   жақсы   сақтайтын,   бұларды   ешнәрсені

ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір, бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған

заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл

иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып

бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып үйренуден

шаршап   шалдықпай,   осыған   жұмсалатын   еңбектен   қиналып   азаптанбай,

бұған оңай жететін болу керек; тағамның, ішімдік ішуге, сұқ-сұбқат құруға

келгенде қанағатшыл болу керек.

Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды

халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те

көшбасшылық   қасиет   танытуы   тиіс.   Мемлекет,   ұлттың   лидерлігі   қазіргі

теорияда   жеке   қарастыратын   нысан   болып   табылмайды.   Осы   түсінікке

сипаттама   беруде   лидерлікті   ұстап   қалу   және   иеленудегі   заңдылықтарды

айқындаймыз.   Ал   жалпы   мемлекет   лидерлігін   зерттеуде   әлемдік

ұйымдастырушылық-қызмет   құрылымын,   оның   тенденцияларын,   әлемдік

қауымдастықтың   тұрақты   дамуына   қатер   туғызатын   жағдайларын

қарастырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет