Бақылау жұмысының қорытындысы б-2-19 тобында ІІ жартыжылдықта «Қазақ тілі»



Дата26.08.2020
өлшемі16,32 Kb.
#77004
түріБағдарламасы
Байланысты:
Бақылау жұмысының қорытындысы Б2-19 т.


Бақылау жұмысының қорытындысы

Б-2-19 тобында ІІ жартыжылдықта «Қазақ тілі» пәнінен бақылау жұмысы алынды. Бақылау жұмысы 12 нұсқадан тұрады. Әр студентке арнайы нұсқалар жасалынды. Әр нұсқа бес жаттығу жұмысынан құралған. Жаттығу жұмыстары лексикалық-грамматикалық түрде жасалынды. Студенттер бақылау жұмысын өзіндік жұмыс ретінде орындайды. Бақылау жұмысының сұрақтары оқу бағдарламасында берілген тақырыптардың барлығын қамтиды. Бақылау жұмысын жазу барысында студенттер өз білімін тереңдетеді. Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау; семестр бойынша алған білімдерін анықтап, бақылау, қорытындылау.

Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:

- студенттердің ағымдағы үлгерімін тексеру;

- топ студенттерінің дайындығын анықтау;

«Қазақ тілі» пәнінен бақылау жұмысында  жазылым,  лексико-грамматикалық және  оқылым бөлімдері және жаттығу жұмыстары лексикалық-грамматикалық, фонетикалық салаларды қамтыды. Тіл білімінің фонетика саласы бойынша сөздегі дыбыстарға талдау жұмысы берілді. Лексика тарауы бойынша сөз мағыналары, сөздік қор, омомним, антоним, синоним, сөздің тура және ауыспалы мағыналарынан жаттығу жұмыстары қамтылды. Грамматика тарауы бойынша сөздік құрамдарға талдау жұмыстары болды, сөз таптарынан жаттығу жұмыстары, синтаксис саласы бойынша сөз тіркестері, сөйлем, оның құрамы, жай сөйлемнің мағынасына, құрамына қарай түрлері, сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері, сөйлемнің бірыңғай мүшелері де қамтылды. Әр студент өз білім дәрежелерін, бақылау жұмысының сұрақтары арқылы өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендігін көрсетті.

Бақылау жұмысын орындау барысында студенттер қазақ тілі пәнінен өтілген материалдарды қаншалықты түсініп меңгергендерін байқатты. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында, соның ішінде талдау жұмысын орындау кезінде қателіктер жіберілген.

Бақылау жұмысының қорытындысы бойынша мына төмендегідей нәтижені көрсетті.


Б-2-19 тобы Барлығы: 12 студент

«5» - 7 студент Жалпы үлгерім: 100 %

«4» - 2 студент Білім сапасы: 75%

«3» - 3 студент Орта ұпай: 4,3%



Пән оқытушысы: А.М.Сейдуалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет