Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет56/59
Дата26.01.2018
өлшемі11 Mb.
#34026
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Ескерту: Бұл шежіре Маңғаз Балтабекұлының айтуы бойынша жазылды.

Қожа


Арғы бабаларымыз: Абдул-Жалил баб пен Шайхы Бұзырық Арабиядан ерте заманда Қазақстан жеріне келіпті. Осы Шайхы-Бұзырықтан 5 ұл тараған екен. Олар:

  1. Тұрсын→?

  2. Шәміс→?

  3. Қалдар→?

  4. Ұлан →Шайыр →Темір, Есқожа

  5. Жиен→?

Темір→ Қи қожа →Бөлеген, Баян

Бөлегеннен: 1. Қожахмет →: А) Отар

Б) Рахым

В) Қабылахат (Қапан)

2. Шаяхмет →: А) Мұхамедияр

Б) Мамедияр

3. Оразахмет→0

Есқожадан →Жанпейіс →: 1. Ахметжан

2.Қасымхан

А) Абдрафик



Б) Қадыр

Ескерту: бұл шежіре Қожахмет ұлы Қапанның деректері бойынша жасалынды.
Қожа

Арғы бабасы қай қожадан шығатыны беймәлім, енді білетін буыннан бастасақ төмендегідей:

Аққожа, одан Сарықожа, одан Байматай, одан Шаштықожа, одан Ұлықсан, одан Мұхамәди. Мұхамәдиден:


  1. Қорасан→ Серікқали →Сымбат

Сәуле

→ Ляйля


→ Мейрамғали →Мұхаметәли

  1. Зияш→ А) Камелбек →Қожабек →0

→ Елеубек→ 0

→Бақытбек →екі қыз

→Есболат→ Кемелқожа

→Ерболат →?

Б) Карибек →Шыңғыс→ Олжас

→Мейрас


Ескерту: бұл шежіре Қорасанқызы Сәуле келіннің деректері бойынша жасалды.
Қожа

Сейіт қожа (Сайид қожа) бабаның бір ұрпағынан Қошқар баба, одан Ұлтан қожа, одан Тасқожа, одан Боранқожа, одан Әбілқожа, одан Қожабілдә тарайды екен. Осы Қожабілдәдан:

І. Сайфолла→: 1. Әбдікәрім(Әбіш)→Байғажы→:

1

2 Есімдері белгісіз



3

Және 3 қыз

2. Төлеубек→0

ІІ. Сәрсембай→:



  1. Әлмұхабетқажы→: 1. Аблахат→0

2. Қысметолла, одан:

А) Техника→Майра

→Бақытгүл

→Мейрамгүл

Б) Бақытханым

В) Жұмаханым



Г) Мағзия қыздар

Д) Рысханым




  1. Сақан→:

А) Габдурахит

Б) Уажит


В) Қаят (қыз)

Г) Мадат (қыз)

Д) Совет

Е) Гүлзат (қыз)

3. Бәшер→:

А) Асқар


Б) Амантай

В) Сайлаухан

Г) Самалхан (қыз)

Д) Камалхан (қыз)

Е)Гүлсімхан (қыз)

Ж) Талғат

4. Райса (қыз)

ІІІ. Бейсембай→:

1. Оспан→:

А) Мұқан→?

Б) Бөкей→2 ұл

В) Төкей→4 қыз

Г) Тлеухан→2 ұл, 2 қыз

Д) Жұмабике (қыз)

2. Сұлтан→:

А) Жақсылық→0

Б) Нүрилә (Қыз)

3. Аққожа→:

А) Шәріпхан→Ерлан, ---- ұл

Б) Тыныштық (қыз)

4. Бабақұмар (Бабаш) Бейсембайұлынан:

А) Қанағат→Мәулітбек, Мақсұтбек, Саябек, Рахатбек, Бауыржан және үш қыз бар.

Б) Мұрат→Бейбіт→Мейір, Ерсұлтан

→Еркебұлан→Самир

→екі қыз бар

В) Марат→үш қыз бар

Г) Жанат→Аман

→Айбек


→Әйгерім (қыз)

Д) Бану (қыз)

Е) Бақыт (қыз)

Ж) Гүлбану (қыз)

5. Бәден (қыз)

6. Қаныша (қыз)

ІV. Садық Қожабілдәұлынан:



  1. Бақытжан→

  2. Жабайхан→

  3. Қабыш→

  4. Зубаржат (қыз)

Ескерту: бұл шежіре Бабақұмарқызы Банудың және Қысметолла қызы Мағзияның деректері бойынша жасалынды.

Қазақи туыстықтың жіктелуі
Қазіргі біздің өмір сүріп отырған заманымыз – тәуелсіздік заманы, неміс жазушысы Стефан Цвейг айтқандай, ұлтымыздың «жұлдызды сағаты». Осы жұлдызды сағат – жұлдызды ХХІ-ғасырға ұласу үшін не істеу керек? Бүгінгі таңда негізгі мәселе осы.

Бір деректерде адам баласы жаратылғаннан бері 90 миллиардтай адам баласы бұл өмірге келіп кетсе керек. Олардың бәріне жуығының есімдері беймәлім күйінде жер-ананың құшағында, соның құрамды бөлігіне айналды. Уақыт дариясының толқындары оларды өз кезегінде жұтып жіберді. Бірақ біздің заманымызға, қазіргі өркениет тарихына солардың ішінен рухты халықтардың, рухты жандардың аттары мен заттары тамтұмдап болса да бізге жетті. Сондай тарих сахнасынан өшпей қалғанның бірі Мәлік Ғабдуллин: «Қазақпын деген сөзді мен: ұлтын, халқын, елін, руын, өскен жерін, халқының ерлік салт-дәстүрін сүю деп түсінемін» - деген еді. Ары қарай ойын аша түсіп: «Мен қазақпын» десем, оным қазақты асыра мақтап, басқаларадан бөліп алып ерекше артық жаратылған ұлт дегендік емес. Сонымен бірге, ұлтын жасырушылық, өз ұлтын, халқын сүймеушілік – дүниеде ең барып тұрған тексіздік» - деп керемет тұжырым жасайды. Әрбір адам, әсіресе жас ұрпақтарымыз осындай қағиданы бойына сіңіріп өсіп өмір сүрсе; ұлтын, шыққан түбін, ататегін ардақтауды, сыйлауды өмірлік кредосына айналдырса қандай ғанибет болар еді.

Бұл дүние әлемге, өркениетке, мелекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа бөлінеді. «Ру» деген сөз, «бау», «сан», «тайпа», «тек», «арыс», «жүз», «жұрт», «ел», «Отан» сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категорияларды білдіреді.

Рахметұлы Шынайдың «Монголия қазақтарының ата-тек шежіресі» атты еңбегінде: «Туыстар немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса – ауыл, іргесі алшақтау болса – жерлес. Қандас жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тарағандар) бір ата, 13 атадан асса – ру болады. Бірнеше ру қандастықпен, я бір мүддемен біріксе – тайпа. Бірнеше тайпа қоғамдасып жүз болады. Тайпадан ірілісе – халық немесе ел, оның мемлекет ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса – ұлыс, дербес шекара, саяси-экономикалық тәуелсіздікке қолы жетсе – мемлекет; тілі мен дәстүрі, мәдениеті, өзіндік мекен – жері, әлеуметтік рух, жігері, этникалық ерекшелігі дараланса – ұлт болады» - деп көрсеткен.

Қазақта «жеті ата», «ата-балалар», «немере ағайын», «жамағайын», «қалыс ағайын» деген терминдер бар. Енді осы терминдерді талдайық.

«Жеті ата»:



  1. Әке

  2. Ата

  3. Әз ата (бұл үшеуі аталар)

  4. Баба

  5. Тектін

  6. Төркін

  7. Түп-тұқиян (бұл төртеуі бабалар)

Осы жетеуі «ата-бабалар» делінбек.

Енді 3 ағайын 15 ұрпаққа келейік:

І – немере ағайын: 1. Бала. 2. Немере. 3. Шөбере. 4. Шөпшек. 5. Өбере.

ІІ – Жамағайын: 6. Туажат. 7. Жүрежат. 8. Жекжат. 9. Жұрағат. 10. Жамағат.

ІІІ- Қалыс ағайын: 11. Өркен. 12. Әулет. 13. Зәузат. 14. Жаран. 15. Қалыс.

Ендеше ата тарихы 7 ата – 175 жыл, 15 ата үш ағайын 375 жыл болса, 550 жыл қазақ хандығынан бергі тарихың емес пе?!

Негізгі миссия – ұлтты руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлу емес, оның тұтастығына, туыстығына, тірлікке, бірлікке шақыру, болашаққа үмітпен қарау, сонымен қатар оқырман қауымды рухтандыру.

Халық – дария, халық – Отан тұғыры. Ал сол халық рухты болса күші еселенеді, рухсыз халық қара тобырға айналады. Қазақ ұлының рухты болғанын, қызының қылықты болғанын тілейді. Ұлың рухты болса – сүйікті, қызың қылықты болса – бақытты. Рухты жан – Азамат – Адам, рухсызы – тұғырсыз надан жан болмақ.

Бұл деректерді рухты жастарымыз қазақи туыстықтың жіктелуін жадыларында сақтай жүрсін, біле жүргеннің зияны болмас деген ниетпен жаздым (автор).

Сөз соңы
Құрметті ағайындар! Мен деген жоқ іздеген жолаушымын және сол жоғымды толықтай таба алмай жүрген, мазасы кеткен жанмын. Себебі, жанымды тыныштандырмай, ой-санамды түртпектеп жүрген дүниелер баршылық. «Ол не пәле екен?» - десеңіздер айтайын.

Біріншіден – шамамның жеткенінше бұл дүниеден (фәниден) өткен ата-бабаларымыздың есімдерін еске алып, кітапқа түсіру арқылы оларды ұмыт қалдырмай қазіргі ұрпақтарына таныстыру және одан да ары қарай келешекте де өмірге келетін ұрпақтарымыздың еншісіне мұра етіп қалдыру. «Өлі риза болмай, тірі байымас» - дегендей алдымен аруақтарды риза ету, сонымен бірге тірілерді рухани байыту. Сол арқылы өзімнің де мойнымдағы перзенттік қарызымды, ағалық парызымды өтеу.

Екіншіден – қазіргі жастардан, тіпті орта жастан асқан адамдардан өзінің ататегін сұрасаң, мысалы: «Біз қожа боламыз» - дейді, ары қарай ештеңені таратып, талдап айта алмайды. Бұл жерде оларды толықтай кіналауға болмайтын факторлар бар. Сонымен бірге, осылардың кейбіреулерінде білмегенін білейінші деген ниет, құлық жоқ. Бұл енді масқарашылық қой. Не деген жандар екенін білмеймін. Менің мазамның кететіне осындай жағдайлар әсер етеді. Сондықтан, осындай жағдайдағы жандарға ататегін білуіне шамамның жеткенінше көмек қолын созу. Ал бұл енді сауапты іс қой деп ойлаймын. Жоғарыда жазған еңбектерім кейінгі лек жастарымыз бен ұрпақтарымыздың бір кәдесіне жараса, онда алдыға қойған мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің өтелгені болмақ.

Сонымен бірге, осы кітаптың шығуына қол ұшын берген бауырларым Торсбай тегі Бертісбайға, Тоқтарұлы Еркінге және жаста болса рухани көмек көрсеткен інім Молдағалиұлы Бауыржанға, басымдағы қиыншылыққа түсіністікпен қарап демеушілік жасаған Сағадатұлы Айдын балама көңілімнің шексіз ризашылығын білдіремін.

Сендерді Алланың шапағаты, ата-бабаларымыздың рухы жебей берсін!

ІV бөлім
Ұлағатты ойлар

(жиған-терген

қоржынынан)

Өткендерімізге – құрмет,

Қазіргілерімізге – тәлім,

Ұрпақтарымызға – аманат.



ІV бөлім

Ұлағатты ойлар

(жиған-терген қоржынынан)

Кіріспе
1
Бізден бұрынғы өмір сүрген ғұлама-ойшылдар, ақын жазушылар, сөз зергерлері мирас етіп қалдырып кеткен асыл қазыналарынан, оқығандарымның ішінен өзіме ұнаған және келер ұрпақтың қажетіне жарар деген еңбектерін, сөздерін теріп және оған өзімнің де өмірден тоқығандарымды, көзім көріп байқағандарымды қосып осы қағазға түсіруді ниет еттім.

Адам баласының бақытқа қолының жетуінің маңызды шарттарының бірі – жеке адамның өзін-өзі өмірге дайындауы, тәрбиелеуі, баптауы арқылы дамуы десек, осы жиған-тергендерімнің келер ұрпақтар үшін атқарар қызметі зор болмақ. Біздің өмір сүрген айналамызда әрқайсымыздың қатынасуымызбен, немесе тіпті, қатынасуымызсыз-ақ болып жататын оқиғалардың бәріне ойлы көзбен қарап, жақсы-жарасымды жақтарынан үйрене алсақ, жайсыз-жағымсыз қылықтардан жирене білсек – адамша өмір сүре білу деген осы болады. Мұнда жазылғандар жастардың білімі мен дұрыс дағдылар шыңына бет алған қозғалыстарының бір баспалдағы. Шыңды бағындыру мұқият дайындықты, табандылықты, ерік-жігерді, білімді т.т. қажет етеді. Сендердің бұл сапарларыңда бұл «қазына» сенімді серік болса еңбегімнің ақталғаны, ізгі арманымның орындалғаны.

Бұл еңбек үстірт оқи салуға келмейтін, керісінше, шын ниетіңмен асықпай, ой көзімен көріп, өлшеп, қортытып, мән-мағынасына жете оқуды талап етеді. Сонда ғана заманға сай, лайықты, қалай өмір сүру керек деген аса маңызды сұраққа жауап табылмақ.

Мұндай шыңды бағындыруға сендерге шынайы сәт-сапар тілеймін, құрметті оқырман.


Бала тәрбиесі жайлы
1

Баланың жақсысы төбеңнен нұрын төккен күн

Жаманы жаныңда ойнап тұрған жын.
2

Қазақта «Ана – үйдің берекесі, бала – үйдің мерекесі» деген сөз бар.

Бар жақсылық анадан таралады ғой. Даламыз қандай далаңғайыр болса, оның жазылмаған моральдық кодексі де сондай көп. Бір ғана «Баланы бір жастан жеті жасқа дейін патшадай сыйла, жетіден он беске дейін құлша жұмса, одан соң өзіңе дос сана, ақыл-кеңес сұра» деген даналық қағиданың философиялық мәні тым терең-ақ.
3

Сан ғасыр жасаған халық даналығымен бірге жеткен ақиқат: баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, азап-соры.

В.А. Сухомлинский

4

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, денін сау, мықты етіп өсір. Ол жүгірсін, әрекеттенсін, жұмыс істесін, тынымсыз қимыл үстінде болсын.



Ж.Ж. Руссо
5

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып,

Тәртіп болса, өсер бала сомдалып.

Ж. Баласағұн


6

Балаларды тәрбиелеу – еңбек әрі борыш

Ф.М.Достаевский
7

Жасында әдеп үйренбеген баладан, өскен соң қайран жоқ.

С.Сарайи
8

Жас кезіңде білім алсаң қалайда,

Өсе келе қолың жетер талайға.
9

Болар бала он бесінде бас алар,

Болмас адам отызында жас болар.
10

Тайдан – тұлпар,

Балапаннан – сұңқар,

Баладан - азамат ер, өседі.


11

Балаларға өнер-білім берілсін,

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін

Ж. Баласағұн


12

Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан.

А.П. Чехов
13

Жаман болып көп туғанша,

Жақсы болып біреу тусайшы.
14

Дүниедегі ең маңызды «өнім» - адамның өзі.


15

Білмегеннің айыбы жоқ, ал білуге талаптанбау нағыз бақытсыздық.


16

Жалқаулық – бар кеселдің анасы.


17

Ата-аналардың өз балаларына деген шектен тыс сүйіспеншілігі олардың бойында жекешілдік, өзімшілдік, менмендік, қанағатсыздық және де басқа да жиренішті мінез-қылықтарды тудырады.

18

Әркім өз ата-анасын – әкесі мен шешесін толығымен түсініп, дұрыс бағалауы үшін оның өзі ата-ана дәрежесінде болуы керек.


19

Құрметке ие болған ата-аналар – балаларын қиыншылықтан, ауыртпалықтан қорғаштап, үйлерінде жылы орап ұстайтындар емес, қажырлыққа, еңбекке араластыратындар, яғни балаларын адам деген ардақты атқа лайық етіп тәрбиелеушілер.


20

Балаға керек:



  • Әрқашанда қырағы сөз

  • Дөп айтылған ұлағатты сөз.

21

Құнанбай: «Асың барда ел таны, атың барда жер таны» - деген, мен атымды да, асымды да іске қостым. Әйелім, балаларым, туыстарым айтқанымнан шыққан емес.



Отбасына өкпелеп балаларым мен дүрдараз болып көргенім жоқ. Абайым айтты: «Мен мектепте, медреседе оқыдым, бірақ әкемнен алған адамгершілік, рухани тәрбием әлдеқайда артық болды» - деп. Ал Ысқақ «Білімдінің жүрегі - кітап» - деген екен. Мен жалғасыма, келешегіме үміт артқан адаммын. Шүкіршілік етемін, тәуба, енді бізге ғибадат қана жолдас» - депті.

Бұдан шығар қорытынды: Атадан туған, ата жолын қуған, тегін танып, теңдесімен бірігіп қол сермеген, ақылының арқасында аяғын ырғап, нық басар атақты өркендер болуларыңды қалаймын. Менің жалпы, өмірдегі бар байлығым, басты байлығым, бар жетістігім, барлық үмітім де, тілегім де сендерсіңдер ұрпақтарым! Сондықтан да менің бүкіл өмірім мен еңбегім тек сендерге ғана арналады. Бұл мәселеде аналарыңның да ой-түйсігі мен үміті, сенімі бөлек болған емес.

Сәуір айы, 2000 жыл
Жасөспірімдерге арналады
1

Балалық шақтан жасөспірімдік, бозбалалық (бойжеткендік) шаққа өтер кездегі мінез-құлықтың күрделілігі жайлы байқаулар.

Жасөспірім жасқа ортақ ерекшеліктердің бірі олардың мінез-құлқында, көңіл-күйінде, ынтасында, қарама-қайшылықтар жиі болады. Адам өмірінде бұдан өткен қиыншылыққа толы кезең жоқ. Қыз – бойжеткен, ұл – бозбала ата-анасының қамқорлық көрсету мақсатында салған тиымына азаптана, ауырсына қарайды, сонымен бірге серіктес достарының ережелері мен талаптарына ынталана жегіледі. Бұл жаста бәрі де өздерін үлкен санайды және сыртқы түрі, киім киюі, шаш қоюы т.т., мінез-құлқының мәнері, талғамы мен құштарлығы жағынан да шұғыл ерекшеленуі үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. Өзгеге ұқсамауға, дербес болуға талпынады. Сонымен бірге, оларға сіңісіп кеткен, мойындалған достар шеңберіндегі «өз адамы» болуға талпынады. Жасөспірімдер – «норманың» нағыз құлы. Олардың ойынша, өмірдің барлық жағдайына қажетті бес аспап ережелері болу керек! Достарына қарағанда үлкендердің талаптарына қарсы жүру жеңілдеу болып көрінеді. Ал, дос-жолдастарының талаптары ар алдындағы шындыққа қайшы болып тұрса да, оларға «жоқ» деп айту – бұл шақтың ең тамаша ерлігі сияқтанады. Бұл кезең – мінез-құлықты айқын бағдарламайтын, «түнектегі» адасу жолы.

Кім білсін, кімнің балалық шағы болсын осы жолдан аттап өткені шамалы.

«Жастық шақтың ерте кезінде өзін-өзі бәрінен де күшті сезінеді, өркөкірек сеніммен ешкімнің ақыл-кеңесін, нұсқауын тыңдамай бәрін де өз бетімен, өзінше шешпекші болады». Бұл Л. Толстойдың балалары Татьяна, Сергей мен Ильяның мойындаулары.

Әрине, Л.Толстойдың балалары «есею шөлін» бастарынан бұдан гөрі аз қиыншылықтармен өткізді. Әкесі балаларын қауіпті жасқа дейін өзін-өзі үнемі зерттеп, өзіне-өзі баға беруге, әлсіздіктерін жеңе білуге бағыттады, өз қателіктерін қайталаудан сақтандыруға әрекеттенді.

Барлық басқа да ата-аналар сиқты бұл арада менде басымнан бір кезде өткен және де әлі кезігіп жүрген жан күйзелістеріммен толғаныстарымды қорыта келе және жоғарыда баяндалған мәселелердің нәтижесіндегі түйіндер бізге не береді? – десек.

Ең алдымен ата-ана, туған-туыстармен қарым-қатынастағы келіспеушілік, келеңсіздіктің төркінін білу керек. Сол түсініспеген кезде жастарға солай көрінгенмен, шындығында, не шешелерің, не әкелерің немесе басқадай туыстарың өзгеріп кеткен жоқ, сендердің өздерің өзгере бастадыңдар. Бейне, тістің өсіп шығуы сияқты, табиғи аурудан болған жағдай. Өзіңнің сезімдерің мен іс-әрекеттеріңе саналы, сын көзімен қарау сендерге, әуесқойлық құштарлықтарыңды бастан кешуге, ең қымбаттыларың – ата-аналарыңды немесе басқадай туыстарыңды орынсыз ренжітуден сақтандырады. Осылай еткенде, үлкендер де, кішілер де өсіп келе жатқан жас адам өмірін біліп қана қоймай, сондай-ақ кейіннен де бүгінгі ізденістерге өз назарын аударар еді, кей кезде тағдырыңның сәтсіз болуының, көптеген қиыншылықтардың беті аулақ болар еді. Сайып келгенде жастық шақтағы кейбір кемшіліктер азая түсер еді ғой.


2

Темперамент – жүйке саласының тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке-дара өзгешелігі. Ғылымда темпераментіне байланысты адамдарды бірнеше топқа бөледі.



  1. Холериктер – қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп-пісуге дайын, күйгелек. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы-төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам.

  2. Сангвиниктер – кісімен тез тіл табысады, өзін-өзі ұстайды, ақ көңіл, қызу істің адамы. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді, жеңіл мінезділікке салынып, сылбыр күйге түсе кетеді.

  3. Флегматиктер – сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты, бірқалыпты жүреді, орынсыз асып-саспайды. Бір істі бастаса оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл-қозғалысы баяу.

  4. Меланхоликтер – сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист, өте баяу қозғалатын жайбасар, жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, ынжық, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді ұнатады.

Өмірде темпераменттің таза түрлері сирек кездеседі. Олар бір-бірімен араласып, баттасып жатады, бірақ нақты жағдайларға байланысты олардың айқын көрінетін кездері де болады.
3

Ойлап жүр, ақырын бас, абай бол,

Ақылды білгіш пен білместен үйрен.
4

Болашақ жастардікі, ертеңге солар ие, сондықтан үкілі де, үлкен үмітіміз де сол ұрпақтармен сабақтас. Әттең, осы ұлы үмітке бүгінгі жастардың сана-қуаты, тағылым күші, көргенді іс-әрекеті жетіп жатса ғой шіркін.


5

Әрқайсымыздың әулетіміздің болашағы бүгінгі ұрпаққа байланысты. Сондықтан олар өз заманының өрелі, білімді, мәдениетті адамы, азаматы, маманы болуы керек. Ол үшін:

Біріншіден – біз бүгінгі ұрпаққа өз ата-аналарымыздан алған рухани мұрадан да мол мұра қалдырумыз керек.

Екіншіден – олар сол мұраларды игере отырып өз тараптарынан тағы да ары қарай талғампаздықпен дамытуға тиісті, ұдайы ізденісте, ұмтылыста болуы қажет.


6

Өзгермей тұрмайтын дүниеде өзгермей қалмайтын ел де, адам да болмайды. Бұл процесте ұлттың өмірдегі жиған-тергенін екшеп, сүзіп, ең тәуірін, асылын алғаның абзал. Тек сонда ғана ұлы көштің соңындағы шаңдақ жолда тұншықпай қатарыңа ілесесің. Тіпті, сол арқылы өз қатарыңнан, бәлкім, озық та тұрарсың.


7

Өзгеріс үстінде өсіп, өсу үстінде өзгеріп жататын өмірдің өзіне орай өмір сүру өршіл өрендерге ғана тән қасиет.


8

Атаңа не істесең, ертең алдыңнан сол шығады.


9

«Адам туа бұзылмайды, жүре бұзылады» - деген дана сөз бар.


10

Адам болып туу санадан, хайуан болу өзіңнен.


11

Құран Кәрімде Аллаһ тағала айтты: «Жақсылық жасаңдар – оның игілігі өздеріңдікі, жамандық жасасаңдар – оның обалы тағы өздеріңді табады...» - депті.

(Исра сүресі, 7 аят)

Келін жайлы ойлар
1
Алдағы өмірдің қандай боларын уақыт көрсетер, ал осы күнге дейінгі өткен өмірімнің ішіндегі ең мәнді, мазмұнды болған кезеңі – атамның алдындағы аз жылғы титімдей еңбегім еді. Бір күнгідей болмады, аққан жұлдыздай жарқ етіп қас-қағым мерзімде өте шықты. Сіңірер еңбегім, төгер терім көп еді, келіндік міндетім де мол еді. Бірақ, менің қолыма қарап тұрған дүние шамалы екен. Жаратылыстың жаңылмас заңдылығы өз дегенін жасап, жүрегіміз қарс айырылып, атасыз қалдық. Алайда, мен атамның келінімін. Ендігі жерде атамның атын, рухын қастерлеп өтем, немересін адал азамат етіп өсіруге өмірімді арнаймын. Қасиетті халқымның, туған елімнің аяулы қарттарының алдында басымды иіп, келіндік борышымды жалғастыра беремін.

Зейнеп Ахметова


2

Баяғы заманда ата-бабаларымыз киіз үйде тұратын кезде келін таңертеңгілікте түңлік ашып, от жағады екен. Шаңырақтан түтіннің көрінгені сол үйдің түннен түгел шыққан тыныштығының хабарын паш ететін белгісі болыпты. Байыптап ойласаңыз бір үйлі жанның, тіпті бүкіл бір ауылдың тіршілігін алдымен келін бастаған. От бар жерде өмір бар, жылу-береке бар дейміз. Сол отты жағуды халқымыз келінге сеніп тапсырған екен. Өйткені, бүгінгі жас келін ертең өмірді жалғастырушы, ұрпақ әкелетін ана! Ал, аналар – тіршілік тірегі.

Жаңадан бүршік түйген жас көшетті бір орыннан басқа жерге ауыстырғанда топырағы құнарлы, күтімі оңды болса, жапырақ жайып жемісін жегізетіні секілді келіннің де жақсы немесе жаман атануы көп ретте ененің көрсетер үлгі-өнегесіне өте байланысты. Осы орайда, «келін қайын ененің топырағынан жаратылған» деп бекер айтылмаса керек.

Зейнеп Ахметова 15 шілде, 1985 жыл


3

Қарындасы адал ер бақытты,

Келіні адал ел бақытты.
4

Бізде шаңырақ пен бесіктен асқан қасиетті нәрсе жоқ. Бұл қасиеттерді қастерлеуде келіндердің ролі зор.


5

Шаңырақты еркек көтеріп бергенімен, үйді әйел тігеді.




Әйел – ана
1

Бірінші әйелді құдай береді,

Екінші әйелді шайтан береді,

Үшінші әйелді достар береді, деген сөз бар


2

Әрбір отбасындағы әйел өз ошағының ұйтқысы болып, отбасының береке-құтын, жылылығын сақтауда атқарар ролі мен төгер тері зор. Ол отбасының басқаға жайып, жар салуға болмайтын ішкі жағдайларын терең зерделеп отыруы қажет. Себебі, әрбір іс-әрекеттің тууына түрткі бір себеп болады. Сондықтан ол нақтылы іс-әрекетті ғана көрмей, оны тудырған себепті түсінуге, үйдегілердің жан-күйінің толғаныстарына, сезім сырларына терең үңілуі керек. Рухани бірлік, рухани түсінісу дәрежесіне жетуі міндет. Ол болмай, тек ас әзірлеп, дастархан жаюмен шектелсе – ол жартылай қызмет, оны жат та істей алады.

Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова:

«Шуақты күндер»


3

Өзбек халқының данасы Алішер Науаидың «Әйел туралы» сөзінде:

«Жақсы әйел – жанұяның бақыты, сәні, дәулеті. Үйдің тазалығы да, үй иесінің тыныш, жайбарақат болуы да содан. Ол сұлу болса – көңіл азығы, тілі тәтті, мәмлелі болса – жан азығы. Ақылды болса – үйде құт, береке болады, әр нәрсе таза күйінде өз орын-орнында тұрады. Егер ер-азамат осындай адал әйелмен бас қосса, сондай бақытқа ие болса, басқа түскен ауыртпалықтан да, небір қиыншылықтардан да мойымай өтеді. Ол саған ақылгөй дос, сырлас болып, бар ауырыңды жеңілдетеді. Кездейсоқ пәлекеттер кез келсе, ол сенің көмекшің. Көңілдегі күдікті, бойыңдағы қайғыңды сергітеді. Тәнің ауырып, жаның зәбір-жапа шексе – жаны ашиды. Көмек қолын созып, мейір-шуағын төгеді. Нәтижеде, басыңдағы кейбір қиындықтар оңай бітеді.

Құдай көрсетпесін, егер берекесіз әйел кездессе, өз үйіңде аса қауіпті індет пайда болады. Ол ұятсыз, бейауыз болса көңіл құлазиды, ылғи да жаманшылық іздеуші болса – одан рухани болмыс азап шегеді. Тілі ащы болса, күллі жұрттың жүрегін жаралайды. Егер оның тәні пәк, жаны таза болмаса ол күйеуін қарабет етіп, жерге қаратады. Ал ішкілікке құмар болса – үйдің сәні кетеді, әдепсіз болса – жанұяның күлі көкке көтеріледі» - депті.

Бізге осы дана сөздерден артық өсиет, ақыл айту қиын шығар.
4

Әйел тек үйдің ошағына ғана от жағушы емес, сонымен бірге болашақтың ошағына да от жағушы жан.


5

Өмірдегі бар ізгілік ана махаббатынан нәр алып, ананың аппақ тілек-ниетімен көктейді. Әйел – ана ұрпақ тәрбиелеу арқылы бүкіл ұлттың тәрбиешісіне айналады.


6

Көне заманда өткен бір ғұлама айтқан екен: Жаратқан Ием әйелді еркектен төмен болсын десе – аяғынан, ал егер өзінен басым, жоғары болсын десе – басынан жаратар еді ғой. Ал қабырғасынан жаратуы өз ерімен қатар болуын қалағандай-ау тегі.

7

Адам бойындағы ізгілікті қасиеттер – күн сәулесі мен ана сүтінен дариды. Осындай факторлар өмірге деген құштарлық пен сүйіспеншілікті оятады.



М. Горький.
8

«Дүниедегі ең жақсы хабар не десек? – ол адамның өмірге келгендігі туралы хабар екен, ал ең жақсы ән қайсы десек – ол ананың айтқан бесік жыры» - деседі.

Р.Гамзатов
9

Ананың жүрегі – бейне мұхит, ол ұлы, терең, зор. Ананың тебіренген жүрегінің толқындары – махаббаты, сүйіспеншілігі – адамзат тіршілігіне, өміріне жылылық тудырады.


10

Күн сәулесі болмаса гүлдер болмас еді,

Махаббатсыз бақыт болмас еді,

Әйелдерсіз махаббат болмас еді,

Ал аналарсыз тіршілік жоқ.

А.М.Горький.


11

Ана болу – «жұмбақ сырды ашумен» тең.


12

Әйелдің жалғыз жетістігі бар - ол дақ түспеген ары.

Жүсіп Баласағұн


Жанұяға қойылатын басты талаптар
1

Бала – адамның бауыр еті. Бірін-бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық. Жанұя мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп бір-біріне мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарты – перзент. Сондықтан атамыз қазақ «балалы үй базар» - деген. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт.


2

Басты байлық – бала. Сондықтан, қоғам жасап шығарған және олардың өздері игерген идеялық және адамгершілік қағидалар, принциптер, кәсіби білім мен білік, тұрмыстық талғам мен әдет-ғұрып т.т. бәрі ұрпақ үшін. Әр ата-ана өздерінің барлық өмірін, еңбегін, қамқорлығын ұрпағы үшін жасағанда, сол адал ұрпағы арқылы жер бетінде өз іздерін қалдыру. Өйткені әр адам өзінен соң не қалдырса – оның өмірінің бағасы сол. Міне дәл сол себепті, ата-ана өз ұрпағының мінезі мен ісінен бөгде біреудің жаман ықпалын байқаса соншама ренжитіні, ал баласы жанұяның жақсы әдеттерін үйрене бастағанын көрсе, төбелері көкке жеткендей болатыны да сондықтан.

Жанұяның ең басты қасиеті – оның барлық мүшелерінің қалауын, мүмкіндіктері мен мақсат-борышын үйлесімділікке жеткізу.
3

Өмірдегі негізгі, принципті мәселелер бойынша әр жанұяның өзінің берік ұстанатын қағидасы болуы керек. Отбасылық дағдылары мен тұрақты дәстүрлері жоқ үй – үй емес. Себебі, бүгін мақтағанын ертең даттап жатса не болмақ? Кез-келген жаңалыққа, ойлы көзбен қарамай, әуес бола беруден сақтан. Жаман салттарды ғана ауыстыру керек, ал игі дәстүрлерді қастерлеп, сақтап, дамыта беру жөн.


4

Демографтың пікірінше:

Жанұяда 3 бала болуын ең үйлесімді деп санайды. Ал қазақ ең кемі үш баланы ғана толық бала деп санаған.
5

Отбасы – мемлекеттің моделі. Оның да көсем басшысы, сенімді қосшысы, орнықты орындаушысы болуы шарт.


6

Білсең: енең – анаң, келінің – қызың. Жанұяда ене мен келін арасындағы қарым-қатынасқа тек осындай тұрғыдан, ақыл-парасат биігінен қарағанда ғана ынтымақ, жарастық болмақ.



Адамдар, туыстар арасындағы қарым-қатынастар
1

Қазақ туыстық қарым-қатынастарға ерекше мән берген. «Ағайын айында, жегжат жылында араласпаса, жат болады» деген мақал соның моральдық өлшемі.

Енді осылардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтейік.


  1. Баба – атаның әкесі. Бабаны сыйлап, әрқашан да оған қамқорлық жасап отыру, оған үнемі сәлем беріп хал-жағдайын біліп отыру, сыбағасын сақтап, оған үнемі сый-құрмет көрсетіп отыру – шөбере, немеренің, өз баласының ғана емес, бүкіл әулеттің, бір атадан тараған бүкіл ауылдың борышы, қасиетті парызы.

  2. Ата – әкенің әкесі. Әрбір ұрпақ өз әке-шешесінен де атаның абыройын ерекше ардақтауға міндетті. Кісі әкенің алдында бір есе борышты болса, ал атаның алдында екі есе борышкер. Өйткені, ата әкені тәрбиелеп өсірген адам. Халық атасын сыйлай білмеген ұрпақты «тексіз» деп кінәлайды. Ондай адам өмірден опық жейді, түбінде күнәсін тартады, яғни атасына көрсеткен жөнсіздігін, мейрімсіздігі мен қайырымсыздығын кейіннен ол өз немересінен көреді. Бұл ондай тасбауыр баласын, немересін мейірімділікке (ата сыйлап, әке құрметтеп) баурап көрмегендіктің салдары.

Ата балаға сыншы, немереге қамқоршы, әулетіне тірек, батагөй жан. Қазақ дәстүрінде барлық іс-әрекет пен рәсімдерде ата жасын құрметтеп, оған сый-сияпат көрсете білу парыз.

  1. Әке – жарық дүниедегі екі жақын адамның бірі. Қазақ өмірінде «Әкесі тұрып, ұлы сөйлегеннен без», «Әке көрген оқ жонар», «Әкең – асқар тауың» деген мақал, «Жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық» деген сөз бар. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп-қадірлеу әрбір баланың міндеті. Әкесіз бала – жетім. Әке – асқар шың, бақыттың алтын бағаны. Әке – баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы. Ол баласы үшін барын аямайды, аялайды, тәрбиелейді, болашағына бағыт-бағдар жасап отырады.

  2. Ана – (туған шеше) әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.

«Ана – жүрек, жүректі құдірет де,

Ана – тірек, тіректі құрметте.

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет,

Ана – күнің, күніңе табынып өт».

Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз болса да, тіпті кесір-қырсық болса да – бәрібір шексіз сүйеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Баласын бағып-қағуда ол өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Әрине, ананың да анасы бар. Халық: «Туған ана емес, асырап, өсіріп, тәрбиелеген ана» дейді. Баланың анаға деген жәй махаббаты жеткіліксіз, оны барынша құрметтеп, сыйлау парыз, анасының басынан кешірген қайғы-қасіретін жете түсіне білуі шарт. Анаға деген құрмет, оған деген шексіз махаббат табиғи түрде қалыптасып, ыстық сезімге айналуы тиіс. Өйткені, адамгершілік қасиет адамда алдымен жүрекке, сезімге соқпай кетпейді.

Анасын жақсы көрмейтін адамды табу қиын, бірақ кез келген бала анасын қастерлей, бағалай біледі деу де, артық айтқандық болар. Тіпті кейбір балалардың: «Ой, маматай, сен бұл мәселеде не түсінуші едің?» - деп келемеждейтінін қайтесің, ал осы сөздер ана жүрегіне инедей қадалатынын балақайлар сезіне ме екен?

«Ананың ақ сүтін ақтау» деген тамаша бір сөз бар. Біз осы сөзді қалай іс жүзіне асырып жүрміз, осыны мықтап ойланайықшы! Анасын ренжіткен адам өзі сүйген жарын ұнатуы мүмкін бе? Ана алдындағы борышымызды түсінесіз бе? Мұны адамгершілік ар-ұятымыз рухани тіршілігіміз көтере ме? Анаға құрмет, махаббат өмір бақи терең де, шексіз болуы қажет емес пе? Өзін әлпештеп өсірген адамға немқұрайды қарап, оған қиянат жасаған ұл мен қыздан келешекте жақсы азамат өсіп шығады дегенге, әрине, сену қиын. Ана көңіліне кірбің келтіру, оның тілін алмау, оған дауыс көтеру – ауыр қылмыс. Ондайды «ананың ақ сүті ұрады» дейді халық. Яғни, ана сыйламаған тасжүрек өмірде ешкімнен сый көрмейді, өзінің қаныпезерлігінен өмірде қатты соққы көрмек.
2

Адамның бақытқа жетер баспалдақтары – қоғамдағы өз орны мен сүйікті ісін, өмірлік серігі – сүйікті сыңарын табуы; айналасындағы адамдар мен (жарымен, туыстарымен, доc-жарандарымен, қызметтес жандармен, жақындарымен т.с.с.) үйлесімді, сыйласымды қарым-қатынаста болуы.

Материалдық және рухани байланыс жанұя мүшелерінің арасындағы бір-бірімен араласуынан, әрқайсысының өмірдегі қарым-қатынасынан, қандастық ынтымақтастығынан көрінеді.
3

Қандас бауырластар әрқайсысының өзіндік тіршілігі, мақсат-мүдделері, өмірі болған жағадайда да бауырлас, қандаc болып қала беруге жетісулері шарт. Мұндағы басты нәрсе – сені түсінуге, жайыңды білуге, қуанышың мен қайғыңды бөлісуге әзір тұратын туысыңның бар екенін сезіну, қандастық ынтымақтастықты жоғалтпау.

Әрбір туысқан жандардың ой-өрісі, мінез-құлқы әр түрлі, бұл әр адамнан әдептілікті, зеректілікті, тапқырлықты, зор шыдамдылықты талап етеді.

Адамдар қандастық жағынан қанша жақын болғанымен, өз үйінде жөнді тәрбие алмаса, олардың туыстық байланысы берік болмайды. Туыстықты күшейтетін нәрсе негізінен ұрпақтардың бала кезінен бастап жиі араласуынан туындап, қалыптасады.

Туысқандық сыйластыққа апратын жол – адамның моральдық қасиеттері: жан тазалығы, ұяты, ары, намыс, борыш, имандылық, қайырымдылық, қамқорлық т.б. кісілік түсініктер. Туыстар байланысын қазақ ауылында қадірменді ақсақалдар аса зор ұқыптылық пен жүйелі түрде жүзеге асырып отырған. Мысалы, атақты Бөгенбей батырдың немересі Саққұлақ шешен өз заманындағы бала тәрбиесінің мақсаты мен міндетін, мазмұн әдістерін аз ғана сөзбен белгілеп берген ақылгөйлердің бірі болды. Ол кісінің айтуынша: «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы - халық» - екен. Дәл-ақ емес пе?
4

Ульяновтардың жанұясының тарихына зер салсақ көзіміз мынаған жетеді: аға-іні, апа-сіңлі, қарындастарының достығы мен пікірлестігінің бастапқы негізгі ата-аналарының балаларымен шынайы қарым-қатынасында. Ата-аналары сияқты балалары да туыстарының ішінен сол сәтте көмек кімге бәрінен гөрі көп қажет болса, соған көмектесуге алдымен шын ниеттерімен берілді.

Сондықтан, Ульяновтар әулетін біздер олар өзара дербес жанұяға бөлініп, бәрі бөлек тұрып, бір-бірімен негізінен хат арқылы хабарласып тұрғанының өзінде де біртұтастық бірліктері сезіліп тұрады. Міне, осындай түрдегі бірлікті, туысқандық сезім, қасиетті бауырластық дейміз.

Сол сияқты, К. Маркстің қыздарының арасындағы адалдық, қамқорлық жасау, әркез туысына көмек жасауға шүбәсіз дайын болу, күрес ісінде серіктес, жолдас болу сияқты қарым-қатынастары айрықша сүйсіндіреді.


5

Ағайындылар, туыстар арасындағы ізгі ауызбірлік, берекелі тірлік – құдды күн сәулесі, «адам жанының өсу биостимуляторы».


6

Өмір тәжірибесі: Қарттарды жастардан бөліп тұрған аралық неғұрлым зор болған сайын, туыстық байланыстар соғұрлым әлсіз келеді.

Ата-әжелердің немерелерімен қарым-қатынасы көбіне олардың тұрған орындарына байланысты болатынын уақыт тексеріп, зерттеулер дәлелдеген. Егер арадағы жолға бір сағат не одан да көп уақыт жұмсалатын болса, онда туыстар жексенбі мен салтанатты күндері немесе бастарына күн туғанда ғана ұшырасады. Сондықтан, көптеген адамдар бір-біріне жақынырақ қоныстану арқылы «жат болу жолағын» жоюға тырысады. Қазір бұл жағдай ағайындылар арасындағы қарым-қатынастың ең тиімді түрі ретінде бағаланады.
7

Жеті ата туралы: 1. Әке. 2. Бала. 3. Немере. 4. Шөбере. 5. Шөпшек. 6. Жүрежат. 7. Туажат (немене). 8. Жегжат. 9. Жұрағат.


8

Қазақстан – қазақ үшін жалғыз ұл,

Қазақстан қол созады биікке ең.

Жалғызыңды көтер елім иықпен.

Болмақ емес

Ақыл мәңгүрт, ар мазақ,

Қазақстан – жалғыз ұлы Қазақтың

Сол жалғыздың құрбандығы, бар Қазақ!

(Сабыр Адай)

Махаббат туралы
1

Өткен өмірден алар бірер тағылым:

Әдебиет пен тарихтан білетініміз, айдалған декабристердің жанұялары немесе сүйіктілері жан-жүректі шымырлататындай керемет бір сезім тудырады. Ерлері – каторгада, әйелдері – сол маңда немесе мыңдаған шақырым жерден жол азабына, өмір тозағына шыдап ерлерінің артынан келген. Келгенде ортақ баспанасы болмаса да, надзирательдердің қалт жібермес бақылауымен ілуде бір кездессе де, олар жанымен де, жүрегімен де бірге болды. Амалсыздан екі айырылып тұрса да, олардың отбасылық қатынастары, махаббаты үзілген жоқ. Бұл жағдайдан, менің ойымша, екі түрлі қорытындыға келуге болады. Біріншіден, осы күнге дейін талас тудырып жүрген «махаббат бар ма, әлде жоқ па?» - деген сұраққа жауап. Бар. Екіншіден, қазіргі жағдайда жастарымыздың әртүрлі себеп-салдарларды сылтау етіп ажырасып жатуы. Ұят-ақ.
2

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаншама ата-әкелеріміздің соғысқа кетуіне байланысты әже-аналарымыз олардың орнына жұмыс құралдарын қолына алып, күн-түн демей еңбек етті; артында қалған ұрпақтарын асырап, тәрбиеледі; ең кереметі, шаңырақтарының түтінін өшірмеді. Соғысқа кеткендерден қаншамасы мүгедек болып қайтты, қаншамасының үйіне бір жапырақ «қара қағаз» қайғылы хабарды жеткізді, қаншамасы тіпті, хабар-ошарсыз. Сонда артында қалған әже-аналарымыз «Кебенек киген келеді, сабыр түбі – сары алтын» - деп бүкіл өзінің қалған өмірлерінде сарғая күтумен, тәтті армандарына қолы жетпей, көз жұмды. Олардың өмірде көрмеген қиыншылықтары кемде-кем шығар. Сонда да олар мойымай асқан төзімділіктің үлгісін көрсетті, «нардың» жүгін көтерді, келешек өмір үшін күресті. Сөйте жүріп өздерінің жарларын күнделікті естерінен шығармады, ұдайы жүректерінде сақтады, олардың есімдерін қиналған сәтте рухани демеуші, сүйеніш етті, мәңгі жесір боп өмірлерін өткізсе де, шаңырақтарын шайқалтпады, түтіндерін өшірмеді. Осының бәрі, ол кісілердің, бір кезде өздері құрған ортақ тағдырларын сақтау борыш сезімі ме, ұлы махаббаттарының шапағаты ма? Әй, солай-ақ шығар. Ал біз ше? Ойланып көрелік.


3

Ел атағын ер шығарады,

Ер атағын жақсы ат,

Не жақсы жар шығарады.




Қарттық жайлы
1

Игі қарттық – адал, жүрек қалауы мен өмір сүрген жылдарыңның сыйы.


2

Қарттық туралы бірер сөз:

«Адам өзін-өзі қанша жыл жақсы сезінсе, оның жасы да сонша» - деген пікір бар. Сондықтан, қарттық – жасаған жалпы жасы емес, дене интеллектік және эмоциялық денсаулық күйі. Бұл кез – өнім жинайтын кез. Өмір майданында да белгілі бір реттілік пен режим бар. Жастық кезең бейне көктем кезі – жер жыртып, егін себетін, негізгі істер мен қарым-қатынастарды бастайтын, шуағына, нұрына бөленіп, осынау бал шырынды дәурен бояуы мәңгілік солмайды деп сенетін кез. Ал қарттық шақ – күз, бәрін: - қуаныш пен қорқынышты, мақтаныш пен торығуды араластырып жібереді, оның бояулары сарғылтым тартып, әдемілігі бір түрлі шамырқаңқы күйде болады. Көптен күткен өнім де көз алдымызда, оны жинау қуанышты да мұңды, ал кейде – ауыр азап. Әсіресе, қарттардың сырқатты болуы олардың жастық шақта жоғалтқан орны толмас оқиғалардан әлдеқайда ауыр. Жастық шақта адам жоғалтқандарының нарқын білмейді, аса ауыр сезінбейді, оны алдағы ұзақ өмірдің перспективасы сейілтіп жібереді. Ал бұл арада қарттардың сырқаттануы оларға өлімнің үңірейген түпсіз тереңінен бөліп тұрған тосқауылды алып тастағандай сезім туғызады. Сөйтіп, онымен бетпе-бет қалғандайсың. Қолдау, өзара түсінушілік болса – күш-қайратың артқандай, болмаса – ұнжырғаң түседі. Адам қажып, күтімді, оң қабақ сыйласымдылықты, демалысты, жайлы қуанышты аңсайды. Балалары мен немерелерінің, басқа да туыстарының, оларды қадірлейтіндердің бәрінің де адал ниетті көмегі, міне, осы тұста қажет. Қарттар ең алдымен өздеріне деген көңіл мен ілтипатты күтеді. Сонымен қоса тынымсыз өз жүрегінің тебіреністерін түсіне білушілікті қалайды. Олар үшін көңіл бөлу – жанға шипа, ілтипат білдіру мен сыпайыгершілік – ең жақсы сый.

Қарттардың жағдайын, олардың жасына байланысты психологиялық ерекшеліктерін түсінбеуден жас жанұяларда кейбір кикілжіңдер туып жатады. Қарттар да, балалар сияқты, әл-қауқарсыз бола тұра, жанұя істеріндегі шешуші пікір мен беделден айырылғысы келмейді. Бұл – о бастан-ақ қақтығысты жағдай. Бірақ көптеген кең пейіл, пайымды, мейірімді ұрпақтар бұл қиындықтан абыроймен шығып жүр. Осындай болуға әркім-ақ тырысуы қажет. Себебі, бұлай ету, кез-келген ұрпақтың ата-аналар алдындағы абзал борышы болған және де бола бермек. Бұл өмірдің философиялық кредосы.


3

Өмірдің көбі кетіп, азы қалды.


4

Алты күн аш қалсаң да атаңды сыйла.


5

Қарттықтың дауасы – көңілдің мазасы.


6

Қартайғанда адам не дана, не бала, не шала болады.


7

Бір қарт айтқан екен: «Асау ағыс кілт тоқтап, құлазыған далада жалғыз қалғандай, бейне бұрауы ұмыт қалған сағаттың тоқтағанындай көрінеді». Шынымен, көкорай көктеміміздің, жайқалған жазымыздың өтіп, сарғайған күзіміздің қытымыр қыспен қабаттасып бара жатқаны ма? О, дүние десейші! Тағдырдың маңдайға жазғанынан артыққа енді тәуекел жасай алмайтыныңды мойындағандайсың.


8

Бұрын, бала кезімізде жүгіріп жүруші едік ентігіп.

Енді, жас ұлғайған соң, отырамыз ауа жетпей ентігіп.
9

Өмірде бір ғана кеселдің емі жоқ, ол – кәрілік.

10

Тірлігіңде – өлімге әзірлік қыл.




Бақыт деген не?
1

Сенің жаныңды ұғып, қуанышың мен қайғыңды бірге бөлісетін, ізгі армандарың мен қам-қарекетіңе дем беретін, яғни сені әркез түсінетін, бағалайтын, сүйетін болса бақыт деген сол. Мұндай ортақтастық болу үшін әуелі өзіңді-өзің танып ал, сонда сен дүниенің кілтін ашасың. К.Маркстің: «Өзіңді-өзің тану – даналықтың бірінші шарты» - дейтін әділ сөзі бар.

2

Адам қолынан келетін және істеуге міндетті істі істей алатын болса, сол адам бақытты.



Леонардо да Винчидің пікірі.
3

Зер сала қарасақ, өмірде кездесетін сәтті жанұялардың қиындықтары бақытсыз жанұялардағыдан ешбір кем емес. Меніңше, бұл жанұялардың айырмашылығы – сырттан да, іштен де әсер ететін жайсыз жағдайларға қарсы тұра білуінде.

Кімде-кім кездескен қиыншылықтарды жеңе білсе, түптің түбінде, сол бақытты атанады. Және керісінше, өмір сынына төтеп бере алмаған, бақытсыздықпен күресуге жүрегі дауаламаған, қиыншылықты сылтау етіп мақсатынан бас тартқан жан бақытсыз болмақ.

Бақытың үшін күресе біл, төзе біл. Ол өз қолыңда.

4

Некедегі теңсіздік – алдын-ала егілген бақытсыздық дәні.



А.И.Герцен
5

Бақыт дегеніміз - алдыңа қойған мақсаттың орындалуы, көкейіңде жүрген әдемі сезімнің іске асуы.


6

Бақыт бағасын білгеннің ғана басында байыздап тұрақтайды.



Оқудың тәсілдері
1

Оқудың табысты, нәтижелі болмағы неден???



Ең әуелі – өз алдарыңа қандай мақсат қойғандарыңа және соған қандай жолмен жетпекші болғандыққа байланысты. Сірә, «Білімді беруге болмайды, бірақ оны алуға болады» - деп тегін айтылмаса керек. Сондықтан, ерік-жігеріңді аямай жұмсап, бар ынта-ықыласыңмен еңбек ету керек. Ал өмірде біз не көріп жүрміз?

Бірінші жағдай: біреу көбірек білсем, дүние мен өмір туралы мол әрі терең білсем екен деп оқиды. Мұндай адамға тән нәрсе – жан-жақты қызығушылық, жұмыстағы қажырлылық, материалды өз бетімен тәсілін тауып дербес орындаушылық.

Енді бір мотив: адамды талпындыратын – басқаның алдында білімпаз көрінсем дейтін намысқойлық құлшыныс. Бұл ретте оның білімі тек үстірт болуы мүмкін, интеллектік қабілеті шешек жармай, оның есесіне, ептілігі, кінәратты атаққұмарлығы жетілетін болады.

Үшінші мотив: тиісті міндетті атқару ретінде шын пейілді, бірақ ізденіссіз, құлшыныссыз оқу. Бұл тек қолына не алса, соны жақсы атқару дейтін мінез-құлық көрінісі ғана. Бұларды оқығаннан гөрі оқығанситындар деу дәлірек. Кемшілігі: бойыңдағы туа біткен қабілет атаулының бәрі өзің үшін де, айналаңдағылар үшін де ашылмастан қалды, әрі қарай да дамымады. Ал не нәрсе дамымаса – сол өледі, табиғат солай жаралған. Былай қарасаң, бейімділігі сенен төмен біреулердің үлгерімі де жақсырақ, істегені де тынымдырақ.

Мамандардың пікірінше, адамның көрсеткішке емес, тіпті пәнге де емес, дәл сол өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге күш салуы барынша жемісті болады екен. Бұл принцип оқуда ғана емес, кез-келген қызмет саласында да солай еткен пайдалы. Ілгері басу үшін ең алдымен өзіңе бақылау қойып, өзіңді-өзің қадағалауың керек. Нені істедің? – сәтті бақылау қойып, өзіңді-өзің қадғалауың керек. Ұдайы жетіле беру үшін осылайша талдау жасап отыру дағдысы, әркезде де өте қажет.


2

Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер

Конфуций

Қателіктерді, қиындықтарды жою туралы ой
1

«Ақылды адам дегеніміз – қателеспейтін адам емес. Ондай адамдар жоқ болуы да мүмкін. Ақылды адам дегеніміз – пәлендей мәнді емес қателер жіберіп, ол қателерді оңай, тез түзете білетін адам».

В.И.Ленин
2

Нағыз қателік – түзетілмеген қателік.

Кун-зы-Конфуций
3

«Өзін де, қарсыласын да жетік білгендер үнемі жеңіске жетеді; тек өзін ғана білгендер, бірде жеңіп, бірде жеңіледі, сөйтіп итжығыс түсіп жүреді; ал енді өзін де, қарсыласын да білмейтіндер ешқашанда жеңіске жетпейді» - депті.

Кун-зы-Конфуций


Немере жайлы
1

Халық арасында «немере өз балаңнан ыстық» - деген сөз бар. Бұл сөздің қаншама нақты өмірдегі дәлдігіне, туралығына немесе артық-кемдігіне бұрын мән бермеппіз. Кейіннен өзіміз де немерелі болған соң солай екендігіне көзіміз жетті. Байқасақ, немеремізді өзіміздің туған балаларымыздан басқашарақ, неғұрлым саналырақ, қалтықсыз және шын ниетімізбен жақсы көреді екенбіз. Неліктен? Ойлап көрсек, қартайған шақта адамның сәбиге мейірлене қарап күтуіңе, оның былдырын тыңдауыңа, сүйкімді қылықтарын тамашалауыңа, сәбиге ғана тән жұпар иісін иіскеуіңе, ұрпақтарың арқылы өміріңнің жалғасып ұзаратындығын сезінуіңе, бұрын қарбалас жұмыспен жүрген күндеріңнің абыр-сабырында көрмеген, өз балаларыңнан байқамаған қылықтарды ашуыңа уақытың, мүмкіншілігің, тәжірибең жеткілікті болады екен. Немереңнің де ата-әжесіне деген қызығушылығының, сезімінің, сенімінің бүкпесіздігі үлкендердің көңіліне сай құрылатындай, өйткені бала да өз әрекеті мен ойы кімге мәнді, кімге мәнсіз екенін жақсы білетін сияқты. Кішкене болса да өздерінше, өз әлінше олар да психолог-періштелер талдау жасайды, таңдау жасайды.


2

В 1996 г. 5 апреля вечером мы (Макен, Шайык и я) возвращались домой с Аягуза. Нас дома встречали сыновья Канат и Дархан. Как всегда, шустрый Дархан опережая своего старшего и более спокойного по нраву брата Каната объявил, что есть новость, а сам так и прыскал весь радостью и счастьем.

-Что у Вас, какие новости? – мы с Макешкой заинтересованно спрашивали у них, предчувствуя что-то приятное.

-Суюнши, суюнши! Мама, Папа, суюнши! – торжественным видом сообщили они хором.

-Не тяните, говорите же – с нетерпением сказали мы с Макешкой.

-Сперва скажите, что будет за суюнши – настаивал шустряк Дархан.

-Берите, что хотите, за радостную весть! – сказала мать, теряясь от радости.

-Сегодня звонил из Семей Асфандияр и сообщил, что вчера ночью родила Карлыгаш. Сказал, что роды прошли нормально, самочувствия Карлыгашки и малыша нормальные. Теперь у Вас внучка, а у нас сестренка есть. Давайте суюнши.

-У нас – внучка! Ох, какое счастье! Поздравляю Маке, теперь ты стала бабушкой. Да, теперь у нас первая внучка! – пело во мне все. Ребенок был самой заветной нашей мечтой. И вот несказанное мое счастье: Внучка! – который мы давно с нетерпением ждали, лелеяли у сердца, как заветную свою надежду, как чудо. И чудо снизошла к нам, опьянило душу хмелем неизъяснимого восторга. Это дивной радугой во все небо играло надо мной мое счастье. Как птица упивается утренней зарей, приветствуя ее чистой и звонкой песней, так радовался и я появлению ее на свет.

Для одних людей чудо – это драгоценный, искусно сработанный перстень, для других – цветущее поле, для третьих – удивительный по красоте дворец, для четвертых – быстроногий конь-аргымак и т.д. Да, тонко отточенный, сияющий камень на перстне достоин изумления. Восхитительно и цветущее поле, красивый дворец, а про аргымака говорит даже не стоит. И те и другие по своему правы. Все это прекрасно. Но главное чудо подлунного мира, мне кажется, не в этом. Чудо из чудес – это новорожденный Человек, ибо в каждом из нас с появлением на свет заложено непознанная великая тайна.

Мастер, шлифующий алмаз, знает, что выйдет из под его умелых рук. Горная долина расцветает каждой весной одними и теми же красками. Все это нам известно так же, как то, что утром снова взойдет солнце.

Только, не знаем мы одного: кто выйдет в будущем из новорожденного Человека. В этом глвное чудо всего живого на земле. В этом тайна и диво Человека. И это диво из див явилось ко мне в образе маленького пищащего красноватого комочка. Она чмокает губами, морщит пуговку – нос и глядит. Да, да глядит на меня черными горошинами глаз. И осмысленно глядит. Будто силится что-то сказать. А может, пытается понять, кто я такой и что это все, что окружает ее, тихо смежила глаза в колыбели. Безмятежное существо. Ах ты, чудо, мое чудо – Дарюшка!

Каким же ты завтра вырастишь? Кем же будешь? Какой высоты достигнешь? Угадать мне сейчас трудно. Это все покажет жизнь. Но как хочеться мне, что бы ты была благоразумной и чистой душой, как хрустальная родниковая вода. А коли будешь благоразумным, то станешь и уважаемым людьми человеком. Пускай небо синее и земля – мать наполняют твою душу радостью и счастьем. Мирного неба тебе, моя крошка – свет.

05.10.1996 г



Мода туралы
Мода туралы бірер сөз

Бар жерді, барлық адамды дүрліктірген бұл не пәле, нендей сиқыршы, қандай қаскөй, көз бояушы?

Дәстүрдің әрқашанда болмыстық тұрақтылығын, ата-бабалар жасап, ұрпақтарына беріп келген өмір салтының, талғамдар мен әдеттердің қайталануын табиғи қажетсінудің қанағаттандырылуы секілді, мода да адамның жаңаға, өзгерістерге деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырудан басқа ештеңе емес. Еліктеу рефлексі тудырған нәрселер. Негізінде, моданың өзі қорқынышты емес, оның ес тоқтатпаған жандарды еліктіргіш әсері қауіпті. Түрлі кезеңде әдемілік, мінсіздік эталоны болып жарияланған «ең соңғы мода» киімдері көз жасын көл етуге, қызғаныш пен күйініш азабын тартуға тұра ма? Бағалап көрсек, барлық айырмашылық: кеңдеу-тарлау, ұзындау-қысқалау, қиғаш-түзу, алабажақ-біркелкі дегендерде ғана. Адам ақыл-ойының өзін-өзі алдауы қайран қаларлық емес пе? Сонда біз неткен құбылмалы жандармыз. Мұның өзі тіпті ренішті-ақ.

Дүние-мүлік жинау
1

Жеке адамның немесе жанұя мүшелерінің өмір сүруіне, дене және рухани жағынан жетілуіне заттардың, дүние-мүліктің кедергі жасауы да немесе көмегін тигізуі де мүмкін. Адамның дене және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға жәрдемдесетін заттар болса, онда олар осы мақсаттарға пайдаланылғанда ғана орынды заттар болып саналады. Ал олар сөрелерді, қабырғаларды аузы-мұрнынан шығара толтырып, өз иелерінің атаққұмарлық намысын ғана тойындырса, адамды жетілдіруге емес, оның пасық құштарлығын өршітуге жәрдемдессе, онда бұлар орынсыз заттар. Орынды және орынсыз дүние-мүліктің, зат-жиһаздың болуы немесе болмауына негізгі себепкер адамның өзі, яғни сол заттардың иелерінің өзі.



Тамақтанудың тағылымдары
1

Тамақтану туралы негізгі тағылымдар:

Жалпы алғанда, адамға және оның айналасына нұқсан келтіретін әсіре құмарлықтың барлық көріністері, негізінде, жат нәрселер. Негізінде, алкаголь, никотин, есірткілер екі жақты құндылыққа ие. Олар медициналық мақсаттарға қолданғанда – игілік, ал тұрмыста қолданғанда – орасан жамандық. Тіпті, қант пен тұз, нан мен ет, май мен бал, көкөністер мен жемістер секілді өнімдердің қай-қайсысының да осындай екі жағы бар. Олар қайсібір жағдайда зиянды болып шығады. Соңғы уақытта қант пен тұзға «ақ тажал» - деген ат тағылды. Бірақ олар күннен, жел мен судан асқан тажал емес. Сонымен бірге, бұлардың да адам өмірі үшін пайдасы ұшан-теңіз. Мәселе – мөлшерде. Рабайсыздық – өлтіреді, шама – өмір сүргізеді. Ал шамасын білу әркімнің өз басының жеке-даралық ісі.

Көптеген мәселелер тамақтың, азық-түліктің алуан түрлілігінде, аз-көптігі мен оларды ішу жиілігінде болса керек. Белгілі бір затты алуға және пайдалануға қаншама тән мен жанның қуаты кетеді және ол бұл шығынның орнын немен толтырады – міне бұл әлгі затқа деген қатынасыңның критериі.

Жалпы алғанда, дастархан басынан тұрғанда аса шектен тыс тойыңқырамағаныңды сезіну – материалдық та, рухани да қоректенудегі ең жақсы шара. Еріктен тыс кез-келген саладағы артық тойыну да амалсыз аштық, зорлықты тақуалық сияқты кеселді нәрсе.
2

Дүниеде көбірек тұрғың келсе – өзіңді-өзің бапта, кеткің келсе – былапытта.


Той жасау толғаныстары
1

Той – тәрбие мектебі. Өйткені той-тамашада талай жез таңдай, күміс көмей шешендер, білімдарлар, көпті көрген көне көздер, ел ардақтылары ой-толғаныстарын ортаға салады, тағылым ұсынады. Кейде кітаптан таба алмайтын ой-пікірлеріңді, адамгершілік ғибратын бір той үстінде естіп-білуің, көкейіңе қондыруың ғажап емес. Сөйлегендер егеді, тыңдағандар орады.

Той – адам тану мектебі, адам еңбегін қастерлеу мектебі. Тойға неғұрлым қонақты көп шақыру мақсат емес. Қонақ санын етене жақын туыс-тумалармен, қимас дос-жарандармен, құда-құдағилармен, еңбектес сыйластармен шекетесе де жеткілікті болмақ.

Тойдың сәтті-сәтсіз өтуі, ең алдымен асабаға байланысты. Асабалыққа аса абыройлы азамат, ел алдында беделді, жүздеген жанды ауа жайылдырмай уысында ұстай алатын шебер ұйымдастырғыш, бүгінгі заман ұғымындағы білімдар, моральдық тұрғыдан кіршіксіз таза замандас, өнерлі кісі таңдалып алынса абзал.

Асабалық – аса ардақты адамға бұйырар сый, әрі сенім. Асабалыққа қолы жеткендер ел-жұрттың сол сенімін де, сый құрметін де бағалай білуі қажет. Сондықтан асабада кезекті тойды басқаруға мұқият дайындалуы шарт. Көкейіндегі ойды көрікті сөзбен жұп-жұмыр етіп жеткізе білу – асабаға да, басқа сөйлеушілерге де – сын. Басқалардың қымбат уақытына қиянат жасамау да – мәдениеттілік. Асаба алдын ала сөз беру ретін анықтап, ара-тұра айтар әңгіме, күлдіргі-сықақ, мақал-мәтелдерді де ойластырып, сөйлеушілерге берілер қысқаша азаматтық сипаттамаларды да дайындағаны жөн. Орайлы сөздерді оқыста тауып отырғандай әсер қалдыратын асабалар абұйырлы болмақ. Алдында жазылғанға анда-санда көз қиығын тастап қоюдың өрескелдігі жоқ. Осының бәрі қобыратпай, жамыратпай, көптің тойын жинақы басқарудың алғы шарттары.

Тойға келгендер түгел сөйлеуі шарт емес. Оған мүмкіншілік те бола бермес – біріншіден. Екіншіден, сөз тиетін сыйлылардың бәрі бірдей алдымен сөйлей алмайды. Бұл турасындағы негізгі қағида: «бұрын сөйлеген ұтпайды, мығым сөйлеген ұтады». Сондықтан, сөйлеуші айтарын айшықтап жеткізгені абзал. Алдыңғы сөйлеушілерді қайталама, қайталанған сөз – қадірсіз сөз. Ойлы, тапқыр пікір күлдіргі детальдармен өріліп келсе – жетістік. Демек, тауып сөйлеуің керек, әсерлі сөйлеудің керек екенін күні бұрын толғап, тойға ойланып баруың шарт екен. Бұлай болмаған жағдайда, тойдың тағылымдық салмағын бәсеңдеткенің, тәрбиелік ықпалын әлсіреткенің. Ендеше, тойға жай ішіп-жеушілердің бірі болып келмей, жақсы да келісті пікірді қалыптастырушылардың бірі болып келгеніңді ұмытпа. Той иелерінің – яғни осы әулеттің үлкендерінің – еңбеккер жандарының ел дәулетіне, ел тірлігіне қосқан үлестерін, сіңірген еңбектерін, жақсы-жағымды қылықтарын көпшіліктің көзінше тоқталып атау – жасамыстар үшін – мархабат, жастар үшін – ғибрат.

Той – тәрбие мектебі. Әр тойдан көңілдерге із қалады. Ол іздер – ізгілік, жақсылық іздері болуға тиіс. Тек, артыңда кірлі іздер, мұңды іздер қалмасын деңіз.

Адам сезімін оятып, ақыл, сана, түйсік көздерін аша білетін небір жан тебіренерлік сөздер халқымыздың рухани қазынасында мол. Солардың біразын қонақтарға таныстырып, табыстырса, асабаның да мерейі аса түспек.


2

Тойдың мақсаты елді керістіру емес, қонақтардың көңіл-күйін келістіру.


3

Кей тойға шаршап келсең де, шаттанып қайтасың. Кей тойға шаттанып келсең де, шаршап қайтасың.


4

Ақылды музыкант - жайлы әуенмен елді дем алдырады. Ақымақ музыкант - даңғаза дырылдақпен тозақта қалдырады.



Әдет, дағды, мінез
1

«Төс болғаныңда төзіп бақ, балға болғаныңда соғып бақ» - деген екен француз жазушысы Р.Роллан.


2

Кез келген бастама мен істің табысты болуының, бақыттың аса маңызды шарты: тікелей өнегелерді ізденуден жалықпау – біріншіден, екіншіден – ойлаған, атқарар ісіңнің басында оның айқын мақсаты мен іс жоспары болуы және соған лайықты істі орындау амалдарын, тәсілдерін таңдай білуің қажет.

Грек философы Аристотельдің пікірі.

3

Жақсы әдет – жақсылыққа бастайтын періште.



Ағылшынның ұлы драматургі

В.Шекспир (1644-1716).


4

Жақсы әдет өсімге берген ақша, адам өмір бойы соның өсімін пайдаланады. Жаман әдет – борыш, адам өмір бойы сол борыштың кесірінен азап шегеді.

Орыстың педагогі Д.Ушинский (1824-1870).
5

Қалыптасқан жақсы дағды мен әдет адамның тұрмыс-тіршілігін жеңілдетеді. Оны бойға дарыту үшін алға қойған тоқтам, мақсаттан еш шегінбей, жүйелі түрде жұмыс жүргізу, әсіресе, осы қағиданы жарамсыз әдеттерден арылу үшін бұлжытпай қолдану қажет.

Күшті ерік-жігері бар адам табандылық көрсетіп бойындағы қолайсыз әдеттерден арыла алады. Мінез-құлқын түзеп, оған ие бола алған адам ұнамды әдеттерді дамытуға да шамасы жетеді.
6

Ілім-білімін бірінің үстінен бірі арыз жазуға, ақыл-айласын қандасын құлатуға қолданған, қыранын тұмшалап тұғырға тұрғызып, қарғасын қарқылдатқан қайран қазақтың қара мінез-қылығы-ай.


7

Дос – жаманшылықта, батыр – шайқаста, әйел – кедейлікте, адал қарызын қайтаруда, туған-туыс – кемтарлықта танылады.

Үнді мақалы
8

Қарақшы болып аңдысқаннан гөрі, қарашы болып әркім қолынан келетін іске жұмылғаны артық.


9

Қанмен дарығанды қасиеттемесең, қадірлемесең – жоғалтасың. Өнер де тәрбиені сүйеді. Оқи жүрмесең, оқығаныңды тоқи жүрмесең ұтыласың.


10

Сұлулыққа сұқтанбас, одан ләззат алуға ұмтылмас, тірі пенде табылмас.


11

Қолы ұзын кісінің қоразы жұмыртқа тауып тұрғанда не айтса да періште аумин дер. Дұрысы да дұрыс, бұрысы да дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет