Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н


Дәріс   №3   Паблик   рилейшнз   және   қазіргі   қоғам



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата29.05.2020
өлшемі132,66 Kb.
#71561
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Дәріс   №3   Паблик   рилейшнз   және   қазіргі   қоғам.

1.Паблик рилейшнз туралы.

2. Пиар-технологиялар.

Қазақстанда   жұртшылықпен   байланыс   өзіндік   жүйе,   әлеуметтік

институт   ретінде   қалыптасу   үстінде.   Үкіметтік   және   бизнестік

құрылымдардың   PR   қызметтері   жұмыс   істеуде.   Қазақстандық   PR

агенттіктерінің   саны   өсе   түсуде.   ҚР   Жұртшылықпен   байланыс   жөніндегі

ұлттық ассоциациясы және Қазақстан PR кәсіпқойларының «PR-шы» клубы

сияқты   алғашқы   қоғамдық   бірлестіктер   пайда   болды.Қазақстан

Республикасының   жұртшылықпен   байланыс   жөніндегі   ассоциациясы

(ЖБҰА)   PR   нарығында   кәсіби   қызмет   көрсететін   бірнеше   компанияның

бастамасы   бойынша   2001   жылы   құрылды.   ЖБҰА-ның   құрылтайшы-

мүшелері заңды тұлғалар болып табылады. Қазіргі таңда ЖБҰА мүшелері

қатарына «BRIF Research Group» Әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер

агенттігі,   Қазақстан   Баспасөз   клубы,   «Ренессанс»   коммуникативтік

менеджмент   агенттігі,   Ұлттық   баспасөз   клубы,   «Имидж-Партнер»

коммуникациялық   тобы,   «Медиа-Систем»   агенттігі,   «PR-Management

Company»   агенттігі   кіреді.ЖБҰА-ның   негізгі   миссиясы-Қазақстанда   кәсіби

PR   индустриясын   қалыптастырып,   дамыту.   Өз   іс-әрекеті   арқылы   ЖБҰА

Қазақстанда   азаматтық   қоғамның   орнау   үдерісіне   араласатын   болады.

Жарғылық   мақсаттарына   ЖБҰА   мынадай   әдістермен   қол   жеткізеді:

Қазақстанның   PR   агенттіктері,   сондай-ақ   корпоративтік   PR-мамандары

арасындағы қарым-қатынастарды дамыту; кәсіби этика стандарттарын енгізу;



жоғары   оқу   орындарымен   және   мемлекетпен   өзара   бйаланыста   болу;

халықаралық   ынтымақтастық;   сала   мүдделерін   БАҚ-та   және   мемлекеттік

органдарда   қолдау;   еліміздің   PR   мамандарының   біліктілігін   арттыруға

жәрдемдесу;   сала   мүдделерін   қорғай   отырып,   Қазақстанның   бизнес-

қауымдастығымен   қарым-қатынас   жасау;   саланың   имиджін   арттыруға

жәрдемдесу.

 

ЖБҰА сияқты ассоциациялар әлемнің өзге елдерінде бірнеше ондаған



жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қаз тұрып, қалыптасқанына 15 жылдай ғана

болған   Қазақстанның   PR   нарығы   кәсіби   деңгейге   көтерілді.   Ассоциация

мүшелері   2008   жылғы   17   маусымдағы   жалпы   жиналысында   Қазақстан

Республикасының   жұртшылықпен   байланыс   саласындағы   кәсіби   және

этикалық принциптер кодексін қабылдады. Кодекс мақсаты – жұртшылықпен

байланыс нарығының негізгі ойыншылары ұстануға міндетті нақты этикалық

және кәсіби бағдарларды белгілеу.

 

Еліміздегі жұртшылықпен байланыс мамандарының саны бес мыңнан



асып жығылады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік және

қоғамдық   ұйымдардың   өкілдерімен   кәсіби   тұрғыда   жұмыс   істей   алатын

кадрларға деген сұраныс бар.

  Жұртшылықпен   байланыс   саласы   біздің   елімізде   соңғы   15   жылда   қызу

дамып келеді. Осы саладағы жоғары білімнің болуы әлемнің барлық дамыған

елдері үшін заңды құбылыс болып табылады.

  Бүгінгі   таңда   әл-Фараби   атындағы   Қазақ   ұлттық   университетінде,

Т.Рысқұлов   атындағы   Қазақ   экономикалық   университетінде,   Абылай   хан

атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде,

Халықаралық бизнес университетінде (UIB) қоғаммен  байланыс мамандығы

бойынша   сапалы   білім   беруге   қажетті   материалдық-техникалық   база   мен

кәсіби оқытушылар құрамы бар. Қазақстанда қоғаммен   байланыс бойынша

мамандар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламасы сыннан өткен жүйеге

сүйенеді,   оған   жоғары   университеттік   білім   ауқымындағы   іргелі   жалпы

білімдік   пәндер,   сондай-ақ   үш   негізгі   бөліктен   –   жалпыгуманитарлық

пәндерден, журналистік және мамандық пәндерінен тұратын, мамандықтың

білім кешенін түзуге бағытталған пәндердің қомақты тізімі кіреді.

 

Оқуды   «жұртшылықпен   байланыс»   мамандығы   бойынша   тәмамдаған



түлектер мемлекеттік мекемелерде, әралуан меншік түріндегі кәсіпорындар

мен   қоғамдық   ұйымдарда   баспасөз   хатшысы,   жұртшылықпен   байланыс

жөніндегі кеңесші болып жұмыс істей алады. Іскерлігін көрсете білген алғыр

жастардың   арасында   мекеменің   бірінші   басшысының   орынбасары   сияқты

биік лауазымға жеткендер де бар.

  Осы мамандық бойынша білімін тереңдеткен түлектер еліміздің жағымды

инновациялық   бет-бейнесін   қалыптастыру   саласында   жұмыс   істеу

мүмкіндігіне   ие   болады.   Бұл,   әсіресе,   еліміздің   экономикалық   әлеуетінің

артуымен   тікелей   байланысты.   Елбасы   жоғары   дамыған   50   ел   қатарына

қосылу   міндетін   алға   қойып   отырған   қазіргі   таңда   еліміздің   бәсекелестік

артықшылықтарын әлемдік деңгейде насихаттай білудің маңызы арта түсуде.



Қазақстандағы   қазіргі   қоғаммен   байланыс   негізінен   4   салада   дамып

келеді.Олар:үкіметтік PR,саяси PR,коммерциялық PR, PR туралы білім беру

саласы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет