Бағдарламасының титулдық пму ұс н


История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011



бет8/22
Дата06.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#77485
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.


6 тақырып Соғыс аралық кезеңдегі Еуропа мен Америка елдерінің қоғамдық дамуындағы негізгі тенденциялары. Халықаралық қатынастарды талдау.
Жоспар:
1 Либералдар мен консервавторлар. Сайлау реформасы.
2 Компенсациялар туралы заң.
«Әскери мемлекеттік-монополистік капитализм» механизмінен бас тарту және капитализмнің макроэкономикалық моделін қайта қалпына келтіру. 20 ж. экономикалық ойдағы неоклассикалық бағыттың үстемдік етуі. Кейнсиандық теория және неокласикалық бағыттың макроэкономикалық талдауға көшу. ММК капитализм кезеңі индустриалды қоғамның сапалы түрде өзгеруінің кезеңі ретінде.
Либерализм және марксизм индустриалдық қоғамның негізгі идеологиялық доктриналар ретінде және олардың индустриалды қоғамның әлеуметтік құрылымының сапалы өзгерістер жағдайында трансформациялануы.
1929-1933 жылдары болған экономикалық дағдырыстан және одан кейін ұзақ жылдарға созылған экономикалық тоқырауды зерттеп отырып, Дж. М. Кейнс, өзінің “Қамтылу, процен және ақшаның жалпы  теориясы ” кітабында статистикалық үлгіні (моделді) жасап шығарды (1936). Ол бүкіл экономикалық процестердің, негізгі параметрлерін (бәрінен бұрын өндіріс көлемін) уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім шеңберінде қарастырды. Бұл кезде экономиканың ұзақ мерзімді өсу мәселері оқымыстының алдында тұрмаған. Дж. Кейнс одан неғұрлым маңызды сұрақтарға “Толық емес жұмыспен қамтудан толық жұмыспен қамтушылыққа қалай көшуге болады?”, “Жаппай жұмыссыздықты қалай жоюға болады?”. “Өндіріс қуаттарының толық өспе қосымшалығын қалай пайдаланып тауарларды артық өндіруге болады?” деген өзекті сұрақтарға жауап беруді маңызды көрді.
Кейнс ұлттық табыстар, жинақтар, инвестициялар мен сұраныстар арасындағы экономикалық пропорцияларға қол жеткізу міндеттерін алға қойды.
Кейнсиандықтың басты экономикалық идеясы инвестициялар мен жинақтар арақатынасын талдаумен, “Тиімді сұраныс” (кейнсиандықтардың негізгі категориясы) сияқты макроэкономикалық категорияларды зерттеумен байланысты.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
7 тақырып Екінші дүниежүзілік соғыста Еуропа елдері. Соғыстың қортындысы.
Жоспар:
1 Австро-германдық одақтың құрылуы.
2 1939 ж. халықаралық саяси дағдарыс.
Халық майдандағы идеологиялық қарама-қайшылықтар және қозғалыстың ыдырауы. 1939 ж. халықаралық саяси дағдарыс. Мюнхен келісімі. КСРО соғысаралық кезінде. Кеңес Одағының 30-ші ж. ішкі және сыртқы саясаты. 1936 ж. Конституциясы. Антигитлерлік каолицияның қалыптасу мәселесі. Италия мен Германиядағы фашизм жеңісінің себептері. «Берлин – Рим - Токио» осі.
1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерініңайырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.
1939 жылдың қысында Германия Польшаға «Данциг мәселесін» шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Һитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды. 1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды. 1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті.
1940 жылы Германия Дания мен Норвегияны (Дания-Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Недерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды (Франция жорығы). Францияның тізе бүгуінен кейін Ұлыбритания Германияның жалғыз қарсыласы болып қалды.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
8 тақырып Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихының екінші кезеңіндегі қоғамдық дамуының концепциялары.
Жоспар:
1 Индустриалды қоғам концепциялары.
2 Еуропаны біріктіру концепциялары.
Батыс теориялары. «Ұйымдаспаған», «өзгерген» (трансформацияланған) капитализм концепциясы, неокапитализм. Капитализмнің қазіргі марксистік ұғымы. Нарықтық экономика аралас экономика болуда. Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді.
Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы – Нидерланд экономикалық мектебінің профессор – экономисі Ян Тинберген) және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы – Гарвард институтының профессор – экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нақты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан.
Үш күйлер заңына сәйкес, адам ақылы бірінің артынан бірі келетін үш фазадан өтеді. Адамның өзімен салыстыруға тұратын, мәндерді немесе күштерді оларда мойындай отырып, ол біріншісінде құбылыстарды түсіндіреді, екіншісінде ол, табиғат сияқты, абстрактілі мәндерге көңіл аударады. Үшіншісінде адам феномендерге байқау жүргізумен және олардың арасында не осы мезгілде, не басқа уақыт барысында өмір сүре алатын, тұрақты байланыстарды тағайындаумен шектеледі. Ол деректердің себептерін ашудан бас тартады және оларды басқаратын заңдарды ашумен риза болады.
Теологиялық фазадан метафизикалыққа, ал кейін поитвтікке ауысу әр түрлі интелектуалдық пәндерде бір мезгілде жүрмейді. Үш күйлер заңы Конт ілімінде тек ғылымдар жіктемесімен қоса қатаң мағынаға ие бола алады. Әр түрлі ғылымдардың таратылу тәртіб біз үшін әр түрлі салалардағы позтвтік ақыл қалыптасу тәртібін ашады.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
9 тақырып ХХғ. екінші жартысында интеграциялық процестер. Еуропалық интеграция. Солтүстікамерикалық интеграция.
Жоспар:
1 Ғаламдану процесі және интеграциялары.
2 Еуропалық кеңестің құрылуы.
Солтүстікамерикалық интеграция Маастрихт келісімінің ролі (1991 ж.). «Евро» - ортақ валюта. Қазіргі саясаты. Басқа ұйымдармен қарым-қатынасы. Еуропаның бірігу процесінің қиындықтары мен жетістіктері. Латын Америкасындағы, Австралиядағы, Жаңа Зеландиядағы, Орталық және Шығыс Еуропадағы, ТМД, Азия және Африкадағы интеграциялық процестер мен блоктар.

Рим Келiсiмi 1957 ж. Рим Келiсiмiне қол қойылды. Бұл құжат Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Греция, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция, Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия, Эстония, Болгария мен Румыния сияқты 27 мемлекет мүшелiкке өткен Еуропалық Одақтың құрылуына себеп болған. Өткен аптада Берлинде ұйымдастырылған салтанатты шараға ЕО-ға мүше елдер мен әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен жиылған жоғары шендi шенеунiктер қатысты. Қонақтардың жалпы саны 500-ге жуық болатын. Ал Еуроодақтың аса маңызды құрылымдары – Министрлер Кеңесi, Еуропалық Комиссия, Еуропалық парламент ғимараттары орналасқан Бельгияның Брюссель қаласында көрмелер, концерттер мен ЕО-ға мүше елдердiң елшiлiктерiнде қонақта болу сияқты түрлi мерекелiк шаралар ұйымдастырылды. 2 күнге созылған шара қорытындысында ЕО-ға мүше елдердiң басшылары мен премьерлерiнiң Берлиндiк деклорацияны қабылдауымен аяқталды. ЕО, Еурокомиссия мен Еуропарламент бiрiгiп қабылдаған бұл құжатта аталған ұйымның жарты ғасырлық жұмысына есеп берiлiп, алда атқарылуға тиiс шаралар бекiтiлдi: «Еуропаның бiрiгуi нәтижесiнде өткен ұрпақтың ежелгi арманы орындалды.


Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады.
Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістермен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс Еуропалық экономикалық интеграцияның жетістікті аяқталуымен саяси интеграциялық үрдіс Еуропа Федерациясын құрудағы маңызды баспалдақ болып отыр. Бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып отыр. Европалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл - Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы европалық интеграциялық бірлестікке айналды.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
10 тақырып Еуропа мен Америка елдерінің ХХғ. екінші жартысында саяси дамудың негізгі бағыттары.
Жоспар:
1 ҒТР мазмұны мен белгілері
2 Ғарышты игеру
Әлемдік кәсіподақ орталықтары және олардын эволюциясы. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру ұйымының қызметі. Қазіргі еңбек стандарттары. Дүниедегі ірі социал-демократиялық партиялар. Олардың бағдарламаларының эволюциясы. Коммунистік қозғалыстың күреуі. «Еурокоммунизмнің» тағдыры.
Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрижесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.
Бір кезде ең қарапайым құралдарына негізделгең қоғамдық құрылыс үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не? Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткіліксіз.Оған қоса қажетті материалдар,тиісті технологиялар,қаттар ақпараттар және өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық өндіріс әдісі деп аталады. Демек; те хнологиялық өндіріс әдісі дегеніміз қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы,материалдар,технологиялар, қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл арифметикалық сандық қосынды емес,сапалық категориялар. Технологиялық өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму тарихы технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ;әлі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын күрднлі процесс.
Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс. Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникал ��қ немесе технологиялық революция заманы. Олай болса осы құбылыстың басты көріністері және мәні қандай?
- ғылыми - техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті;
-ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайларды күрт өзгертті.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
11 тақырып Халықаралық жұмысшы, демократиялық және социал-демократиялық қозғалыстар.
Жоспар:
1 Халықаралық жұмысшы қозғалыстар.
2 Демократиялық және социал-демократиялық қозғалыстар.
Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде:
-қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ереше,
өндіріске озық технологияны пайдалну қазіргі ғылыми - техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми – техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды.
Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді.
Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек,бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мән- мағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты.
Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған , ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін естен шығармаған абзал.
Ғылыми - техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы ; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б.
Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми - техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми - техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді.
Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
12 тақырып ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар.
Жоспар:
1 Екінші дүниедүзілік соғыстың себептері мен сипаты: ескі және жаңа көзқарастар.
2 Рузвельттің билікке келуі. «100 күн» бағдарламасы.
Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жиналысы (1975 ж.). Қарулану жарысы. «Жұлдызды соғыстар». Қарусыздану процесі. Ядролық ғасырдағы жаңаша ойлау. Экстремизм және терроризм мәселелері. Екінші   Дүниежүзілік  соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады.
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға үшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты.  Соғыстың  аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО қүрамындағы халықтар атқарды.
Франклин Делано  Рузвельт  (30.01.1982, Хайд-Парк, Нью-Йорк штаты – 12.04.1945 Уорм-Спрингс, Джорджия штаты) – АҚШ-тың мемлекет қайраткері , 32-президенті . 1904 ж. Гарвард университетін бітіріп, 1907 ж. Колумбия университетін бітіріп, заңгер мамандығын алған . 1910 ж. Демократиялық партиядан Нью-Йорк штатының сенатына сайланды. 1912 ж. қайта сайланды . 1913-20 ж. АҚШ теңіз істері министрінің орынбасары . 1928 ж. Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланды . 1930 ж. қайта сайланды, дағдарыс кезінде күйзелген халыққа мемлекеттік көмек беру жүйесін құрды . 1932 ж. бастап президенттік сайлау қатарынан төрт мәрте жеңіске жетті . Демократтар мен Рузвельттің елді дағдарыстан шығару бағдарламасы « жаңа бағыт » деп атанды . Бұл бағдарлама мемлекеттік қаржы экономика-әлеуметтік саланы жан-жақты қамтыған . Терең жүйелі реформа болды . Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтерді, елдің сыртқы саясаттық бағдарларына да өзгерістер енгізді.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
13 тақырып АҚШ 1945 ж. ХХІғ.Ұлыбритания, Испания және Франция мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясаты.
Жоспар:
1 Еурорпаны біріктіру идеялары. Брюссель келісімі.
2 Еуроодақ органдары және олардың өкілдіктері.
АҚШ – та мемлекетті басқару түрі республикалық. Яғни Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.Президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайлайды. Ондай президенттің билігі зор. АҚШ-та атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Айта кететін болсақ мұндай билік ең алғаш осы АҚШ-та орнады. Бұл елде президент 4жылға сайланады. Онда премьер-министр болмайды. Президент мемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің (министерстволардың аты) басшыларын, министрлер кабинетін және үкіметті тағайындайды. Олар тек президентке ғана есеп береді. Оның қылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға, халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар. Бірақ президенттің заң шығаруға құқығы жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды оны Конгресс шешеді. Парламент президенттің қай тағайындауын болсын бұза алады оны “право вето”деп атайды. Конгресс президентті орынынан ала алады оны “импичмент” дейді. Адам саны 300 млн 3-ші орын әлемде.
Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы королева. Үкімет басшысы премьер-министр. Заң шығару органы Парламент. Ол екі палатадан Лордтар және Қауым.
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкен сегіздіктің" мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардыңбасындаелдіңбұрынғыПремьер-Министрі, көрнектібритансаясаткеріМ.ТэтчердіңҚазақстанғакелуіосыныңдәлелі. ЛондонныңОрталықАзиямемлекеттеріжөніндемаңыздыміндеттерінелибералдықреформалардықолдау, халықаралық құрылымдарда тиісті елдердің қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
14 тақырып Соғыстан кейінгі ГФР, Италия, КСРО және Ресей.
Жоспар:
1 Жаңа шығыс саясаты. Саяси реформалар.
2. Кеңестер Одағының ыдырауы. Сыртқы саясаттағы батыс бағыттары.
А.Суарестің үкіметі. «Монклоа пакті» (1977 ж.) демократиялық орталық одағы-либерал-буржуазиялық коалицияның билігі. Португалияның «Органикалық демократия» және А.Салазар режимінің либералдануы. Сабақтастық пен эволюция саясаты. Демократиялық автономия, денационализация
Алғашқы герман мемлекеттілігін (Герман корольдігін) І Генрих құрса, оның мұрагері І Оттон алғашқы Герман империясын құрды. 1618-1648 жылдардағы отыз жылдық соғыстан кейін герман мемлекеті 300-дей ұсақ князьдіктерге бөлініп кетті. Бұл князьдіктердің ішіндегі ең ірісі және қуаттысы - Пруссия елді біріктіруге ұмтылды. 1870-1871 жылдардағы француз-пруссия соғысынан кейін Бисмарктың басшылығымен бытыраңқы герман мемле­кеттері қайта біріктіріліп Герман империясы қайта құрылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін (1919 ж) Веймар Республикасы жарияланды. 1933 жылы фашистердің билік басына келуінен кейін Үшінші Рейх құрылып, Германия екінші дүниежүзілік соғысты тұтандырды. Жаһандық бұл соғыста жеңіліске ұшыраған Германия төрт оккупациялық аймаққа бөлінді.
Соғыстан кейінгі Германияның экономикалық және әлеуметтік жағдайы өте аянышты болатын. Жер көлемінің 24 пайызынан айрылған, жеңуші елдерге орасан зор көлемде соғыс шығынын төлеуге мәжбүр болған неміс экономикасының жуық арада аяққа тұрып кетуіне күмән келтіргендер көп болды. Бірақ ұлы француз ағартушысы Вольтердің: «мемлекетті құтқару үшін бір ұлы адамның болуы да жеткілікті» деп айтқанындай, неміс ұлтын құтқаратын адам өздерінің арасынан табылды.
Бисмарктан кейінгі ұлы герман саясаткері атанған Конрад Аденауэр мен «неміс эконо­микасы кереметінің» авторы атағына ие болған Людвиг Эрхард неміс мемлекетін құтқарды. Әлемдік тарихта Аденауэр - саясатта, Эрхард - экономикада өздерінің қарым-қабілеті және дарындылықтарымен танылды.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.
15 тақырып Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.
Жоспар:
1. Соғыстан кейінгі Орталық Еуропа елдері.
2. Соғыстан кейінгі Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері.
Неміс экономистерін қамауда ұстауы американдық әкімшіліктің олармен «бірлескен жұмыс» жасауын білдірмейтін еді. Американдықтардың көздеген мақсаты өздерінің дайындаған жобаға неміс экономистерінің келісімін алу ғана болды. Барлық жұмыс американдық экономист Эдвард Тененбаумның басшылығымен және бақылауымен жүргізілді. Неміс сарапшылары американдықтар жасаған жобаға ұсақ-түйек ұсыныстар мен өзгерістер ғана жасай алды, американдық әкімшілік неміс экономистерін солай етуге мәжбүрледі.
Оқиғаның басқаша сипат алып бара жатқандығын қырағы аңғара білген Эрхард Герман делегациясы жұмысын аяқтап әскери базадан кетер алдында, олардың біріне өзі дайындаған жобаның нобайын американ­дықтарға байқатпай беріп жібереді. Тәртіпшіл немістер өздерінің басшыларының нұсқау­ларын мүлтіксіз орындағанымен американ­дықтар олардың барлық ұсыныстарына тойтарыс беріп, қабылдамай тастайды. Әскери базада өткен 49 күннен кейін ғана 22 компромисті құжат дайын болады. Дайындалған құжаттар мұнымен бітпейді, оны экономикалық кеңестегі депутаттар бекітуге тиіс болатын. Дайындалған құжаттарға қоса Эрхард та тәуекел етіп «Ақша реформасынан кейінгі баға саясаты және шаруашылық құрылымының принциптері туралы заң» деп аталатын өзінің жобасын да қосады. Эрхард өзі ұсынған заң жобасын үшінші рет дауыс беруден кейін ғана үлкен қиыншылықпен экономикалық кеңестен өткізуге қол жеткізеді. Бірақ бұл заңды Жер (аймақ) кеңесі мен әскери әкімшілік бекітуі керек болатын, ал оған уақыт та қалмаған еді.
1948 жылы 18 маусымда генерал Л. Клей Эрхардты кенеттен өзіне шақырып алып ақша реформасы туралы мәлімдеменің ертеңгі күні таңғы сағат сегізде жария етілетінін жеткізеді. Американдықтардың неміс жағының ұсыныстарына мұрындарын шүйіріп қарауы Эрхардтың ашуы мен намысына тиеді. Сол күні кешке қарай ол американдық әкімшіліктің тәртібін бұза отырып, Гессен радиосына барып өз атынан ақша реформасының басталғаны туралы хабарлайды. Генерал Клей неміс экономисінің батыл шешіміне қарсылық білдіре қоймайды.
Ұсынылған әдебиет:
1. Әбдіғалиева Б.Б., Жамалов Қ.Ж. Сатершинов Б.М. Саяси тарих. Алматы: Үш қиян, 2010.
2. История Европы с древнейших времен до наших дней. Т.1-4 – М., 2011.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет